Жастардан құрылған «Жасыл ел» еңбек жасақтары наурыз айынан бастап қалада жұмыс істеп келеді. Құрамына студент жастар тартылған жасақтар «Жасыл ел – Тараз» ЖШС және Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесе жұмыс атқаруда. Олардың қатарында 269 жас бар.
Облыстық «Жасыл ел» жасағы Тараз қалалық «Жасыл ел» жасағымен бірлесе жұмыс істеуде. Бүгінге дейін облыстық «Жасыл ел» жасағы арқылы барлығы 519 жас жұмыспен қамтылған.
Жастар ресурстық оталығының директоры Серікбол Берікқожаның айтуынша, «Жасыл ел» еңбек жасақатарының жұмысы бекітілген кестегі сәйкес наурыз айынан басталып, қараша айына дейін жалғасын табаппақ.
Жұмыстан бөлек жастардың демалысын тиімді өткізу мақсатында сарбаздар арасында спорттық ойындардан жарыстар, өнер байқаулары сияқты іс-шаралар ұйымдастырылуда. Тараз қалалық және аудандық жастар ресурстық орталықтары тарапынан қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаштар отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету мақсатында «Экологиялық мәдениет» бағыты аясында ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 6 383 адамды қамтыған 338 іс-шара өткізілді. Бұдан бөлек, волонтерліктің «Taza Alem» бағыты бойынша 1412 адамды қамтыған 108 іс-шара ұйымдастырылды, — дейді ол.
Жастар екі ауысыммен екі топ болып, аптаңың 6 күнінде, күніне 4 сағаттан жұмыс істеуде. Олардың күшімен Тараз қаласындағы 8 көше, 5 саябақ кездейсоқ күл-қоқыстан тазартылған. Жасақ жастары қаланың басқа жастарын тарта отырып 5 сенбілік ұйымдастырған. Атап айтсақ, Тараз қаласындағы Абай, Жамбыл, Д.Қонаев, С.Сейфуллин, Әл-Фараби, Сыпайтай батыр, Ы.Сүлейменов, Қ.Тұрысов көшелері бойында бей-берекетсіз өскен ағаш бұтақтары оталып, арық-атыздар тазартылған.
Бұдан бөлек, «Жеңіс», «Мамыр», «ҚР Тұңғыш Президенті», «Қ.Рысқұлбеков», «Түркісіб» саябақтарында жұмыс істеген жасақ ондағы алаңқайларды, гүлзарлардың арам шөбін жұлып, тазалыққа үлестерін қосқан. «Жасыл ел» жастарына бір айлық жұмысы күніндегі міндетті жарналарды қоса алғанда 60 мың теңге жалақы төленуде. Бүгінде «Жасыл ел» жасағының бірінші тобы «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде гүлдерді қарау, жабайы шөптерін жұмыс жұмыстарын жүргізсе, екінші тобы қала аумағында шағын аудандарға кіріп аулаларды қоқыстардан тазартуда. Жастар жасағы күшімен бүгінге дейін 5 мың шаршы метр жаяужүргінші жолындағы тас төсеніштер арасындағы және гүлзарлардағы арамшөптер жұлынып, бір тоннадан аса күл-қоқыс шығарылған.