• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

«Жастар Рухы» — жастардың рухын көтеретін ұйымға айналды

Елімізде жастар саясатына үлкен мән беріліп келеді. Әрине, мемлекеттің болашағы жастар десек, елімізде қолға алынып жатқан түрлі бағдарламалар жастар үшін жасалып жатқаны сөзсіз. Өйткені жастар қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші екені анық. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық пен адамгершілік сезімдері жан-жақты жетілгенде ғана патриоттық парасаттары асқақтай түседі.

by Jasyn
25/08/2024
in • Жастар саясаты
0
«Жастар Рухы» — жастардың рухын көтеретін ұйымға айналды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Міне, өткен аптада Түркістан облысы Төлеби ауданында жастарға рух беретін тағы бір іс шара бастау алды. Нақтырақ айтсақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов «Жастар Рухы» республикалық жастар саяси лагерінің жұмысына қатысты.

Түркістан облысы Нысанбек ауылында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 420 делегаттың бас қосуымен өткен жиында сөз алған Ерлан Жақанұлы, жастар үнемі жаңа үрдістердің басы-қасында жүретінін және мемлекетіміздің қозғаушы күші бола отырып, Әділетті Қазақстанның болашағы саналатынын атап өтті.

– Осыдан екі жыл бұрын біз Зерендіде жастар қанатының атауын өзгерту туралы шешім қабылдаған едік. Содан бері «Жастар Рухы» қарқынды жұмыс атқарып келеді. Ұйымның аты ғана емес, заты да өзгерді. «Жастар Рухы» еліміздегі жетекші қозғалысқа, жастардың рухын көтеретін іргелі ұйымға айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Зеренді форумындағы бейнеүндеуінде жастардың заман талабына сай дамуы үшін үш негізгі басымдықты айқындап берді. Ол – білімге ұмтылыс, еңбекқорлық және патриотизм. Бұл бағыттар жастар қанатының алдағы даму жолының өзегіне айналды, – деді партия төрағасы Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ партия төрағасы «Жастар Рухының» миссиясы – жастарды өзекті мәселелерді шешуге жұмылдыру және өскелең ұрпақты мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты тарту екеніне тоқталды.

«AMANAT» партиясының бастамасымен жыл сайын өтетін республикалық жастар саяси лагері, шын мәнінде, жас буынның заманның даму үрдісіне сай өсіп-өркендеуіне, тұлғалық жетілуіне қызмет ететін мәртебелі алаңға айналып отыр.

Саяси лагерь аясындағы «Bir Tolqynda» ашық диалог алаңында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек спикер ретінде шығып, саяси лагерге қатысушы жастармен күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша емен-жарқын сұхбат құрды.

Партия ашып берген алаңда жастар түрлі тақырыптарды қозғады. Партияның Атқарушы хатшысы талапты жастардың ішінен дарынды көшбасшыларды тәрбиелеу, жаңаша ойлайтын жас толқынды қалыптастыру, жас буынның әлеуетін пайдалы істерге жұмылдыру туралы ойларымен бөлісті. Табыстың кілті табанды еңбекте екенін айтты. Адамды алғырлық қасиет қана алға жетелейтінін еске салып, мінез-болмысы қайратты азаматтар қана алға қойған мақсатына жететінін түсіндірді.

Еркін мазмұндағы пікір алмасу алаңында Дәулет Жамаубайұлы, күнделікті өмірде кездесетін, тұрмыс-тіршілікте орын алатын жағдайлардан нақты мысалдар келтіре отырып, мемлекеттілігімізді нығайтуға қызмет ететін шынайы жанашырлық пен терең жауапкершілікті талап ететін мәселелерге көңіл бөлді. Азаматтық сана сезімді жаңғыртудың маңыздылығын айтып, жалпыға ортақ дүниетанымды қалыптастыру, өмірлік ұстанымдарды қоғамға пайдалы тұрғысынан өзгерту жөніндегі ойларымен бөлісті. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын құндылықтар жүйесіне адал болудың алғышарттарын атап өтті.

Сондай-ақ партияның Атқарушы хатшысы, партиямыз бастамашыл болған «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобаларының тиімділігін нақты деректерді келтіре отырып, айтып берді. Қоғамда қызу талқыға түскен тақырыптар шеңберінде партиямыз жария еткен ұстанымды түсіндіріп өтті. Жас белсенділер өздерімен екі сағаттан аса ашық сыр-сұхбат құрған Дәулет Жамаубайұлына алғыстарын білдіріп, мемлекет пен қоғамның дамуына пайдалы жасампаз істерге күш біріктіруге әзір екендіктерін жеткізді.

Жастармен бір толқында өрбіген сұхбат алаңында жастар көтерген сауалдарға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев, Асхат Қанатұлы Аймағамбетов, Темір Базарбайұлы Қырықбаев, Екатерина Васильевна Смышляева жауап беріп, жас буынмен бетпе-бет отырып пікір алмасты. Парламент өкілдері жастардың білім алуы, экономикалық белсенділігін арттыру, өзіндік дамуына жағдай жасау, оларды ортақ идеялар арасына біріктіру, қоғамға пайдалы істер атқаруға жұмылдыру мәселелері талқыланды.

