Қайрат Абдуллаұлы 44 жаста. Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылында туған.
Екі жоғары білімі бар: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы бастады. Осы жылдар ішінде бизнесте, түрлі мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеді.
2009-2013 жылдары Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары, 2015-2018 жылдары Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі қызметін атқарған.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «НАНОТС» КЕАҚ активтерді басқару департаментінің директоры болды.
Үйленген, 4 баласы бар.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Әбсаттаровтың Жезқазған қаласының әкімі қызметінен кеткені белгілі болған.