• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір

Отбасы — мемлекеттің іргетасы. Отбасы – адам баласының өсіп — өнер, қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы.

by Jasyn
02/12/2024
in • Жастар саясаты
0
Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Адамзат өміріндегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын жандар, оны ұрпақ санасында қалыптастыратын ардақты әкелер мен аяулы аналар. Сынақ үшін берілген қысқа ғұмырда жанұяларымызды құрметтеуге, сыйлауға, өнегелі етуге тиіспіз. Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата — анаңның алдында адамның парыз — міндеті өлшеусіз. Міне, сол ата-анаға сенің отбасыңның жарасым тауып отырғанын көргеннен артық бақыт жоқ. Ананың ақ сүтін, әкеңнің адал күшін ақтау — өз болашағыңда сақтау деген сөз. Отбасы шаттығын қалыптастырудың бір тетігі де осында жатыр. Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Ол құндылықтар ежелден бері келе жатқан немесе жаңадан шығарылған құндылықтар болуы мүмкін. Бұдан басқа адамдар отбасылық құндылықтарды басты үш топқа бөледі. Олар дәстүрлі, қазіргі, тәрбиелі отбасылық құндылықтар деп аталады.

Міне, осы орайда жақында Түркістан облысы Жетісай ауданында отбасылық құндылықтар ұлықталып, отбасылық құндылықтар туралы жастармен ашық әңгіме болды. Өйткені жастарды ұлттық нышандағы құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі.

Осылайша Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудандағы отбасындағы өнегелі тәрбие жайында ақыл-кеңес беру, отбасы құндылықтарын қалыптастыру және дамыту мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.

Жиынға «Шаңырақ» отбасы клубының жетекшісі К. Сламбекқызы және аудандық Аналар кеңесінің мүшелері, “Қоғамдық келісім” КММ-нің мамандары, студент жастар мен орталық қызметкерлері қатысты.

”Зорлық-зомбылықсыз 16 күн белсенділік” акциясы аясында өткен іс- шара барысында жастар отбасы тақырыбында әңгіме қозғап, ойландырып жүрген тақырыптарды көтеріп, пікір-тілектерін білдірді. Шаңырақ шаттығы мен отбасы берекесінің қуанышы қандай, қиындық неден туындайды деген мәселелер төңірегінде қызу әңгіме өрбіп, жастарға отбасындағы өнегелі тәрбие жайында ақыл-кеңестерін айтты. Отбасылық құндылық мәселесі бүгінгі таңда күн тәртібінен түс­пей тұрған өзекті тақырыпқа айналды. Сондықтан, жастар арасында мұндай түйткілді тақырыптарды көтеріп отырудың маңызы айрықша екендігі де тілге тиек етілді. Шараға шақырылған қонақтардың әрқайсысы жас отбасылардың ажырасу себептері мен тастанды балалардың жағдайы туралы өз пікірлерін ортаға салып, қоғам алдында тұрған маңызды міндет – отбасылық бақытқа дұрыс көзқарас қалыптастыру екендігін ерекше атап өтті.

Басқосу соңында отбасын нығайту, үлкендерге ізет көрсету секілді өзекті мәселелер сөз болып, еңбек ардагерлері жас буынды тәрбие­леуде өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жалпы алғанда өңір жастарын сапалы білім ресурстарымен қамтамасыз ету басты мақсаттың бірі. Осы орайда Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған республикалық “Daryn.online” білім беру платформасының таныстырылымы өтті.

Іс-шараның мақсаты – өңір жастарын сапалы білім ресурстарымен қамтамасыз етіп, ҰБТ-ға тиімді дайындық жүргізуге мүмкіндік беру.

Кездесу модераторы – Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшы орынбасары Ескулов Пердебек Сержанұлы жоғары сынып оқушыларына платформаның тиімділігі мен қолжетімділігі мен білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктер туралы айтты.

Кездесуге арнайы қатысқан Халықаралық Daryn.online компаниясының Сату және Дамыту бөлімі басшысы Қуатбай Бәйдібек Нұрланұлы платформа туралы жан-жақты ақпарат берді. Ол өз сөзінде:

“Daryn.online – Қазақстандағы білім алуға деген сұранысты толығымен қамтитын бірегей платформа. Біздің мақсатымыз – оқушылардың білім алу үдерісін барынша жеңілдетіп, сапалы әрі қолжетімді оқу ресурстарын ұсыну. Түркістан облысындағы жастардың білімге деген ұмтылысы ерекше, сол себепті осындай кездесулердің маңызы зор,” – деп атап өтті.

