• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жастардың жеке кәсіп бастауына барлық жағдай жасалған

Бүгінгі таңда елімізде жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында қажетті қаражатпен қамтамасыз етіп, жеке кәсіп бастауына жағдай жасау нақты жолға қойылды. Мемлекеттік көмек арқылы бүгінде қаншама жас грант ұтып алып, сол қаражатқа жеке кәсіптерін бастады.

by Jasyn
19/11/2024
in • Жастар саясаты
0
Жастардың жеке кәсіп бастауына барлық жағдай жасалған
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жастарға грант беріп, азаматтарды бір іспен шұғылдандыруға ден қою мәселесі Түлкібас ауданында жақсы жолға қойылған. Жылдан-жылға осы қайтарымсыз мемлекеттік грант есебінен аяққа тұрып, жағдайларын жасап жатқан жастар қатары артып келеді.

«Балық берме қармақ бер» деген қағидаты бойынша іске асырылатын кәсіпкерлікті қолдау шаралары жұмыссыз адамдарға тек әлеуметтік төлем төлеумен шектелмей, оларды алға ұмтылдыру үшін жеке бизнес бастауға ынталандырады. Соның нәтижесінде көптеген жұмыссыз азаматтар өздеріне ұнаған бір кәсіпті бастап, сол арқылы табыс табуға мүмкіндік алып отыр. Бүгінгі таңда халыққа сервистік қызмет көрсету саласымен де әжептеуір пайда табуға болады. Мәселен, аспаз болып, кішігірім дәмхана ашса немесе шаш қиятын шаштараздың қызметін жолға қойса, ол қызметтерді жұрт міндетті түрде пайдаланады. Бұл жерде ең бастысы сапаға, тазалыққа көңіл бөлу керек. Тіпті көлік жөндейтін ұстахананың өзі иесіне жақсы табыс түсіреді. Қазір жұрттың көбінде бір-бір көлік бар. Көлік бұрынғыдай сән-салтанаттың белгісіне емес, қалта телефоны секілді әр азаматтың қажеттілігіне айналды. Техника болған соң ол бұзылмай тұрмайды. Сондай кезде тиісті маман, арнайы тексеретін орын керек болады. Егер ол ауылда болып тұрса, сапалы қызмет көрсетіп жатса, пәленбай шақырым жүріп алысқа барып жөндету қажет болмайды. Мүмкін болып жатса, тұтынушы жақын жердегі сапалы қызметті таңдайды. Міне егер клиенттің көңілінен шықса, осындай шағын кәсіпкерлік адамға өте көп пайда әкеледі.

Биыл Түлкібас ауданы бойынша мемлекеттік қайтарымсыз грант алуға 93 адамға қаржы бөлінген. Ағымдағы жылы 2 лек комиссия отырысы өткізіліп, нәтижесінде 83 адам мемлекеттік қайтарымсыз гранттың иегері атанып өз ісін ашты.

Солардың бірі Бердалиев Ғалымжан – балық шаруашылығымен айналысуды көптен бері ниет еткен екен. 2023 жылы мемлекеттен 1 380 000 теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алып, өзінің балық шаруашылығы кәсібін бастады. Көлге салынған балық шабақтары өсіп, сатылымға шығаруға дайын. Маринка балықтары биыл көктемде уылдырық шашып, ары қарай көбеюде.

Кәсіпкердің айтуынша, балық өсіріп жақсы табыс табуға болады. Өйткені жеңсік асты тұтынбайтын халық жоқ. Дәмхана, ресторандар да сапасы жақсы балықтар болса алып қояды. Оның үстіне осы күнде саламатты өмір салтын ұстанатын жандар қатары көбейген. Олар тек төрт түлік малдың етін жемей, осындай сіңімді денсаулыққа пайдалы балық еттерін көбірек тұтынғанды қалайды. Сонымен бірге балық өсіру де анау айтқандай қиын шаруа емес секілді. Ең бастысы оларды ұстайтын тоған керек. Сосын кесте бойынша күн сайын тиісті жемін беріп тұру қажет болады. Осындай өзінің технологиялық шарттарын орындаса, уылдырықтан өнген шабақтар әп-сәтте өсіп, үлкен балыққа айналып, нағыз өтімді тауардың бірі болады. Жеке кәсіпкер кәсібін үлкейтіп қосымша 3 жұмысшы алуды жоспарлап отыр.

