• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жастардың өз мамандығы бойынша жұмыс істеуіне жол ашады

Ел дамуын тежейтін елеулі фактордың бірі – жастардың жұмыссыздығы. Алайда оқу орнын жаңа бітіріп, қолына дипломын алған жастың мамандығына сәйкес жұмысқа орналасуы қиынның қиыны. Көптеген мекеме жас маманды «тәжірибесі жоқ» деген желеумен жұмысқа алғысы келмейді.

by Jasyn
23/07/2024
in • Жастар саясаты
0
Жастардың өз мамандығы бойынша жұмыс істеуіне жол ашады
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Деректерге көз жүгіртсек, ЖОО бі­тір­ген түлектердің шамамен 35 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істе­мей­ді. Ал 40 пайызы оқу бітіргеннен кейін бір жыл көлемінде екі қолға бір күрек тап­пайды. Осы орайда жастар ара­сын­да­ғы жұмыссыздықты жоюды көздеген бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай 3,3 миллионнан ас­там адамды, оның ішінде 2,3 миллион жас­ты жұмыспен қамту жоспарланған.

Қазақстанда бүгінгі күні 207 жұ­­мыспен қамту орталығы бар екен. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Үкіметте өткен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзінде: «Елімізде аймақтардың жұмыспен қамту карталары бекітілген. Соған сәйкес жыл сайын шамамен 950 мың адамға жұмыс тауып беру көзделген. Ол үшін бюджеттен 130 миллиард теңге бөлінді. Осы қаржының арқасында, яғни субсидия арқылы 150 мың адам жұмысқа орналасады. Оның бәрі – жастар және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар», деді.

Сондай-ақ Президент жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсету үшін 40 миллиард теңге бөлінгенін, халықты, жастарды жұмыспен қамту – Үкімет үшін аса маңызды міндет екенін атап көрсеткен болатын. Президенттің тапсырмасына сай елімізде  мемлекет тарапынан жастарды жұмыспен қамтуға арналған бірнеше бағдарлама бар. Жобалардың арасында  жыл өткен сайын NEET жастар саны  азайып келеді. Айталық   «Серпін», «Жастар практикасы», «Бастау бизнес», «Алғашқы жұмыс орны» секілді бағдарламалар оқуын енді ғана тәмамдаған мамандардың жұмысқа орналасып кетуіне және жастардың кәсіп ашып, өз ісін дөңгелетіп әкетуіне үлкен мүмкіндік беруде.

Ұлттық жобалар сарыағаштық жастардың да аяққа тұрып кетуіне үлкен септігін тигізіп келеді.

Сарыағаш ауданы «Мансап» орталығы мамандарының берген мәліметінше 35 жасқа дейінгі жастар бойынша   өткен жылы  1822 азаматты жұмыспен қамту  жоспарланып,   жыл қорытындысы бойынша  4452 жастар бағдарламаға қатысып  жоспар  244,3 пайызға орындалыпты. Атап айтқанда: бос жұмыс орындарына тұрақты жұмысқа 1545 азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына 147, «Жастар практикасына»  601,  «Алғашқы жұмыс орны» 134, қоғамдық жұмысқа 398,  мемлекеттік грант алған 59 азамат, «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқу 1475, қысқа мерзімді кәсіптік оқу 23 азамат жолданса, 70 жас  шағын несие алып, кәсіп ашқан. Ал 2024 жылдың 5 айында 1321 жастар бағдарламаға қатысыпты.  Атап айтқанда: бос жұмыс орындарына тұрақты жұмысқа 516 азамат, әлеуметтік жұмыс орындарына 96, «Жастар практикасына»  177, қоғамдық жұмысқа 244, «Бастау бизнес»  кәсіпкерлік негіздеріне оқу 187, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына  101 азамат қатысқан.

Жалпы Сарыағаш ауданында жастардың мемлекеттік бағдарламаларға қызығушылығы жоғары. Ауданда әсіресе, «Серпін» бағдарламасының серпіні жоғары.  «Серпін-2050» бағдарламасының арқасында оңтүстіктегі мектеп түлектері Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарындағы беделді мемлекеттік университеттерде білім алып жүр.

«Серпін-2050» жобасы аясында білім алып жатқан жастардың жаңа өзгерістерден тыс қалмай, болашақ мамандықтарды игерумен шектелмеуі тиіс. Оларға мүмкіндіктер жасалып, өзін-өзі дамыту тетіктерін жетілдіру арқылы заманауи жаңа дағдылар қалыптастырған абзал. Үкімет тарапынан, оның ішінде жастар мәселесін шешудегі негізгі қағидаларының бірі — білім көші-қонына еш тосқауыл қойылмай, бюджеттен қаржы бөлініп, білім алушы жастарға бағдарламалар іске асып жатыр. Жастар әлемдік озық білім, технологияларды, ойларды ғылыми негізде игеріп, алған білімдерін ел экономикасына пайдалана білуі шарт. Ел жастары мамандықтың шеңберінде қалып қоймай, дүниетанымы кең, ойлау қабілеті креативті жастарды тәрбиелеуіміз керек. Осыған орай, мамандар ауыл-ауылды аралап бағдарламаның шарапатын жастарға және ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Мысалыға, сала мамандары   Жемісті  және  Жарты төбе ауылдық округтерінде болып тұрғындарға  бағдарламаның жай-жапсарын түсіндірді.

«Серпіннің» мүмкіндігін кеңірек насихаттау мақсатында ауданға өзге өңірлерден де қонақтар жиі келеді. Мысалы  жақында Абай облысы Семей қаласындағы Alikhan Bokeikhan University, Қарағанды қаласындағы “Buketov” университетінің мамандары сарыағаштық жастарымен кездесу өткізген болатын.

2023 жылы «Серпін — 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша республикаға бөлінген 3 653 гранттың 983-не Түркістан облысының талапкерлері ие болды. Жалпы аталған жобаға түркістандық жастардың қызығушылығы жоғары. Айта кететін жайт, серпіндіктердің 70-90 пайызы тұрақты жұмысқа орналасады. Биыл да 1 мыңнан астам бітіруші түлектерге бағдарлама аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мамандардың мәліметінше 2023-2024 оқу жылында Сарыағаш ауданынан «Серпін–2050» мәңгілік ел жастары — индустрияға мемлекеттік бағдарламасы бойынша 97 жас түлек оқуға түскен.

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

 

Tags: «Алғашқы жұмыс орны»«Жастар практикасына»«Серпін-2050» жобасыNEET жастарәлеуметтік жұмыс орындарыжастарды жұмыспен қамтужұмыссыздықты жоюмамандығы бойынша жұмыс істеуСарыағаш ауданы «Мансап» орталығы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Басқарма басшыларына бас маман қызметі ұсынылған

Басқарма басшыларына бас маман қызметі ұсынылған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Президенттік әдеби сыйлық тағайындау мәселесі қаралуда

Президенттік әдеби сыйлық тағайындау мәселесі қаралуда

3 года ago
Биыл Алакөлде 2 миллионнан астам адам демалды

Биыл Алакөлде 2 миллионнан астам адам демалды

7 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In