• RU
Понедельник, 4 августа, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Еңбек қауіпсіздігі

Жазатайым оқиғалар саны 25 пайызға азайды

Қауіпсіз еңбек жағдайын жасау мен өндірістік жарақаттануды азайту – ел билігінің негізгі міндеттерінің бірі. Сондықтан мәселенің өршуіне жол бермеуге баса мән берілуі керек.

by Jasyn
31/07/2025
in • Еңбек қауіпсіздігі
0
Жазатайым оқиғалар саны 25 пайызға азайды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі күні Жамбыл облысында өндірістік жарақаттануды азайту мақсатында «Vision Zero» концепциясын 24, ал, «Халықтық бақылау» жобасын 15 кәсіпорын енгізді. Және тағы бір айтары, 941 өндірістік кеңес құрылып, 1333 техникалық инспектор жұмыс істеуде. Ал, 2024–2026 жылдарға арналған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасы қабылданды.

2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялануына орай облыстық прокуратурамен бірлесіп «Қауіпсіз еңбек» жобасы бекітілді. Ірі кәсіпорындарға Көмек QR кодтары орнатылып, еңбек құқықтары бұзылған жағдайда жұмысшыларға көмекке жүгіну мүмкіндігі қарастырылды.

Сонымен қатар бекітілген кесте бойынша 1284 адамның қатысуымен 97 ұжымда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан 42 азаматқа кеңес берілді, БАҚ пен әлеуметтік желілерде 112 мақала жарияланды. Және 31 кәсіпорында 58 жұмыс орны аттестаттаудан өтті.

Жұмыскерлерді еңбек міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша айтатын болсақ, 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жұмыскерлерді еңбек міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша жұмыс істеп тұрған 3178 белсенді  кәсіпорындардың 2056-да сақтандыру жасалып, 64,6 пайыз құрап отыр.

Аталған көрсеткіш Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мақсатты индикаторларының бірі ретінде айқындалып, оны жыл соңына дейін 63 пайызға жеткізу жоспарланған болатын.

Осыған байланысты, қызметкерлерді сақтандыру шарттарын жасасқан кәсіпорындар үлесінің өсу қарқынын сақтау мақсатында сақтандыру шарттары жасалмаған ұйымдар бойынша дерекқор нақтыланды. Әлеуметтік сақтандыру қоры және сақтандыру компанияларымен тығыз байланыс орнатылды.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары жергілікті атқарушы органдар, сақтандыру компаниялармен бірлесіп, кәсіпорындарда қолданыстағы заңнама  талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ БАҚ-да тиісті ақпараттар кеңінен жариялануда.

Сонымен бірге ұйым басшылары қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік туралы хабардар етілді.

Иә, өндіріс орындарында қауіпсіздікті сақтау қанша жерден барынша қадағаланғанымен, мұны құнттамай, опық жеп қалатын оқыс оқиғалардың азайып келе жатқаны рас. Бірақ арқаны әлі де кеңге салуға болмайды. Жалпы алғанда өндірістік жарақаттанудың себептері толығымен жұмыс орнында және жалпы кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Өндірістік жарақаттанудың себептері: технологиялық процестердің жетілмегендігі, жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары мен құралдарының конструктивтік кемшіліктері мен техникалық жай-күйі, ауыр жұмыстарды механикаландырудың жеткіліксіздігі, оның ішінде қоршаулардың, сақтандырғыш құрылғылардың, дабыл беру және бұғаттау құралдарының жетілмегендігі. Сонымен қатар материалдардың беріктік ақауларының және конструкциялардың тозуының болуы; пайдаланылатын заттардың бұрын белгісіз қауіпті қасиеттері әсер етеді.

Жамбыл облысының кәсіпорындарында жарақаттануды азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтатын болсақ, 2025 жылдың 6 айында қызметтік міндеттерін атқару барысында орын алған 20 жазатайым оқиғадан 24 адам зардап шексе, 4 адам қаза тапты. Ал, 2024 жылы – 25 жазатайым оқиға орын алып, 28 адам зардап шегіп, 4 адам қаза болған еді.

2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, жазатайым оқиғалар саны 25 пайызға, яғни, 5 оқиғаға, ал зардап шеккендер саны 16,6 пайызға, яғни, 4 адамға азайып, қайтыс болғандар саны өзгеріссіз қалды. Атап айтар болсақ, 2024 жылы да 4 адам қаза болған еді. Орын алған жазатайым оқиғаларда 7 адам 3 топтық жазатайым оқиғадан зардап шекті.

Жалпы алғанда жұмыс берушілерге орын алған жазатайым оқиғалардың себептерін жою және алдын алу жөніндегі шаралар белгіленіп, олардың орындалуы тиісті мекемелермен қатаң бақылауға алынған.

Фото: ortcom.kz

Tags: Еңбек қауіпсіздігіЖазатайым оқиғаларжазатайым оқиғалардың алдын алуЖамбыл облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Нағыз еңбек адамы — бұл істің адамы

Нағыз еңбек адамы — бұл істің адамы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда 1 400-ге жуық мүгедектігі бар адам тұрақты жұмыспен қамтылды

Жамбылда 1 400-ге жуық мүгедектігі бар адам тұрақты жұмыспен қамтылды

8 месяцев ago
Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In