• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

ЖАСТАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Сауран ауданында жуырда ғана отау құрған жас отбасы алғаш рет референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Үшқайық ауылдық округінің тұрғындары Дәрібай Хасенұлы мен жұбайы Дилназ Бақытжанқызы жалпы халықтық референдумға белсенділік танытуды азаматтық парызымыз деп біледі.

by Jasyn
06/10/2024
in • Жастар саясаты, Топ
0
ЖАСТАР ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

“Бүгін азаматтық позициямызды білдіру үшін сайлау учаскемізге келдік. Себебі бұл әрбіріміздің парызымыз. Біз азамат ретінде еліміздің ертеңіне, болашақ ата-ана ретінде балаларымыздың келешегіне жауаптымыз”, деді жас жұбайлар.

Ал, Кентау қаласы Хантағы ауылындағы №60 референдум учаскесінде Отан алдындағы борышын өтеп келген, көпбалалы отбасыдан шыққан кенже ұл Кенжебек Байтуған өз таңдауын жасады.

Ол Алматы 61993 әскери бөлімі десанттық шабуылдау әскерінде өз борышын өтеп, елдің болашағына бей-жай қарамайтын азамат, саясаи науқанда өз таңдауының да ел үшін маңыздылығын көрсетті.

Сарбаз көтеріңкі көңіл күймен келді. Ол өзінің болашағы үшін дауыс бергенін жақсы түсінеді және осы референдумнан оң нәтижелер болатынына сенім білдірді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына сай, бүгін еліміздің барлық өңірлерінде референдум өтіп жатыр. Бұл референдум мемлекеттік маңызы бар мәселе, «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа әрбір қазақстандықтың беретін жауабын айқындайды.

Сондай-ақКентау қаласында шаңырақ көтергендеріне бір күн болған Нұрдаулет пен Нұрсәуле елімізде өтіп жатқан науқанға бейжай қарамай, әр азаматтың таңдауы маңызды екенін көрсетті.

Өздері белгіленген 48 ші референдум учаскесіне барып, өз таңдауларын жасады. Бұл олардың мемлекетімізде өтіп жатқан саяси науқанға алғаш қатысулары.

«Біз жас отбасы болып күні кеше шаңырақ көтердік. Қазақстанның азаматы болғандықтан, өзіміздің конституциялық құқығымызды пайдаланып, елдің жарқын келешегіне сеніммен қарап өз таңдауымызды жасадық», дейді жас отбасы.

Бүгін халық «Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа жауап береді. «Иә» немесе «жоқ» деген екі жауап қарастырылған.

Фото: Кентау Қаласының Әкімдігі

 

 

Tags: жастар сайлаудареферендум аэсТүркістан облысы Сауран ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
ЖАС КЕЛІН МЕН КӨП БАЛАЛЫ АНА ДАУЫС БЕРДІ

ЖАС КЕЛІН МЕН КӨП БАЛАЛЫ АНА ДАУЫС БЕРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама керек — депутат

Қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама керек — депутат

4 года ago
Қазақстандық оқушылар Ұлыбританияда өткен робототехникадан халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, рекорд орнатты

Қазақстандық оқушылар Ұлыбританияда өткен робототехникадан халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, рекорд орнатты

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In