Осы ретте, жобаларды пысықтау мақсатында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне арнайы барып, елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын аралап, арнайы жаяу аралады. Аудан басшысы аталған жобалардың сапасы мен уақытында аяқталуына, сондай-ақ абаттандыру талаптарының толық сақталуына баса назар аударды.Сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Қапланбек ауылдық округіне қарасты Сіргелі елді мекенінің Қызқұдық, Ескұлов және Д.Спанов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған. Қазіргі таңда, науаларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Жобаға сәйкес аталған көше жарық шамдарын орнату және жаңбыр суын ағызатын науаларды орнату да қарастырылған.
Ауылдық округке қарасты Ақниет елді мекенінде салынған ашық футбол алаңы мен workout спорт алаңының құрылыс жұмыстарын мердігер – «Bairkum Company» ЖШС-і тарапынан жүргізілген. Құрылыс жұмыстары жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылды.Тапсырыс беруші – «Қапланбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Сондай-ақ, Зах елді мекенінде де спорт және балалар ойын алаңының құрылысы жергілікті бюджет есебінен жүргізілді. Тапсырыс беруші – «Қапланбек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қала тұрғындарының өтінішіне сәйкес, Сарыағаш қаласындағы абаттандыру және инфрақұрылым мәселелеріне байланысты бірқатар аумақтарды жаяу аралады. Жауапты сала басшыларына сын-ескертпелер айтты. Қала аумағындағы өзекті инфрақұрылымдық мәселелер бойынша нақты шаралар қолға алынуда. Тиісті тапсырмалар мерзіммен жүктелді.
Сарыағаш қаласының Бәйтерек көшесі бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында егілген жасыл көшеттерді суару мақсатында ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қарасты «Сарыағаш-Тұрмыс» мекемесі тарапынан суғару жүйелері тартылған. Бұл жұмыстар аудан әкімінің тапсырмасы бойынша қала тұрғындарының өтінішіне сәйкес жүзеге асырылған. Аудан әкімі аталған аумақтағы айыилған кемшіліктерді 1 апта ішінде қалпына келтіру жөнінде жауапты сала басшыларына нақты тапсырма берді.
Сонымен қатар, Сарыағаш қаласындағы Тоқаев көшесінде орналасқан көпірге қатысты да тиісті шешім қабылданды. Аудан әкімі көлік құралдары мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көпірдің екі жағына қоршау орнату бойынша Сарыағаш қаласы әкімінің аппаратына нақты тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аудан аумағындағы ауыз су құрылысы мәселесіне арналған техникалық кеңес отырысы өтті. Жиынға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Жәнібек Сүлейменов, аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байгабулов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Самат Қарақұлов, техникалық және авторлық қадағалаушы мекеме, күтіп-ұстаушы мекеме мен құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілдері қатысты.
Кеңес барысында Сарыағаш қаласына қарасты Самал-3 шағын ауданындағы ауыз су инфрақұрылымын тарту жобасының жүзеге асу барысы кеңінен талқыланды. Нақтырақ айтқанда, техникалық талаптардың сақталуы, құрылыс сапасы қатысты мәселелер қаралды.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев кеңес қатысушыларына нақты тапсырмалар беріп, құрылыс жұмыстарының жоғары сапада әрі белгіленген мерзімде аяқталуының маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, жобаның барлық кезеңінде техникалық бақылау мен мониторингті күшейту қажеттігі тапсырылды.
– Халықты сапалы ауыз сумен қамту – басты басымдықтың бірі. Бұл бағыттағы жобалардың жүзеге асуы тікелей бақылауда болады. Мердігерлер мен жауапты мамандардан нәтижелі әрі сапалы жұмыс күтеміз, – деді аудан басшысы.
Айта кетсек, Самал-3 шағын ауданын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатындағы құрылыс жұмыстары 2025 жылдың шілде айында басталған.
Фото: Ernur.kz