Лагерьдің оқу сессияларында белгілі тележурналист, «SSLab» медиа-мектебінің негізін қалаушы Сәнді Сұлтан «Сізді есту үшін қалай сөйлеу керек?» деп аталатын авторлық жобасын таныстырды. Қоғамға белгілі PR-менеджер, «Қазақстан» Ұлттық арнасының тележүргізушісі Айкерім Есенәлі «Сөзің өтімді болсын!» тақырыбындағы жеке тәжірибесімен бөлісті. Танымал медиа тренер, PR және коммуникациялар саласының маманы, журналист Назым Жанғазы қоғаммен байланыс және коммуникациядағы құндылықтар жүйесі жөніндегі озық үрдістермен таныстырды. Кәсіпқой психолог Ержан Мырзабаев өткізген тренингте жастар отбасылық қарым-қатынас, бала тәрбиесі, жалпы психология, қоғамдық стереотиптер туралы жантану ілімінің жаңа қырларын танысып, білді.

Тренингер барысында шешендік өнердің басты ерекшеліктері туралы түсінік беріліп, әдемі сөйлеудің әдебі, ойыңды сауатты жеткізудің артықшылықтары, көпшілік алдында сөз бастау мен жарқын сөйлеу өнері, сұхбат жүргізудің ұтымды әдістері жөнінде пайдалы ақпараттар берілді. Сөздің сенімді шығуын, өтімді болуын қамтуда жеке дағдыларды қалыптастыру, өмірлік ұстанымды ілгерілету, көпшілік алдында сөз бастаудың қиындықтарын еңсеру, тағы да басқа қоғаммен байланыс және коммуникация саласындағы трендтік үрдістер мен құндылықтар жүйесі туралы қажет мағлұматтар алды. Психологиялық тренингте жастар әр азаматтың отбасы, орта, қоғам, мемлекет шеңберіндегі алар орны жайлы түсінік алып, жеке қызығушылықтарын айқындау, оның ішінде цифрлы ортада адамның жеке құндылықтар жүйесіне адал болуын қамту мәселелері бойынша білімдерін арттырды.

Рухы азат, көкірегі ояу ұрпақтың өсуіне жағдай жасауды мақсат тұтқан «AMANAT» партиясы, отаншыл азаматтар шоғырын қалыптастыруға қызмет ететін мұндай шараларды өткізуді алдағы уақытта да жалғастратын болады. Қоғам болып бірігіп еңбекқор, дарынды, білімді, озық ойлы ұлтты қалыптастырады.

Сонымен Түркістан облысы Төлеби ауданындағы «Тау самалы» демалыс аймағында «AMANAT» партиясының жыл сайынғы республикалық жастар саяси лагері өз жұмысын бастады.

«Ортамызды толтырып жатқандарыңызға алғысымызды білдіріп, қош келдіңіздер дегім келеді. Партияның жас белсенділерін Түркістан облысында көргеніне қуаныштымыз. Лагерьдің жұмысын ресми түрде ашық деп жариялаймыз» деп «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова ағынан жарылды.

Жалпы алғанда партия жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ауқымды шараға республикалық мәртебесі бар 3 қала мен 17 өңірден 400-ден астам делегаттар қосылды. 4 күнге созылған шарада «Bir Tolqynda» диалог алаңының, тақырыптық панельдік сессиялар мен оқыту семинарларының жұмысына «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері, депутаттар, жастарды қолдау жөніндегі республикалық және өңірлік кеңестердің мүшелері, жастар санатындағы қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар ұйымдарының көшбасшылары мен өкілдері, еріктілер, эко-белсенділер, жас кәсіпкерлер, ғалымдар, спортшылар, шығармашылық жастар қатысты.

Шараның мақсаты — белсенді қазақстандық жастарды партиялық жобалар мен бастамаларды іске асыруға жұмылдыру, олардың заманауи дағдыларды игеруге қабілетін арттыру болғандықтан бұл тренинг жас белсенділер арасынан жаңа толқындағы саяси көшбасшыларды даярлауға мүмкіндіктерді кеңейтуге қызмет ететіні анық.

Тимбилдингте жастар топтарға бөлініп, демалыс аймағының жұмысымен танысты. QUIZ ойындары ойнатылып, әр өңірден келіп, бас қосқан жастардың сауық кеші аймақтардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Фото: Төлеби Ауданы Әкімдігі

Tags: «Bir Tolqynda» ашық диалог«Ауыл аманаты»«Жастар Рухы»«Қарызсыз қоғам»Аманат партиясыТимбилдингТүркістанТүркістан облысы Төлеби ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарушыға сот қандай үкім шығарды?

Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарушыға сот қандай үкім шығарды?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Алексей Цойдың не себепті қызметінен босатылғаны белгілі болды

Алексей Цойдың не себепті қызметінен босатылғаны белгілі болды

3 года ago
АТОМ СТАНЦИЯЛАРЫ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

АТОМ СТАНЦИЯЛАРЫ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In