• RU
Вторник, 20 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жобаға қатысқан жастардың 60 пайызы тұрақты жұмысқа орналасуда

Жастар арасындағы жұмыссыздық – бүгінгі қоғамда өзектілігін жоймаған мәселе. Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастарды әлемнің кез-келген елінен табуға болады.

by Jasyn
09/09/2024
in • Жастар саясаты
0
Жобаға қатысқан жастардың 60 пайызы тұрақты жұмысқа орналасуда
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жалпы алғанда ресми статистика деректеріне сүйенсек, Қазақстандағы жұмыссыздық жағдайы – өзге посткеңестік мемлекеттерге және алыс шетелдерге қарағанда салыстырмалы түрде жақсарып келе жатқаны рас. Соңғы 5 жылда еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 4,8-5,2% деңгейінде тоқтаған. Сондықтан жұмыссыздықты жою бағытында атқарылып жатқан шаралар өз нәтижесін беріп жатыр деп айта аламыз.

Мысалы, қарт Қаратаудың етегін жайлаған Кентау қаласында жастарды жұмыспен қамту жұмыстары ширап келеді. Шаһарда түрлі мемлекеттік бағдарламалардың аясында жұмыспен қамтылып, нәпақасын арттырған жастардың қатары көп. Сала мамандары бұл бағытта елге шапағатын тигізіп отырған шараларды жиі ұйымдастырып келеді. Айталық жақында  Кентау қалалық «Мансап» орталығында «Amanat» партиясы Кентау қалалық филиалымен бірлескен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге «Amanat» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы А.Басаров қатысып, «Ащысай Су» МКК, «Жасыл қала» МКМ, Кентау көпсалалы колледж, жеке кәсіпкер «Барыс Консалтинг», «Медцентр Кентау» ЖШС сынды кәсіпорындар өкілдері бос жұмыс орындарын ұсынды.

Шараға қатысқан 7 жұмыс беруші 37 тұрақты жұмыс орындарын ұсынды. Іс-шара нәтижесінде «Жастар практикасы» жобасымен 6 жас маман, «Алғашқы жұмыс орыны» жобасымен 1 адам, қоғамдық жұмыс жобасымен 1 адам жұмысқа жолданды.

Мамандардың дерегінше, Кентау қаласы бойынша жыл басынан бері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 2270 адам қамтылған. Нақтырақ айтқанда, субсидияланатын жұмыс орындарына 981 адам орналастырылған,  оның ішінде қоғамдық жұмысқа 567 адам жолданды.
Ағымдағы жылы қоғамдық жұмыспен Кентау қалалық орталық кітапханаға жұмысқа жолданған Сәуле Қадырбаева қазіргі жұмысына дән риза екендігін жасырмады. II топтағы  мүмкіндігі шектеулі жан ­­– Сәуле қыз  тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана. Осы орайда, кітапхана қызметкері денсаулығын ескеріп, кітапханаға жұмысқа жолдаған «Мансап» орталығы қызметкерлерін білікті де өз жұмысын жақсы білетін мамандар екендігін атап өтті.

Қалада «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасының игілігін көріп отырған жандар да жеткілікті. Осы ұлттық жоба бойынша ағымдағы жылы өтінім беріп, қарамағында «Мансап» орталығы арқылы жұмысқа жолданған 6 адамды жұмыспен қамтып отырған «Бунед» шаруа қожалығы бау-бақша шаруашылығымен айналысады. Алманың 15 түрі, өріктің 4 түрі өсетін  аталған қожалықтың бақшасында өнім жинау мезгілінде 14 тоннадай жеміс жиналады. Осы өнімдерді теру жұмыстарына, бау-бақшаның басқа да қызметтерін жасауға жұмыс күші әжептеуір керек болғандықтан, кәсіпкер Кентау «Мансап» орталығынына жүгінген. Айта кетейік,  «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасына барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар, салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатыса алады.