Кездесу барысында оқушылар мен ата-аналарға платформаның мүмкіндіктері, функционалдары мен ҰБТ-ға дайындыққа арналған курстары таныстырылды. Сонымен қатар, Түркістан облысының 17 аудан, қаласынан келген 50 оқушыға “Daryn.online” платформасына тегін тіркелу мүмкіндігі ұсынылды.

Одан бөлек, ұйымдастырушылар ерекше мотивация ретінде 130 балдан жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларға Дубайға жолдама берілетінін жариялады. Бұл бастама оқушылардың ынтасын арттырып, жоғары нәтижеге жетуге үлкен серпін бермек.

Кездесу барысында оқушылар мен ата-аналарға платформаның мүмкіндіктері, функционалдары мен ҰБТ-ға дайындыққа арналған курстары таныстырылды. Сонымен қатар, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, білім беру жүйесіндегі жаңа цифрлық технологиялармен жақынырақ танысты.

“Daryn.online” платформасы – білім алушылардың білім деңгейін көтеруге бағытталған заманауи құрал. Бұл бастама Түркістан жастары үшін сапалы білімге қол жеткізуге жаңа жол ашып отыр.

Тағы бір айтары, Жетісай ауданының жас ұстаздары тынымсыз еңбегінің арқасында әрдайым мерейлі болып жүр. Жақында облыстық байқауда жетісайлық жас ұстаз жеңімпаз атанды.

Нақтырақ айтсақ, облыстық “Педагогикалық идеялар фестивалі” байқауында Жетісай ауданы № 7 Тұран мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Аралбаев Табиғат Маратұлы жеңімпаз атанды.

Осылайша Жетісайлық жас ұстаз педагогтердің кәсіби өсуі мен өзін-өзі шығармашылық жағынан жетілдіруін ынталандыру, бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау мақсатында өткізілген байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Жетісай ауданында мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жас азаматтарды, түрлі салада өзінің білімімен, талантымен, белсенділігімен топ жарған жастарды анықтау және марапаттау мақсатында жастар премиясы өтті.

Бұл іс-шараның басты мақсаты — жастардың ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметіне облыс әкімдігі тарапынан қолдау көрсету, олардың шығармашылық ізденістеріне,қоғамдық бастамаларына және тұлғалық қалыптасуына кеңінен мүмкіндіктер ашу басты мақсаты болып табылады.

Бас-аяғы 17 номинация бойынша, яғни, үздік жас спортшы, үздік жас жаттықтырушы, үздік жас кәсіпкер, жалынды жас, үздік жас мұғалім, үздік жас кітапхана қызметкері, білім саласының үздік жасы, үздік жас мемлекеттік қызметкер, үздік ерікті жас, мәдениет саласының үздік жасы, жастар орталығының үздік қызметкері, үздік студент, бейбіт өмір батыры, талапты жас, үздік жас сарбаз, үздік оқушы, үздік жас, көрікті ел қызметкері номинациялары бойынша үздіктер анықталды.

«Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір» дейді дана халқымыз. Жастардың өмірдегі ұстанымдары әркез қоғам мүддесімен тоғысып, мемлекеттің даму қарқынына ілесіп отырғаны абзал. Сондықтан келешек ұрпақтың парасатты да мәдениетті жетіліп, білімді, озық технологияларды, ғылымды жан-жақты меңгеріп, әсіресе, елжанды азамат, білікті басқарушы болып қалыптасуы біздің болашағымыздың кепілі.

Фото: ONINFO.KZ

 

 

 

 

Tags: Жастар – болашағымызОтбасылық құндылықтартәрбие
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жастар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу – маңызды міндет

Жастар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу – маңызды міндет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Денис Теннің өлімі: Сот Жанар Толыбаеваны колонияға неге қайтарғанын түсіндірді

Денис Теннің өлімі: Сот Жанар Толыбаеваны колонияға неге қайтарғанын түсіндірді

4 года ago
Өзіміз өсірген бидайдың пайдасын көре алмай отырмыз – Мәжіліс депутаты

Өзіміз өсірген бидайдың пайдасын көре алмай отырмыз – Мәжіліс депутаты

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In