• RU
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Президенттік кадр резерві

Жастар үшін басты мақсат – ел игілігі үшін қызмет ету

Елімізде «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай мемлекеттік қызметшілердің тұлғалық болмысын жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл жай ғана ресми стандарттар емес – халыққа қызмет ету идеясына негізделген философия болуы тиіс. Оның мақсаты – қоғамға үлгі бола алатын тиімді мемлекеттік аппаратты құру.

by Jasyn
11/11/2024
in • Президенттік кадр резерві
0
Жастар үшін басты мақсат – ел игілігі үшін қызмет ету
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Және антқа адалдықтың маңыздылығын басты назарда ұстау. Әрбір жас мемлекеттік қызметші ант қабылдағанда адал, әділ және өз міндеттерін мінсіз орындауға уәде береді. Ант қоғамға адал қызмет ету, ел мүддесін қорғау және жоғары моральдық құндылыққа сәйкес әрекет ету міндетін жүктейді.

Тағы бір айтары халық сеніміне ие болу, заң үстемдігін орнықтыру. Әділдік, ашықтық және әдептілік қағидаттарына сай қызмет ету қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін орнықтырады. Мемлекеттік қызметшілер барлық азаматтың заң алдындағы теңдігін қамтамасыз етіп, объективті шешімдер қабылдауға тиіс.

Жақында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Түркістан облысындағы Өңірлік кадр резервінің мүшелері және белсенді жастарымен кездесулер өткізді.

Өңірдің мемлекеттік қызметшілерімен өткен жиында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы мемлекеттік аппаратты адамға бағдарланған және сервистік сипатта қалыптастыру, бюрократиядан арылту бойынша атқарылып жатқан шаралар жайлы баяндады. Мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызметтің гибридтік моделіне көшу, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру және адам ресурстарын басқаруды цифрландыруға қатысты жоспарлармен бөлісті.

Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы «Мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтің сапасын одан әрі арттыра түсу үшін бәріміз адал әрі әділ болуымыз, тек заң аясында әрекет етуіміз, берген уәдеміз бен ісіміз үшін жауап бере білуіміз керек» деген пікірінің мемлекеттік қызметшілер үшін маңызды екендігіне назар аударды.

Іссапар барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері және жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің тыңдаушыларымен еркін форматта кездесу өткізіп, оларға жоғары оқу орындарының үздік түлектерін аудандық және ауылдық жерлерде төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындау мүмкіндігі беріліп отырғандығын және «eQyzmet» жүйесінде мемлекеттік қызметке онлайн форматта іріктеудің қолжетімділігі мен тиімділігі жайлы айтты.

Ол мемлекеттік қызмет мамандық таңдамайтынын, онда түрлі маман өкілдері қызмет атқара алатынын атап өтіп, болашақта мемлекеттік қызметке келемін деген жастар үшін басты мақсат – жеке бастың мүддесі емес, ел игілігі үшін қызмет ету болуы керек екендігін ескертті. Жастар мемлекеттік қызметке кіруді барынша ашық ету бойынша енгізілген жаңашылдықтарға қызығушылық танытып, Агенттік басшысына өз сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Дархан Жазықбай аймақтардағы талантты жастарды қолдау және оларды мемлекеттік басқару ісіне тарту мақсатында Президент бастамасымен жүзеге асырылған Өңірлік кадр резервіне Түркістан облысы бойынша биыл алғаш іріктелген жастармен кездесті. Агенттік төрағасы резервшілерге үлкен жауапкершілік артылатынын айтып, оларды елге адал қызмет етуге шақырды.

Жұмыс сапары аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Түркістан қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Ол мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы, қызмет алудағы азаматтарды құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы Агенттіктің басты назарында екендігін айтты. Айта кету керек, Түркістан облысында 2024 жылдың 1 жарты жылдығында 12,5 млн. қызмет көрсетілсе, оның 98% электронды нысанда ұсынылған.

Осы тұста айта кету керек, мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орындарын үздік аяқтаған түлектер (GPA 3.33-тен жоғары) оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдануда. Бүгінде республикада 200-ден астам түлек аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі және басшылық емес лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылданса, оның 25-і Түркістан облысына тиесілі. Және Түркістан облысында резервке алынғандар арасынан 2 резервші конкурстық іріктеусіз, оның ішінде 1-уі аудандық деңгейдегі лауазымнан облыстық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындалса, 2-сі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды.

Сондай-ақ ​Түркістан облысы әкімі аппараты мен Департаменттің бірлесе ұйымдастыруымен облыс әкімі аппаратында семинар-кеңес өткізілді. Оған қала, аудан әкімдері аппараттарының, Персоналды басқару қызметіне жауапты бөлім басшылары және облыс әкімдігіне қарасты басқарма басшыларының орынбасарлары қатысты.

​Семинар-кеңесте облыстың жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін электронды жүргізу бойынша «е-қызмет» ЫАЖ-де жүргізіліп жатқан жұмыстар, мемлекеттік қызметке немесе басшы лауазымдарға алғаш рет тағайындалғандардың қайта даярлау курсынан өту және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мерзімдерінің сақталуына қатысты сұрақтар талқыланды.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет саласын реттейтін қолданыстағы заңнамалармен жастарға берілген мүмкіндіктер, соның ішінде ЖОО мемлекеттік грантпен үздік аяқтаған түлектердің бүгінде аудан және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдануы бойынша жүргізілген жұмыстар айтылып, жергілікті атқарушы органдарға өңірлік кадр резервінің резервшілерін тарту бойынша сөз қозғалды.

​Қазақстан Республикасы Президентінің № 602 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында, алдағы уақытта жастарды мемлекеттік органдарға тарту үшін мектеп және жоғары оқу орындарының деңгейлерін қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институты құрылатын болады.

Осыған орай, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысы А. Наурызбаев Түркістан қаласында орналасқан Назарбаев Зияткерлік мектебінің белсенді 10-сынып оқушысы Айдан Айболатты қабылдады. Кездесу барысында аталған мектептің оқушыларын өңірдегі мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру, жастарды мемлекеттік қызметке тарту мәселелері талқыланып, мемлекеттік қызметке кіру бойынша жастарға берілген мүмкіндіктер айтылды. Бұл ретте, тағылымдама бағдарламасы Зияткерлік мектеп оқушыларының мемлекеттік қызметте одан әрі ықпалдастырылуына және кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталатын болады.

Фото: Қармақшы таңы

 

 

Tags: мемлекеттік аппаратмемлекеттік институтӨңірлік кадр резервіТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Мен мемлекеттік қызметті не үшін таңдаймын?»

«Мен мемлекеттік қызметті не үшін таңдаймын?»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адамдар жинауды ұйымдастырған — прокуратура

Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адамдар жинауды ұйымдастырған — прокуратура

3 года ago
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда балансы қай деңгейде

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда балансы қай деңгейде

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In