• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет

Тәуелсіз еліміздің кемелденуінде жастардың рөлі зор. Елімізде қанатын қаққан жастардың талапты талпыныстарына жол ашылып, білім, ғылым саласында көшбасшылық танытуларына мол мүмкіндіктер жасалуда.

by Jasyn
04/08/2024
in • Жастар саясаты, Без рубрики
0
Жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Міне, ел жастарының жарқырай көрінуіне үлкен мүмкіндік берген Түркістан облыстық жастар орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Zhas Camp. Jastar Academy II» атты жастар лагері де өз мәресіне жетті. Лагерь жұмысына еліміздің барлық өңірінен 300 белсенді жас қатысты.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев іс-шараға арнайы қатысып, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған көшбасшы жастармен еркін форматта кездесті. Онда тележүргізуші, актер Дәулет Бижанов модераторлық етті. «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілетудегі әріптестік: жастар мен мемлекет» диалогтық алаңында бірге өзекті тақырыптарды қозғап, пікір алмасты. Облыс әкімінің орынбасары әр өңірден келген жастарға белсенділік танытқаны үшін алғысын білдіріп, жастар бастамасын әрқашан қолдауға дайын екенін жеткізді.

        

– Түркістан өңірінде өздеріңіздей белсенді жастармен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Қазақтың төбе биінің атымен аталатын аймақта еліміздің көшбасшы, белсенді жастары жиналып отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет» деген болатын. Қазір жастар үшін мүмкіндіктер көп. Колледждер мен университеттерде гранттар қаралған. Кәсіпкерлікпен айналысамын дейтін жастар үшін де жеңілдіктер бар. Ең бастысы, жігерлі болу керек. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Жастардың сапалы білім алумен қатар, спортпен, өнермен шұғылданып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуы – біз үшін ерекше маңызды. Бүгінгі маңызды 3 күндік іс-шара жастардың жүрегіне жалын беріп, түрлі тақырыпта болған сессиялар өмірлеріңізге жаңа өзгерістер әкеледі деп сенемін, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Басқосуда жастар түрлі сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Үш күнге жоспарланған іс-шараның екінші күні жастар орталықтары басшылары мен қызметкерлеріне «Жастар еңбек жасақтары жұмысының тиімділігін арттыру» және «2025 жылға арналған мемлекеттік жастар саясаты саласының тақырыптық күнтізбесін әзірлеу» тақырыбында сессиялар өтті. Қатысушыларды белсенділікке, сенімділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында тимбилдинг, психологиялық кеңес өткізілді. Оны «Komek center» тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологы Айсұлу Тұрсынбаева мен Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары жүргізді.

Сонымен қатар елімізге танымал спортшылармен «Спорт – менің өмірімде» атты кездесу өтті. Ашық аспан астында спорт шебері, самбодан 3 дүркін әлем чемпионы Арман Оспанов, бокстан халықаралық спорт шебері, әлем чемпионы Біржан Жақыпов, Шымкент қалалық дзюдо федерациясының вице-президенті Алтынбек Абаев, экономист, блогер Сәбит Рысбаев өз тәжірибелерімен бөлісті.

Осы күні облысымыздағы бір жас баспаналы болды. «Asar Ume» қайырымдылық қоры жас анаға тұрғын үй кілтін табыстап, қуанышқа бөледі.

Сондай-ақ бұл күні барлық өңірдегі Жастар орталығының басшылары мен мамандары «TOP’ 23-24» мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясындағы өңірлік үздік жобаларын таныстырды. Қатысушылар 6 топқа бөлініп, спорттық сайыстарда өзара мықтыны анықтады. Осылайша, салауатты өмір салтын ұстанып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлес қосуда. Сонымен қатар белсенді жастары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қасқасу өзенінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Күн соңында ҚР Мәжіліс депутаты Руслан Берденов кешкі алау басында жастармен кездесіп, «Лудомания: қоғамға төнген қатер» тақырыбында ой өрбітті. Лагерьге қатысушылар жастар саясатын жүзеге асыру және жастардың әлемді құру мен дамыту рөлін және олардың жолында тұрған күнделікті проблемалар туралы пікір алмасты.

Шара соңында легерь жұмысына белсенді қатысқан азаматтар мен спорттық ойындардың жеңімпаздары марапатталды. «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының қолдауымен әуе шары ұшырылып, концерттік бағдарламаға жалғасты.

