• RU
Вторник, 20 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жастарымыз отаншыл, білімпаз, еңбекқор болуы қажет

Еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ескерсек, олардың жаңа заманға сай білімді, белсенді болуы өте маңызды. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды табыстау рәсімінде: «Мен бұған дейін Адал азамат ұғымын ұсындым. Осы орайда жастарымызға арнайы үндеу жолдағым келеді. Елімізде жүзеге асырылып жатқан әрбір бастама, ең алдымен, сіздерге арналады. Қазіргі реформалардың игілігін көретін де, елдік істерді жалғастыратын да – сіздер", – деді.

by Jasyn
09/09/2024
in • Жастар саясаты
0
Жастарымыз отаншыл, білімпаз, еңбекқор болуы қажет
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Иә, шынында жастар үшін елімізде барлық жағдай жасалуда. Соның ішіндегі бір мәселе, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Жұмыссыздықтың алдын-алу мақсатында жұмыс іздеушілерге бос орындар ұсынатын онлайн платформалар мен сайттар бар. Арнайы ашылған мекемелер де жұмыс істейді. Жақында ғана еліміздің түкпір-түкпірінде бос орындар жәрмеңкесі өтті. Бұл шара кейбір өңірлерде апталап, тіпті он күндік бағдарламамен ұйымдастырылды. Нәтижесінде, біраз жастың сандығында сарғайып жатқан дипломдары іске асып, жұмысқа орналасты.

Еліміздегі еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының шеңберінде өтетін жобаның жұмысы Түркістан облысында да жүйелі жүргізіліп келеді. Мәселен, жақында Қазығұрт ауданында жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде он алты жұмыс берушіден жиырма бос жұмыс орнына сұраныстар түсіп, он төрт азамат тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жолдама алды. Мұнда бос жұмыс орындарымен қатар жұмыссыздарға жұмысқа орналасу және мемлекеттік қолдау шараларына қатысу бағытында ақпараттар беріліп, түсіндірме жұмыстары да жүргізілді. Әсіресе, Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында «Күміс жас», «Қоғамдық жұмыстар», «Алғашқы жұмыс орны», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы» бағдарламаларына тереңірек тоқталып, жастар өз сұрақтарына жауап алды. Жұмысқа орналасуға ниет білдірген жандарды жұмыс беруші мекемелердің басшылары мен өкілдері, «Мансап» орталығының қызметкерлері жұмысқа орналасудың шарттарымен таныстырды. Жалпы мұндай жәрмеңкелердің тигізер пайдасы көп. Жұмыс беруші тарап та, жұмыс іздеп жүрген жандар да өз сұраныстарын табады. Сонымен қатар, қоғамда қалыптасып бара жатқан масылдық сананы жоюдың бірден-бір тәсілі осы болса керек. Себебі, жасыратыны жоқ, қазіргі таңда жалқаулығын жұмыссыздықпен ақтап алатындар жетерлік.

Жастар ресурстық орталығы мамандарының айтуынша, тәжірибесі жоқ жастар мансап жолын «Жастар практикасы» бағдарламасынан бастау алады. Ол үшін диплом алғанына 5 жыл толмаған, жасы 35 жастан аспайтын, мамандығы бойынша тәжірибесі жоқ болуы керек. Барлық шарты осы ғана. Бағдарлама бойынша жұмысқа орналасқан жас маманға он екі ай бойы мемлекет тарапынан 110 760 теңге көлемінде жалақы төленеді. Ал, оған қатысу үшін «Enbek.kz» порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркеліп, бағдарламаға қатысуға өтінім жіберу керек.

