• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Жетісай ауданына жаңа әкім тағайындалды

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Жетісай ауданына жаңа әкім тағайындалды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Жетісай ауданына жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, ротация тәртібімен Жетісай ауданының әкімі лауазымына ұсынылған Мұрат Болатұлы Қадырбектің кандидатурасын аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ауданды үш жыл басқарған Жамантай Бейсенбаевты құрметпен зейнет демалысына шығарып салып, ауданның өсіп-өркендеуіне, халықтың әл-ауқатының артуына аянбай еңбек еткені үшін алғысын айтты.

«Жетісай ауданы ерекше аудан. Ең ірі аудан. Осы ауданның дамуына үлкен үлес қосып, көптеген жаңа бастамаларға мұрындық болған Жамантай Қанайұлын құрмет демалысына шығарып сала отырып, адал атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреміз. Жаңа басшыға маңызды міндеттер жүктеліп отыр. Арыс апаты кезінде өзін іскер, батыл басшы екенін көрсетті. Алда атқарылар істер көп.

Жаңа өндіріс орындарын ашуды, аудан тұрғындарын жұмыспен қамту әрі қарай жүзеге асыру қажет. Ауыл шаруашылығын озық технологиялармен жабдықтап, инвестиция тарту керек. Қоғамдық және құқықтық тәртіпті сақтай отырып, аудан тұрғындарына барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырамын», – деді облыс әкімі.

2018 жылы жаңадан құрылған Жетісай ауданын басқарып келген Жамантай Бейсенбаев аудан активінің алдында сөз алды. Ауданның даму көрсеткіштеріне тоқталып, ризашылығын білдірді.

Жаңа әкімді аудан активіне арнайы таныстырған Өмірзақ Естайұлы оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді.
Облыс әкімі ауданның жаңа басшысының алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеп отыр. Мұрат Қадырбек өзіне сенім артқан барша азаматтарға алғыс айтып, Жетісай ауданының дамуы мен өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.
Айта кетейік, Мұрат Болатұлы 1980 жылы Шардара ауданында туған. Білімі жоғары, заңгер, құқықтану магистрі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының прокуратурасының бөлім прокуроры лауазымында бастаған. 2004-2008 жылдары Қазыбек би ауданы прокурорының көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысы № 2 Тарбағатай аудандық сотының судьясы лауазымдарын атқарған. 2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде бюджеттік жоспарлау, қаржы-экономикалық қамтамасыз ету және мемлекеттік активтерді басқару, экономика және қаржы департаментттері директорының орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары ретінде еңбек еткен. 2011-2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысы бойынша департаменттері басшысы – тәртіптік кеңес төрағасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы – әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымдарын атқарған. 2016 жылдан бері Арыс қаласының әкімі қызметін атқарды.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Келес ауданында қызанақ пісіп жатыр

Келес ауданында қызанақ пісіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

4 года ago
«Мәйітті тану мүмкін емес»: Атырауда өртеніп кеткен үш баланың туыстары оқиға туралы айтып берді

«Мәйітті тану мүмкін емес»: Атырауда өртеніп кеткен үш баланың туыстары оқиға туралы айтып берді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In