«Электрсамокаттарды әкелуді және қауіпсіз пайдалануды құқықтық реттеу қажет деп білеміз. Сізден жоғарыда аталған құрылғыларды жіктеу және заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізу мәселесін тездетіп пысықтауды сұраймын. Еуразиялық экономикалық одақтың салалық техникалық регламенттерінің нормаларын ескере отырып, кедендік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде регламенттер мен стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтін құрылғылардың шеттен әкелуін шектеу бойынша шаралар қабылдау маңызды», — деді Нұртөре Жүсіп ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында.