• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жастар жағы дән риза

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» бұл күнде ауқымды іс-шараларды қолға ала бастады. Түрлі деңгейдегі жастармен кездесудің ішінде колледж, мектеп оқушылары бар. Ол кездесулер бүгінгі таңда қоғамды мазалаған мәселелер бойынша өткізіліп келеді.

by Jasyn
03/12/2024
in • Жастар саясаты
0
Жастар жағы дән риза
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қараша айы Қазығұрт ауданы үшін сондай қарбаласқа толы болды. Себебі жастармен кездесу іс-шарасы мектептерде, «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында жиі-жиі ұйымдастырылды. Ең бастысы жастар жағы дән риза. Жергілікті әкімдіктің жастармен кездесулер өткізіп, көкейлерінде жүрген түрлі сұрақтарына тиісті жауаптар алуға мүмкіндік жасағаны үшін ата-аналар да, ұстаздар да атқарушы билікке зор алғыстарын білдіріп жатыр. Олардың айтуынша, мұндай маңызды кездесулер жастар үшін өте қажет. Солардың алдын алу үшін жастарға бірінші кезекте құқықтық сауат пен ақпарат қажет. Ал керекті ақпаратты білетін мамандармен болған сұхбат міндетті түрде жастардың сауатын ашуға көмектесері хақ. Сондықтан да қоғамда қылмыстың, түрлі жаман әрекеттердің алдын алу мақсатында осындай ауқымды іс-шаралар ұйымдастырыла бастады. Келеңсіздікке жол бермеу мақсатында осындай іс-шараларды ауданның әр білім ошағында қолға алуға шешім қабылданды. Ұйымдастырушылардың көздеген басты нәрсесі ол жастардың жаман жолға түсіп кетпеуін қадағалау, оларды ілім-білім үйренуге, бос уақытында пайдалы іспен айналысып, спортпен шұғылдануға шақыру болып отыр.

Сонымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Сарапхана ауыл округіне қарасты «Ы.Алтынсарин», «М.Өтемісұлы», А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектептерінде кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасында ерте жүктілік пен жыныстық сипаттағы әрекеттерді болдырмау мен алдын-алу мақсатында семинар-тренингтер болып өтті. Аталған жиын балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылық және жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспары негізінде ұйымдастырылып отыр. Жұмыс тобы мүшелерінің құрамында АПБ-нің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімше басшысы Орынбасар Артықбаев, «Жастар ресурстық орталығының» жастар практикасы бойынша психолог маманы Аружан Кәміл мен осы орталық басшысының орынбасары М.Абдуллаева қатысты.

Кездесу барысында мамандар қыз баласын қадірлеп, құрметтеудің маңыздылығы туралы сөз қозғады. Соның ішінде психолог маман Аружан Кәміл: «Қыздың намысы мен ары, адамгершілігі оның оқуға, қоғамдық пайдалы істерге, отбасына, құрбы-құрдастары мен ұжымға қарым-қатынасына байланысты. Әрбір қыз балаға ата-анасын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Қыз баланың бойына сыпайылық, мейірбандық, адалдық, сезімталдық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дарытуды халқымыз өте ежелден қолға алған. Қазақ қызы туралы елімізге белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева «Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек» деп пікір айтқан екен. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық», – деп атап өтті.

Сонымен бірге «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қақпақ ауыл округіне қарасты «Қақпақ», «Сырлысай №2», «Заңғар» жалпы білім беретін мектептерінде де осындай кездесулер ұйымдастырылды. Жалпы тақырып біреу ғана, ол: «балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылық және жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алу». Осыған байланысты аталған білім ошақтарында арнайы семинар-тренинг өтті. Бұл ретте ведомствоаралық іс-шаралар жоспарына сәйкес кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасында ерте жүктілік пен жыныстық сипаттағы қылмыстарды болдырмауға қатысты да маңызды мәселе қозғалды. Өз кезегінде жұмыс тобы мүшелерінің құрамында АПБ-нің ювенальды полиция инспекторы Абылай Қуандық, Талғат Нұрбеков, психолог Айсұлу Арапбаева, жастар орталығының әдіскері Наурызбек Оразалиев болды.

Мамандар балаларға құқық бұзушылық және оған қолданылатын шаралар жайында айта келе, жасөспірімдер арасында белең алған мотоцикл жүргізушілері тарапынан болатын жол-көлік оқиғалары жайына да ерекше тоқталып өтті. Себебі соңғы кезде жасөспірімдер тізгіндеген осы көлік құралымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеп кеткен. Сондықтан құқық қорғау органы өкілдері кез келген ауыр және 50 шақырым жылдамдықтан жоғары жүретін көлік түрлерін жүргізу үшін арнайы құжат болу міндетті екенін ескертті. Сонымен бірге мұндай көліктерді жүргізуге тек 18 жастан жоғары азаматтар ғана құқылы екенін естеріне салды.  Оқушылар арасында келешекте полиция қызметкері болғысы келетіндері табылды. Оларға тәртіп сақшылары ішкі істер қызметкерлері мамандығын тандау барысында басшылыққа алу керек жәйттер бойынша кәсіби бағдар берді.

