• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Экономика

Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы аяқталды

by Jasyn
06/03/2024
in Экономика
0
Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы аяқталды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.

Санитарлық талаптарға байланысты іс-шараға тек комиссия мүшелері қатысты. Олардың қатарында Агробизнестің, фермерлер қауымдастықтары мен бірлестіктерінің, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, АӨК мәселелеріне жетекшілік ететін өңір әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, журналистер мен блогерлер қатысты.

Мәжіліс залына 30 адам жиналды. Комиссияның басқа 44 мүшесі бейнеконференция арқылы қатысты.

Карантиндік шектеулерге қарамастан, қатысушылардың барлығына сөз берілді.  Ұйымдастырушылар барынша комиссия жұмысының ашық өтуін қамтамасыз етті.

Жер реформасы мәселесіне бей-жай қарамайтын барлық қазақстандықтарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты мен фэйсбук парақшасы арқылы онлайн-трансляцияға қосылып, комиссия отырысын көруге мүмкіндік жасалды.

Сонымен қатар, республикалық «Хабар24» телеарнасы тікелей эфир ұйымдастырды.

Бірінші отырысты ашқан Жер реформасы жөніндегі комиссияның төрағасы, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов биыл 25 ақпанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық ғылыми орталықтарға, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жұбайларына беруге толық тыйым салу туралы түпкілікті саяси шешім қабылдағанын атап өтті.

Жақында тиісті заң қабылданады. Осылайша, 2016 жылы мораторий жарияланған ең маңызды мәселе күн тәртібінен алынды.

«Біздің халқымыз үшін жер әрқашан өте маңызды ұғым. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің Өкімімен Жер реформасы жөніндегі екінші комиссия құрылды. Оның мақсаты – жер заңнамасын одан әрі жетілдіру», — деді Ералы Тоғжанов.

Содан кейін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров сөз алып, мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын және ұтымсыз пайдаланылатын жерлерді анықтау, иеліктен шығару және ауыл шаруашылығы айналымына қайтару саласындағы жұмыс динамикасы туралы айтып берді. 2016 жылғы жер комиссиясының ұсынымдары мен шешімдерінің орындалу нәтижелері туралы хабарлаған министр Ауыл шаруашылығы жерлерін беру мен пайдалануды бақылау механизмдерін жетілдіру жөніндегі заң жобаларын ұсынды.

Отырыста комиссияның 13 мүшесі сөз сөйлеп, түрлі мәселелер бойынша пікірлерін білдірді. Мысалы, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов пен сенатор Ақылбек Күрішбаев жерді тіпті Қазақстан азаматтары үшін де сатуға қарсы болса, «Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Жигули Дайрабаев жауапкершілікпен қарайтын жер пайдаланушылар үшін жалдау мерзімін ұзарту құқығын беруді ұсынды.

 

«Бүгінгі таңда елімізде 49 жылға жерді жалға алу құқығы бар. Егер жер пайдаланушы адал еңбек етіп, оны тиімді пайдаланса, онда жерді жалға алу мерзімін ұзарту құқығын қарастыру қажет. Ол үшін Жер кодексіне өзгерістер енгізу керек», — деді Ж.Дайрабаев.

 

Саясаттанушы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Расул Жұмалы ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жеке меншікке беруді ұсынды. Бірақ, белгілі бір шарттар арқылы шектеулі мөлшерде және белгіленген критерийлер бойынша беру керек деді.

 

Заңгер Бақытжан Базарбек комиссия мүшелерінің назарын ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту мәселесіне аударды.

 

«2018 жылы біз Жер кодексіне өзгерістер енгізіп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатын өзгертуге тыйым салдық. Иә, бұл норма бүгінде қолданыста, бірақ өңірлік деңгейдегі әкімдіктер ауыл шаруашылығы жерлеріне тұрғын үй салуға мүмкіндік берді. Өйткені, фермерлік шаруашылыққа саяжай құрылысы мен бау-бақша салуға тыйым салынбайды. Жергілікті атқарушы органдар осыны пайдаланып, ірі қалалардың маңындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгертеді», — деді заңгер.

 

Айта кету керек, комиссияның қалған мүшелері алдағы 3-сәуір күні өзге форматта өтетін келесі отырыста өз пікірлерін айта алады. Іс-шараға қатысушылардың ұсынысымен жер реформасының бағыттары бойынша мәселелерді жұмыс топтарында талқылауды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Биыл Жамбылда егіс алқабы 760,8 мың гектарға артты

Биыл Жамбылда егіс алқабы 760,8 мың гектарға артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тараз қаласында қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған пакетті тауып алды

Тараз қаласында қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған пакетті тауып алды

2 года ago
Депутат: «Халық қажетті дәрісін көрші елдерден заңсыз алуға мәжбүр»

Депутат: «Халық қажетті дәрісін көрші елдерден заңсыз алуға мәжбүр»

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In