Экономиканы көтеру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттің бүгінгі стратегиялық жоспары. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында айтып өткен еді. «Бір сөзбен айтқанда, жаһандық экономика және халықаралық еңбек нарығы түбегейлі өзгеруде. Технологиялық бәсеке қызып тұр. Барлық жерде ресурстар үшін талас жүріп жатыр. Климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және демографиялық тұрғыдан орнықты даму ең өзекті мәселеге айналды. Бір сөзбен айтқанда, адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды. Осындай аса маңызды шақта зор экономикалық серпіліс жасауға еліміздің толық мүмкіндігі бар. Ол үшін біз біртіндеп жаңа экономикалық үлгіге өтуіміз керек. Бұл жұмысты батыл жүргізуіміз қажет. Басты мақсат – қағаз жүзіндегі биік жетістіктерге қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болуға тиіс. Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналады. Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді. Жаңа экономикалық саясатта жүзеге асуы екіталай, ұзақ мерзімді мақсат қоюға болмайды. Осы Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс. Ал аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітіледі. Енді экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізгі тұстарына тоқталайын. Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет. Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда», деген болатын Мемлекет басшысы.

Өңдеу саласын дамыту бойынша Түлкібас ауданында да ауқымды жұмыстар қолға алынған. Сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті дамытып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға басымдық берілген. Мысалы,  Түлкібас ауданының тұрғыны үшінші топ мүгедектігі бар Нұрғали Байганилов 2023 жылдың  қазан айында «2021 — 2025  жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» негізінде мемлекеттік қайтарымсыз грант алған болатын.  Қазіргі таңда бизнес жобасына сәйкес шаштараз ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Грант қаражатына өз ісін бастауға қажет құрылғыларды алып, аудан тұрғындарына сапалы қызмет ұсынып отыр. Жалпы гранттан бөлек бүгінгі таңда елімізде азаматтарды арзан несиемен қаржыландыру бағдарламасы да сәтті жүзеге асып келеді. Мамандар көпшілікті қызықтыратын несиелендіру бағдарламасына қатысудың негізгі шарттарын атады.

Нақтырақ айтқанда, жастарды несиелеу бағдарламасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырады. Аграрлық несие корпорация жастарға шағын несие беру бағдарламасы шеңберінде сенім білдірілген өкіл ретінде құжаттарды қабылдау, бизнес-жобаны бағалау, несие және кепіл туралы келісімдерді дайындау, несие сомасын қарыз алушыға беру, несиенің нысаналы пайдаланылуын тексеру, қарыз алушымен есеп айырысуды жүзеге асыру, қарыз алушыдан төлем қабылдау, мерзімі өткен берешекпен жұмыс және уәкілетті органдарға есеп беру әрекеттеріне жауапты.

Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады. Сондай-ақ мамандардың мәлімдеуінше, несие сомасы 5 млн теңгеге дейін, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%.  Несие мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін,  бизнестің басқа бағыттары үшін  5 жылға дейін беріледі. Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған. Несие кепіл мүлікпен қамтылуы міндетті. Кепіл ретінде жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.

Өтінім беру үшін тиісті  құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына тапсыруы қажет.

Шағын несие беру туралы шешімді комиссия қабылдайды, оған мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Үміткерлер өздерінің бизнес-жобасын комиссия отырысында таныстырады, комиссия ол бизнес-жобаларды бағалап, неғұрлым болашағы барын таңдайды. Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең және оның нақты іс-қимыл жоспары болуы керек.

Фото: Sputnik Қазақстан

Tags: Жастарға грантжеке кәсіп бастауМемлекеттік көмек
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысында ауыл әкімдері жауапкершілікке тартылды

Жамбыл облысында ауыл әкімдері жауапкершілікке тартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қаржы пирамидасы бойынша күдікке ілінген вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды

Қаржы пирамидасы бойынша күдікке ілінген вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды

3 года ago
Отандық миллиардер Анатолий Балушкинге іздеу салынды

Отандық миллиардер Анатолий Балушкинге іздеу салынды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In