Әлемдік даму тарихында келешек жастарға сенім артқан ұлт қана алға қойған мақсат, мұраттарына қол жеткізіп, дамудың даңғыл жолына түскені айқын. Ел тағдырына араласатын ұрпақтың сана-сезіміне дұрыс бағыт-бағдар беріп, олар ертеңіміздің жарқындығын сезініп өсуі тиіс. Бұл бағытта Түркістан облысында атқарылып жатқан іс-шаралар өте көп.

Жақында Сайрам ауданында ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану, оларды қоғамдық ортаға тарту, мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізуге бағытталған «Жастарға бағыт» жастар керуені аясында Жібек Жолы ауылының тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар насихатталып, ақпараттық брошюралар таратылды. Сонымен қатар, тұрғындарға суда шомылу қауіпсіздігі туралы ақпараттар айтылды. Және қауіпсіздік ережелері таныстырылып, арнайы брошюралар таратылды.

Ал, Кентау қаласына қарасты екі мың жылдық тарихы бар Қарнақ ауылында жастар жиналып, білімдері мен ой сананы дамытуға мүмкіндік беретін білімділер сайысын өткізді.

Бұл игі шара “Бірлігіміз жарасқан” атты тақырыбында ұйымдастырылды. Білімділерін дәлелдеуге келген сайысты қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова ашып, барша қатысушыға сәттілік тіледі.

Ұлттар мен ұлыстар татулығын насихаттау, халық бірлігін қамтамасыз ету мақсатында өткен сайысқа Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауыл тұрғындары, әр түрлі сала мамандарынан құралған 12 топ қатысты. “Бірлігіміз жарасқан” атты интеллектуалдық ойынға қатысушылар өз топтарының атауы мен ұрандарын қысқаша таныстырып, мақал-мәтелді жалғастыру, салт-дәстүр, музыкалық және логикалық сұрақтар бойынша 5 кезеңде шың мықтыны анықтай білді.

Қызықты да тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша ІІІ-орын «Тұран» командасына бұйырса, ІІ-орынға «Алау» командасы лайық деп танылды. І-орынды «Шабыт» командасы жеңіп алып, жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын айтқан болатын. Осы бағытта көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, ел азаматтарының спортқа деген қызығушылығы күннен-күнге артып келеді. Мәселен қазір әлемдік деңгейде кеңінен тарап келе жатқан спорттың бірі шағын футбол ойындары. Спорттың бұл түрі бойынша халықаралық деңгейден бастап, облыстық, аудандық деңгейдегі біріншіліктер өтіп келеді. Мұны спорттық іс-шара ғана емес достық қарым-қатынасты қалыптастырып, татулық пен ынтымақтастықты арттыратын жарыс деп те айтуға әбден болады.

Осы орайда, Келес ауданында өткен облыстық «EVENING SPORT» жобасы аясында «Спорт-саулық негізі» атты кіші футбол турнирінің нәтижесі бойынша Сарыағаш ауданының жастары қос жүлдеге ие болды. Жобаның мақсаты — жастарды спортпен белсенді айналысуға шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында футболды насихаттау және бұқаралық спортты дамыту.

Кіші футбол турниріне облысымыздың аудан, қаласынан 12 команда қатысты. Жарыс қорытындысында Жетісай ауданынан келген «Айдос оформление» командасы I орынды жеңіп алса, II орынға — «Сарыағаш» командасы (Сарыағаш ауданы), III орын тағы да сарыағаштық «Көктерек» командасына бұйырды.

Ал, “Үздік ойыншы” номинациясы иегері — Тұрар Еркебұлан, Келес ауданы;

“Үздік қақпашы” номинациясы иегері — Сиязбек Қуаныш, Бәйдібек ауданы.

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Tags: «Asar Ume» қайырымдылық қоры«EVENING SPORT» жобасы«TOP' 23-24» мемлекеттік жастар саясаты«Zhas Camp. Jastar Academy II» атты жастар лагері«Адал азамат» тұжырымдамасы«Спорт – менің өмірімде» кездесужастар мен мемлекетТүркістан облыстық жастар орталығы
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Баспаналы болуды он жеті жылдан бері армандағанбыз»

«Баспаналы болуды он жеті жылдан бері армандағанбыз»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Сборная Казахстана участвует в 55-й международной олимпиаде по химии

Сборная Казахстана участвует в 55-й международной олимпиаде по химии

2 года ago
Қазақстанда сотталғандардың бірыңғай киім үлгісі бекітілді

Қазақстанда сотталғандардың бірыңғай киім үлгісі бекітілді

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In