• RU
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жастар жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуі керек

Түркістан облысы Келес ауданы Жамбыл ауылдық округінде биылғы жылдың басынан бері бірде-бір қылмыс тіркелмепті. 

by Jasyn
17/10/2024
in • Жастар саясаты
0
Жастар жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуі керек
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл ауылдық округінің әкімі Талғат Байдуаллаевтың баяндауынша жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік жәрдемақыны алуға 5 отбасы өтінім білдіріп, толығымен жәрдем көрсетілген. Қоғамдық қылмыс пен тәртіп бойынша айтқан дерегінде өткен жылы 4 қылмыс тіркеліп, 1 қылмыс ашылған екен. Бүгінде тіркелген 3 қылмысты ашу бойынша шаралар атқарылуда. Ал биылғы жылдың басынан бері ауылдық округі аумағында бірде-бір қылмыс тіркелмепті. Ауылдық округте тұрғындардың, оның ішінде жастардың мәдени қорын дамыту мақсатында кітапхана салынып, пайдалануға берілді. 

Міне, осының бәрі ауыл қарияларының, жергілікті биліктің жастармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, соларға көңіл бөлуінің арқасында болып отырғаны анық. Болашақ пен жастар — көбіне бірдей көретін, ал негізінен екі ұғым. Жастық шақ ештеңеден қорықпайды, әлем үшін ашық, арманға толы, оқуға дайын, өз мақсатарына жету жолында кедергілерді елей бермейді.

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастардың қолында. Қай заманда болмасын, қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің көрнекті ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген сөзі бар. Шын мәнінде, мен де жастарға сенемін. Баршаңызды қолдаймын. Расында, біздің елімізге сіздер сияқты белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы –  жастардың қолында» деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Қалай айтсақ та Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді дамыту – қазіргі жастардың басты міндеті. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақ, елімізді көкке көтереді. Қоғамның негізгі өзегі – жастар болып табылады.  Бүгінде ауылда жастардың жұмыссыздығы белең алып тұрғаны жасырын емес. Жұмыссыз жастар әр түрлі теріс жолға түсіп кетуі мүмкін. Сондықтан бүгінде аудан-ауылдарда нашақорлыққа қарсы түрлі акциялар ұйымдастырылуда. 

Жақында Төлеби аудандық Мәдениет үйінде «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!» форумы өтті. 

Қоғамның назарын осы мәселеге аудару және нашақорлықпен бірлесіп күресу мақсатындағы жиында алғашқы сөз алған аудандық полиция бөлімінің басшысы Бауыржан Зиятаев, аудан прокуроры Дастан Мырзағали нашақорлық — қазіргі қоғамның қасіреті және ең өзекті проблемаларының бірі екенін атап өтіп, есірткіге қарсы күреске бағытталған жұмыстардың барысы туралы баяндады. 

Іс-шарада «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында есірткі қылмысына қарсы атқарылған жұмыстар мен қабылданып жатқан шаралар туралы бейнероликтер көрсетілді. Жастарға тәрбиелік мәні бар бейнебаянда жас өмірдің есірткіге тәуелді болмау қажеттігі, оның денсаулығы зор зиян келтіріп қана қоймай, өмірі қайғылы аяқталатыны көрсетілді. 

Еліміз де есірткіге қарсы күресте мемлекеттік саясат жүргізіп, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмыстарын белсене жүргізуде. Болашағымызға балта шабатын қауіпті індетке қоғам болып күресу қажет. Жастар мен балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген форумда аудандық «Жастар орталығының» басшысы Беглан Мақұлбек арнайы сөз алып, мемлекетіміз ұстанған саясаттың басым бөлігі жастарды жан-жақты қолдап, еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпаққа аса сенім артуға бағытталғанын атап өтті. 

Сондай-ақ, Отырар ауданында да Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!» атты форум өтті. Шараға Отырар ауданы прокуратурасы мен полиция бөлімі, Отырар аудандық соты мен кірістер басқармасының өкілдері, мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.

Форумның шымылдығы «Нашақорлыққа жол жоқ» атты театрландырылған сахналық көрінісімен ашылып, есірткінің зардабын тартқан отбасының өкінішке толы өмірі сахналанды. Өмірінің соңын қайғылы жағдайға жеткізген нашақорлықтың зиянын баяндаған әсерлі оқиға көрермендерді бейжай қалдырмады.

Одан әрі шара барысында аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов арнайы сөз алып, жас ұрпақты салауатты өмірге үндеген шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

Ол өз сөзінде: «Нашақорлық — қазіргі қоғамның қасіреті және ең өзекті проблемаларының бірі. Бұл болашағымызға балта шабатын қауіпті індет. Қазіргі таңда бұндай індет пен қоғам болып күресіп, жастар мен балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бұндай шараның маңыздылығы ерекше. Бүгінде мемлекетіміз ұстанған саясаттың басым бөлігі жастарды жан-жақты қолдап, еліміздің ертеңгі болашағы жастарға, жас ұрпаққа аса сенім артуда. Сондықтан да біз бұл дерттің өршуіне жол бермеуіміз керек», — деді.

Форумда аудан прокурорының орынбасары Нұрлан Мұстафаев пен полиция бөлімінің бастығы Берік Нышанбаев қоғам назарындағы ғасыр дертіне айналған есірткі, нашақорлық жайында баяндама жасап, есірткіге қарсы күреске бағытталған жұмыстардың барысы туралы атап өтті.

Өз кезегінде форумның спикерлері аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Жалғасбай Көлбай, зейнеткер ұстаз Мария Белгібаева, аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары Гүлзира Әжіқабылова, аудандық мәдениет сарайының директорының орынбасары Дәурен Ақсақаловтар өте қажетті мағлұматтар мен профилактикалық сұқбат жүргізіп, өмірлік тәжірибемен ұштасқан үлгі-өнегелерімен бөлісті. Салауатты өмір салтын ұстануға, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырды. Қоғамдағы өзекті мәселе болып тұрған есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу, нашақорлыққа тосқауыл қою бағытында өз пікірлерін білдіріп, көпшілікпен пікір алмасты.

Шара соңы Отырар аудандық мәдениет сарайы өнерпаздарының ұсынған концерттік бағдарламасына ұласып, көпшілік көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Фото: ortcom.kz

Tags: ЖамбылқылмыснашақорлықТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жастардың болашағы жарқын болуы үшін қауіптің алдын  алу керек

Жастардың болашағы жарқын болуы үшін қауіптің алдын алу керек

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Оралда саябақтағы аттракционнан 8 бала құлап кетті

Оралда саябақтағы аттракционнан 8 бала құлап кетті

4 года ago
Таразда дүкеннен 2 млн теңгеге киім ұрлаған азаматша ұсталды

Таразда дүкеннен 2 млн теңгеге киім ұрлаған азаматша ұсталды

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In