Жастардың болашағы туралы Мемлекет басшысы үнемі айтып келеді. Мәселен, Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауларында жастар мәселесін қозғамай өтпейді. Сонымен бірге Президент Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде құмар ойынға қатысты ой қозғап, осынау өзекті проблема туралы біраз мәселе көтерген болатын. «Сол сияқты тағы бір қауіпті кесел – лудомания, яғни құмарпаздық. Кейбір мәліметтерге қарасақ, 400 мыңға жуық азамат – букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиенті. Бұл – тұтас бір қаланың халық санына пара-пар көрсеткіш. Шын мәнінде, лудомания – бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қатер. Соның кесірінен талай шаңырақ шайқалды. Талай азамат заң бұзып, қылмысқа ұрынды. Құмар ойын үшін қарызға батып, өзіне қол жұмсаған жандар туралы хабарлар, өкінішке қарай, күн сайын тарап жатады. Бұл дерт жас ұрпаққа өте үлкен зиян келтіреді. Онлайн-ойындар балалардың күнделікті ермегіне айналып барады. Құзырлы органдар былтыр интернет-казиноның белгісі бар 4 мыңнан астам сайтты бұғаттады. Біз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу үшін кешенді жоспар қабылдадық. Үкімет лудоманиямен күреске қатысты дәл сондай жоспар қабылдауы керек. Құмарпаздыққа заң жүзінде шектеу қою қажет. «Amanat» партиясы фракциясының бастамасымен осы мәселе бойынша тиісті заң жобасы әзірленді. Парламентте қаралып жатқан сол жобаны осы сессияның соңына дейін қабылдау қажет. Біз жастардың құмар ойынға салынып, арзан табысқа ұмтылуына жол бермеуіміз керек. Адал еңбекпен тапқан табыс қана берекелі болады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг пен агрессия да қазіргі уақыттағы қатерлі үрдіс. Ашығын айтсақ, қоғамда қатігездік күшейіп барады. Біреуге тіл тигізіп, ар-намысын таптап, тіпті, ұрып-соғуға дайын тұратындар аз емес. Жедел жәрдем және қоғамдық көлік жүргізушілеріне шабуыл жасалғанын білесіздер. Адамға әлімжеттік көрсету, қорлау дұрыс емес. Мұндай теріс әрекеттерге көз жұма қарауға болмайды. «Ауруын жасырған өледі». Сондықтан біз осы қоғамдық дертті жасырмай, ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз үйде де, түзде де өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, қауіпсіз ортада өмір сүруі керек. Заң мен тәртіп қатаң сақталуға тиіс, яғни қоғамда Заң үстемдігі болуы қажет. Ең бастысы, біз мейірімді әрі мәдениетті ұрпақ тәрбиелеуіміз керек», – деген еді Мемлекет басшысы.

Осы орайда «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен тағы да бір семинар-тренинг Тұрбат ауыл округіне қарасты «Ақпарақ№1», Ш.Қалдаяқов атындағы жалпы білім беретін мектептерінде өткенін айта кету керек. Осы кездесуде мектеп оқушылары балалардың құқықтары мен оларды қорғаудың жолдары, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың зардаптары мен салдары, ерте жүктілік пен жыныстық сипаттағы қылмыстан қорғанудың тәсілдері туралы көп ақпарат алды. Ал мамандар құрамындағы жұмыс тобының мүшелері АПБ-нің ювенальды полиция инспекторы Талғат Нұрбеков, жастар орталығының әдіскері Өмірбек Төлеев пен жастар орталығының «Талантты жастарды қолдау» бөлімінің басшысы Роллан Турды оқушыларға өздерін қызықтырған немесе мазалаған сұрақтары бойынша жауап берді.

Фото: Adym.kz

 

Tags: «Жастар практикасы»«Жастар ресурстық орталығы»жастар саясаты
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жастардың жанашырлығы жанға қуат береді

Жастардың жанашырлығы жанға қуат береді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға 30 келіден астам есірткі жібермек болған

Жамбыл облысының тұрғыны Астанаға 30 келіден астам есірткі жібермек болған

1 год ago
Қазақстанда спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы берілетін төлем бірнеше есеге өсуі мүмкін

Қазақстанда спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы берілетін төлем бірнеше есеге өсуі мүмкін

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In