• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Жасыл белдеу

«Жасыл ел» еңбек жасағы күшімен 20 тонна күл-қоқыс жиналған

бойынша Jasyn
06/03/2024
in Жасыл белдеу
0
«Жасыл ел» еңбек жасағы күшімен 20 тонна күл-қоқыс жиналған
0
Бөлісу
0
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

«Жасыл ел» еңбек жасағының Жуалы аудандық бөлімшесі де өңірдің экологиялық тазалық айлықтарына өз үлестерін қосып келеді. Жастар ресурстық орталығының директоры Мейіржан Төлеуішовтың айтуынша, бүгінгі таңда «Жасыл ел» еңбек жасағына тартылған жастар күшімен 1 маусымда 9 т қоқыс шығарылып, 4,5 га алаң тазартылған. Ал тал-дарақ отырғызуға 22 жас қатысып, 1169 түп ағаш көшеттері саябақтар мен аллеяларға отырғызылған. Жастар ол ағаштарды өз күтіміне алып, араға апта салып суарып тұруды әдетке айналдырып та үлгерген. 

Бұдан бөлек, аудан орталығы Б.Момышұлы ауылында еңбек жасағы Е.Сауранбек, Жамбыл, Абылайхан, Жамбыл және Д.Қонаев көшелері бойында, Боранды, Ақсай, Ынтымақ, Н.Тұрысов көшесінің сай беткейлері мен «Жастар ресурстық орталығы мекемесінің» ауласында сенбілік ұйымдастырып, 1 га алаңды тазартып, 2,5 т қоқыс шығарған. 

Өзге ауылдық округтерге тоқталар болсақ, Шақпақ ауылдық округінде Д.Пахомов көшесі бойында орналасқан саябақ пен әкімдік ғимараты ауласына барлығы 12 түп арша, 62 түп жеміс ағаштарының көшеті отырғызылған. Еңбек жасағы күшімен көшелер мен өзен-көлдер бойына сенбіліктер ұйымдастырылып, 2,5 т қоқыс шығарылыпты. Ал Қарасаз ауылдық округінде 2 тонна қоқыс шығарылып, округ әкімдігі ауласына 80 түп шырша көшеті отырғызылып, күтімге алынған. 

Екінші маусымында жастар күшімен 6,5 т қоқыс шығарылып, 3 га алаң ретке келтірілген. Атап айтсақ, жастар «Мәңгілік ел аллеясы» ретке келтірді. Күйік асуында орналасқан «Жуалы» жазуын қалпына келтіріп, ақтаған. Шақпақата ауылындағы «Шақпақ әулие» киелі орында «Табиғат және біз» атты экологиялық акциясы өткізілді. 

3 маусымда аудандағы экологиялық ақуалды жақсарту мақсатында сенбіліктер ұйымдастырып, өзен-көлдердің жағасында тазалық жұмыстарын жүргізді. Мәселен, 2 шілде күні «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі қызметкерлері мен «Жасыл ел» жасақтары мүшелері аудандық «Бірге – Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстарына ат салысты. Аталған акция барысында жастар «Теріс Ащы-бұлақ» су қоймасы маңында тазалық жұмыстарын жүргізді. Жалпы көлемі 2 га аумақ тазаланып, 1 т қоқыс жинаған.

Jasyn

Jasyn

Келесі пост
Табиғат байлығы мен орман қорын өрттен сақтауда орманшылар аянып қалмауда

Табиғат байлығы мен орман қорын өрттен сақтауда орманшылар аянып қалмауда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Берік Имашев үй карантинінде жатыр

Берік Имашев үй карантинінде жатыр

5 года бұрын
2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы 172,4 млн. долларды құрады

2023 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан мен Индонезия арасындағы тауар айналымы 172,4 млн. долларды құрады

3 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In