Сондай-ақ жауапты мамандардың мәліметінше, Кентау қаласында «Жастар практикасы» жобасы аясында жыл басынан бері 400-ден астам  жас маман жұмыспен қамтылған. Ал, «2024-2029 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасын кентаулық жастар тиімді пайдалануда. Мемлекеттік бағдарламаның жемісін көрген қала жастарының бірі – Арман Әліқұл. Ол қазіргі таңда қалалық «Дента Люкс» тіс емханасында жастарға жанашыр болған бағдарлама аясында жұмыс істеуде. Жиырма жеті жастағы қала тұрғыны А. Иасауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі «Стоматология» факультетіне оқуға түсіп, тіс дәрігері мамандығын бітіріп шыққан. Оқу бітірген соң, бірден жұмыс таба алмай,  қалалық «Мансап» орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген. «Жастар ресурстық орталығында «Мансап» орталығының ұйымдастырумен бос орындар жәрмеңкесі өтті. Сол жерге барып, өз мамандығым бойынша жұмыс таптым. Негізі жұмыс табылмайды, не болмаса жұмысқа орналасу қиын деген жәй ғана сылтау. Әйтпесе білімді жас маманға әрдайым мүмкіндік бар. Тек көп жерде жұмыс тәжірибесі болғанын қалайды. Ал оқуды жаңа бітірген жас маманда тәжірибе қайдан болсын», – деген Арман  жұмыссыздарға үміт сыйлайтын жәрмеңкеде  көбіне медицина және өзге де мамандарға сұраныс жақсы екенін айтады.

Жас маман «Жастар практикасы» жобасы жайында аға буын өкілдерінен естіпті. Сөйтіп, олардың сөзіне құлақ асып, жәрмеңкеге қатысқан. «Өзім оқуға түскелі жастар арасындағы әртүрлі сайыстарға қатысып белсенді болып, түрлі шараларды ұйымдастырып жүрдім. Өзімнің жүрек қалауыммен таңдаған мамандығым бойынша  жанымды салып жұмыс істеуге дайынмын. Бұл мүмкіндікті берген жобаға алғысым шексіз.  Алдағы мақсатым – маман ретінде өзімді жетілдіріп, біліктілігімді арттыру», – дейді ол. Қарапайым отбасынан шыққан Арман Кентау қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №12 мектепті бітірген. Өзі бала кезінен елге қызмет етіп, туған жерінің әлеуметтік — экономикалық дамуына атсалысуды армандаған.

«Жастар практикасы» жобасының мақсаты ­– ең алдымен кәсіби тәжірибе жинау. Содан кейін, өзін көрсету арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу. «Алдағы уақытта бойымдағы жауапкершілік пен іскерлігімнің арқасында тұрақты жұмысқа орналассам деген жоспарым бар. Тәжірибе барысында терапия, ортопедия, хирургия сынды медициналық қызметтерді үйреніп жатырмын. Тәжірибелі тіс дәрігерлерінің қасында тіс қатарын қалпына келтірудің әдістері мен технологияларын меңгерудемін», –дейді жас маман. Атқарған жұмысы өзіне ұнап жатқанын тілге тиек еткен кейіпкеріміз бұл мамандықты таңдауда себепкер болған анасына ризашылығын білдірді.

«Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Бағдарламаға 35 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады. Аталған бағдарламаға тек бір рет қатысуға болады. Кентауда жыл соңына дейін бұл бағыт бойынша 350 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Сала мамандарының айтуынша, осы кезге дейін қалалық «Мансап» орталығы арқылы 80-нен жас маман жұмысқа орналасқан.

Жалпы «Жастар практикасы» жобасы аясында жастардың еңбекақы мөлшері 30 АЕК құрайды. Жұмыспен қамту мерзімі – 12 ай. Кәсіби біліктілігін шыңдаған жастар көп жағдайда жұмыс берушінің ұсынысына қарай еңбек жолын сол мекемеде әрі қарай жалғастыруы мүмкін. Жобаға қатысуға ниетті жастар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша Кентау қаласының «Мансап» орталықтарына жүгіне алады. «Жастар практикасы» жобасына қатысқан жастардың 60 пайызға жуығы тұрақты жұмысқа орналасуда.

Фото: Кентау Қаласының Әкімдігі

 

Tags: «Әлеуметтік жұмыс орындары» жобасы«Жастар практикасы» жобасы«Кедергісіз келешек» партиялық жобасыЖастар арасындағы жұмыссыздықжұмыс орындары жәрмеңкесіКентау Түркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жастарымыз отаншыл, білімпаз, еңбекқор болуы қажет

Жастарымыз отаншыл, білімпаз, еңбекқор болуы қажет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Арнаулы салық режимдерін 2023 жылдан бастап кімнің қолдануға құқығы жоқ?

Арнаулы салық режимдерін 2023 жылдан бастап кімнің қолдануға құқығы жоқ?

2 года ago
Алтай Көлгінов вакцина алатындар арасында ұтысқа 2 бөлмелі пәтер тікті

Алтай Көлгінов вакцина алатындар арасында ұтысқа 2 бөлмелі пәтер тікті

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In