Сондай-ақ, 2024-2025 оқу жылына Түркістан облысындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алуға ниет білдірген жастарға қолдау көрсету мақсатында мемлекет тарапынан 15 475 грант бөлінді. Соның ішінде Қазығұрт ауданы №11 колледжіне 300 жас қабылданатын болады. Педагогикалық мамандықтарға түсушілер арнайы емтихан, медицина мамандықтары – психометриялық тест, өнер мамандықтарына түсетіндер шығармашылық емтиханды қосымша тапсырып, нәтижелері жалпы конкурста ескеріледі. Аталған гранттар білім сапасын арттырып, жастардың жұмыспен қамтылуын жеңілдету үшін маңызды қадам. Бұл бастама студенттерге өздерінің мансап жолындағы әлеуетін іске асыруға мол мүмкіндік беретіні анық. Сонымен қатар, алдағы оқу жылында кәсіби мамандарды даярлау мен жастардың тұлғалық дамуында жаңа кезең ашады деп күтілуде.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заман ақыл-ой мен дарын иелерінің кезеңі екенін жеткізіп, жастардың ең алдымен, зияткерлік қабілеті жоғары, ойы ұшқыр, еңбекқор болуы керектігін айтып жүр. Жалпы, Түркістан облысы ежелгі дәуірден-ақ ілім-білімнің орталығы болған мекен. Талай ғұлама-ойшылдардың кіндігі байланған, табаны тиген топырақтың ағартушылық миссиясын қайта жаңғырту – бүгінгі және келер ұрпақтың қасиетті борышы екені анық. Бұл ретте қазығұрттық жастар облыс көлеміндегі бесенділердің бірі. Бастысы, жеткен жетістіктері мен айтарлықтай жеңістері баршылық.

Жақында өңірдің зияткерлік ортасын құру мақсатында «Аmanat-aqylman» интелектуалды ойыны өтті. Жыл сайын өтетін бұл жоба жастар арасында зияткерлік рухты қайта түлеткен бастамалардың біріне айналды. Интеллектуалды ойынның іріктеу кезеңіне барлығы сегіз команда қатысып, ойын ережесі бойынша төрт шартты орындап шықты. Әр салада еңбек ететін белсенді жастар азаматтық жауапкершілік, туған жердің қадір-қасиетін білу, шешендік шеберлік бойынша өзара сайысқа түсті. Нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен, «Қазығұрт жастары» командасы үшінші орынды иеленді. Осылайша, облыс көлемінде ұйымдастырылған сайыстың үшінші орынын иемдену қазығұрттық жастардың белсенді әрі білімді екенін дәлелдеді.

Осы тұста айта кету керек, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен және Түркістан облыстық «Жастар рухы» жастар қанаты мен Мақтаарал аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен де интеллектуалды ойындар өткізілді. Яғни, бұл іс-шара жастардың арасында кең етек алып, қызығушылықтарын туғызуда.

Интеллектуалды ойынының мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «AMANAT» партиясы Жастар Рухы қанатының кезектен тыс VI съезіндегі бейне үндеуінде «Жастардың бойында болуы қажет үш қасиет ретінде терең білім, еңбекқорлық, отансүйгіштікті» атаған болатын. Жастар бойындағы осы қасиеттерді дамыту, қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен тарихын зерттеу арқылы жастар арасында кеңінен насихаттау, қоғамдық белсенділікті дамытуға үлес қосу.

Интелектуалды ойындардың бүгін өткен іріктеу кезеңіне аудан әкімі аппараты, бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері, депутаттар, кітапхана ұжымы, Атакент ауруханасының ұжымы, жастар орталығының ұжымы, мәдениет саласының ұжымы және спорт саласының өкілдерінен жалпы 9 команда қатысып, ойын ережесі бойынша 4 шартты орындап шықты.

Командалардың дайындығын Түркістан облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Жұман Жансерік Бауыржанұлы, партия жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі кеңестің мүшесі, қоғам белсендісі Олжас Мамыр, «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Сәрсенов Мұхтар Кенжетайұлы және Мақтаарал аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Ошантаев Нұркен Махамбетұлы бағалап, бағасын берді.

Жарыс қорытындысы бойынша «AMANAT AQYLMEN» интеллектуалды ойынында алға озған 3 жеңімпаз анықталды. III-орынды спорт саласының өкілдерінен құралған «Намыс» командасы иеленсе, II-орыннан аудандық кітапхана ұжымынан құралған «Кітап Team» командасы көрінді. «Атакент» ауруханасының ұжымынан құралған «Қыран» командасы I-орынды қанжығалап, жеңімпаз атанып, ойындардың облыстық кезеңіне жолдама алды.

