• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Без рубрики

«Жеті жылдан бері арбада отыр»: Нұрлан Абдуллин әйелінің сырқат екенін айтты

by Jasyn
06/03/2024
in Без рубрики
0
«Жеті жылдан бері арбада отыр»: Нұрлан Абдуллин әйелінің сырқат екенін айтты
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Абдуллин журналист Тимур Балымбетовке сұхбат беріп, өз өміріндегі көпшілік білмейтін құпияларымен бөлісті. Әнші өмір және өнер жолындағы қиындықтар мен қызықтарды айта келе, ата-анасының тәрбиесіне, өмірлік мектебіне және жиырма жылдан бері сырқаттанып, соңғы жеті жылда арбаға таңылған жарына қатысты мәселелерге тоқталды.

«Ата-анам маған риза болып кетті. Әкем де, анам да уақыты келгенде маған өкпелері жоқ екенін айтты. Өйткені, мен өмірімде бірде-бір рет оларға жоқ деп айтпағам. Кейде жастықпен артық кетіп жатсам, әкем үнемі сабама түсіріп отырды. Қазір менің де балаларым бетіме келмейді. Оларға әке ретінде барымды бердім дей аламын. Әрине, әлі де балаларымды уайымдаймын. Десе де, қиындыққа төтеп беру, шыдам секілді нәрселер маған ата-анамның тәрбиесімен келді. Әр жыл сайын 9 мамырда міндетті түрде ата-анамның басына барып құран оқытамын. Бұл күні қандай шаруа күтіп тұрса да, кейінге қалдырып, әкем мен анама дұға бағыштаймын», — дейді әнші.

Сондай-ақ, Нұрлан Абдуллин жұбайының денсаулығына қатысты мәліметтермен де бөлісті. «Жұбайымның ауырғанына да жиырма жылға жуықтап қалды. Соңғы жеті жылдан бері арбада отыр. Әрине, өте қиын. Ол да анам секілді талай ауруханада жатып шықты. Көзінің түбі ауырады. Бұлшықеттері бағынбайды. Бірақ қандай қиын сәтте де берілген емес. Мұның бәрі сынақ. Бұл өмірде көп сыналған адам бақилық болғанда қиыншылықты аз көретін шығар. Әйелім алғаш ауырғанда Таиландта едік. Елге алып келдім, шетелдегі ауруханаларға көрсеттім.

Сол кездері менің сарайда шығармашылық концертім өткелі жатқан. Бәрі қабаттасып кетті де, концертті өткізуден бас тартпақ болдым. Ауырып жатқан әйелімнің қасынан кеткім келмеді. Бірақ Нағима мұнымды құптаған жоқ. «Сен менің адамым емессің. Сен халықтың адамысың» деді. Міне, осынша жылдан бері сырқатпен күресіп келеміз. Бұлшықеттері қозғалмаған соң таңертең тұру, жуыну, отыру, тамақ ішу, бәрі де оңай емес. Тамақты қасықпен берем.

Үй шаруаларын да істей берем. Кейде үйге келген достарымыз қалжыңдап: «Халық әртісі де ыдыс жуа ма» дейтіні бар. Неге жумасқа? Мұның бәрін маған анам үйретіп кеткен. Әкем директор, анам балабақша меңгерушісі болды. Таң азанымен жұмысқа кетіп, түнде бір келетін. Сол аралықта екі қарындасымның шашын өру де, үйдің жұмысы да маған қалатын. Сондықтан, мен үй тірлігін жасаудан да қашпаймын», — деді Абдуллин.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Мамандар: Күзде жұмыртқа бағасы шарықтауы мүмкін

Мамандар: Күзде жұмыртқа бағасы шарықтауы мүмкін

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Елімізде 1 қаңтардан бастап не өзгереді

Елімізде 1 қаңтардан бастап не өзгереді

3 года ago
Қазығұрттық жастар жүлдесіз қалған емес

Қазығұрттық жастар жүлдесіз қалған емес

6 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In