Жарысқа қатысушы командаларға «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы М. Сәрсенов атынан алғыс хат пен дипломдар, сертификат пен сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, құқықбұзушылықтың, қылмыстың, нашақорлық пен тәуелділіктің, ойынқұмарлықтың алдын алу мақсатында Төлеби ауданы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Жалынды жастар –­­ ел қазынасы» атты жастар арасында облыстық волейбол ойынынан жарыс өтті. Жарысқа Түркістан облысының 17 өңірінен келген «Жастар ресурстық орталығының» мамандары қатысты. Бұл сайысқа да он төрт команда қатысып, жеңімпаз атанғандар арнайы дипломмен, кубокпен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Атап айтар болсақ, бірінші орынды Бәйдібек ауданының, екінші орынды Қазығұрт ауданының, ал үшінші орынды Сауран ауданының жастары иемденді. Қазығұрттық жастардың спорттағы жеңістері мұнымен тоқтамайды. Осыдан кейін өткен облыстық футболдан да оқ бойы озық шықты. Әуесқой футболдан өткізілген Түркістан облысының іріктеу турниріне барлық қала, аудан жастары белсене қатысты. Қызықты да тартысты өткен іріктеу турнирінде Қазығұрт ауданының намысын абыроймен қорғаған Қызылқия ауыл округі, Ынталы елді мекенінің «Ынталы» командасы турнир жеңімпазы атанды. Қазылардың шешімімен, бірінші орынды қазығұрттық, екінші орынды созақтық, үшінші орынды келестік жастар қанжығаларына байлады. Біз тоқталған байқаулар мен спорттық сайыстар қазығұрттық жастардың бір аптада жеткен жетістіктері. Бұған дейін де облыстық, тіпті, республикалық байқауларда бас бәйгені алып жүргенін білеміз.

Иә, елдің ертеңі жастардың қолында екенін ескерсек, олардың жаңа заманға сай білімді, белсенді болуы өте маңызды. Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды табыстау рәсімінде: «Мен бұған дейін Адал азамат ұғымын ұсындым. Осы орайда жастарымызға арнайы үндеу жолдағым келеді. Елімізде жүзеге асырылып жатқан әрбір бастама, ең алдымен, сіздерге арналады. Қазіргі реформалардың игілігін көретін де, елдік істерді жалғастыратын да – сіздер», – деді.

Президенттің пікірінше, қазіргі жастар – Қазақстанның келбеті. Осыған орай еліміздің жастары қандай болуы керек екеніне де тоқталып еді. «Шын мәнінде, кез келген мемлекетті тұрғындарына қарап бағалайды. Біздің қандай ел боларымыз өскелең ұрпаққа байланысты. Сондықтан жастарымыз отаншыл, білімпаз, еңбекқор, үнемшіл, әділ әрі жанашыр болуы қажет. Жастар спортпен, дене шынықтырумен айналысуы керек. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Осы құндылықтарды барынша насихаттап, тарату қажет. Сонда жеке адамның қасиеті тұтас ұлттың қасиетіне айналады», – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Президент жастарды «жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге, ұлы ақынымыз Абай айтқандай бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болуға» да шақырды. Ол туралы: «Сіздер дәріптеген құндылықтар қоғамда тез орнығады. Сіздер қолдаған өзгерістер жылдам жүзеге асады. Бәріміздің тілегіміз – бір, бұл – қоғамымызда жаппай әділеттік орнату. Ендеше, мақсатымызға бірге жетейік. Мен жас ұрпақтың жасампаздық қуатына сенемін. Өздеріңіз сияқты саналы ұл-қыздары бар Қазақстан өркениет көшінің басында болары сөзсіз», – деп сенім білдірді. Бұл ретте түркістандық жастар Президент айтқан талаптарға сай болып, ел сенімін ақтауда күш-жігерін аямайтыны анық.

Фото: Kazislam.kz

Tags: «AMANAT AQYLMEN» интеллектуалды ойын«Жастар рухы» жастар қанатыЖастар болашағыинтеллектуалды жастарТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Іскер жастардың таудай талпынысы көңіл қуантады

Іскер жастардың таудай талпынысы көңіл қуантады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Экспорт көрсеткіші импорттан 2 есе асып түсті

Экспорт көрсеткіші импорттан 2 есе асып түсті

8 месяцев ago
Astana LRT ісі: Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің қайда жүргені анықталды

Astana LRT ісі: Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің қайда жүргені анықталды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In