• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Отбасылық құндылықтар

Жас ұрпақ тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті

Өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөліп, оларды игі істерге бағыттау маңызды. Барлық оқу орындарында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың бойына адами құн-ды¬лықтарды сіңіру, мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайтуға аса мән беріледі.

by Jasyn
10/08/2024
in • Отбасылық құндылықтар
0
Жас ұрпақ тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

— Балаға тәлімді тәрбие мен лайықты білім беруде баршамыздың ұстанымымыз бір, мүддеміз ортақ. Сәт сайын өзгеріп, көз ілеспес жылдамдықпен дамуға бет алған бүгінгідей дәуірде рухани құндылықтар мен ұлттық тәр­биенің өзегінен ажырап қалмауға тиіспіз, — дейді бұл жөнінде Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов.

2023-2024 оқу жылынан бастап тәрбие жұмысы барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің  бұйрығымен бекітілген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде жүзеге асырылуда. Бағдарлама жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде адал азаматты тәрбиелеуді көздейді. Білім беру ұйымдарының барлық тәрбие жұмысының мазмұнында ұлттық мүдде, ар-ұят, талап тәрбие құндылықтары арқылы жүзеге асырылуда.

Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тәрбиелеу ісі: оқу пәндерінің мазмұны; сынып сағаттары мен тәрбиелік іс-шаралар;  сыныптан тыс іс-әрекеттер мен қосымша білім беру (үйірмелер, клубтар, секциялар, факультативтер және т.б.) арқылы жүзеге асырылады.

— Ағымдағы жылы ата-аналар­мен жұмыстарды күшейту, ата-­аналар комитетінің, әкелер кеңесінің беде­лін арттыру, ата-аналар институтын құру мақ­сатында ҚР  Оқу-ағарту министірінің бастамасымен облыста  білім беру қызметкерлері мен ата-аналардың, мемлекеттік мүдделі органдардың өкілдерінің қатысуымен «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» атты бірлескен кең ауқымды кездесу өткізілді, — дейді Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов. — Кездесуде бала тәрбиесі, отбасылық, рухани құндылықтар мәселесімен қатар жас­өспірімдер ара­сындағы құмар ойындардың, өз-өзіне қол жұмсаудың, құқық бұзушылық пен топтық төбелестің, бул­линг, кибербуллингтің, интернетке тәуел­діліктің алдын-алу мәселелері қаралды.

Облыстағы барлық білім беру ұйымдарында мектеп және ата-ананың жауапкершілігін кү­шей­туді көздейтін мектеп пен ата-ананың өзара іс-қимылының жаңа «Оқушы — мектеп — ата-ана» өзара ықпалдастығымен жұмыстар жаса­луда. Ата-аналарға кеңес қызметін әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында «Отбасы – мектеп», «Мектеп өмірінің бір күні» атты жобалары енгізілген. Рухани – адамгершілік тәрбие беру, ұлттық тәрбие құндылықтарын дамыту бағытында «Ата-аналар комитеті», «Әжелер мектебі», «Әкелер кеңесі» бастамаларымен жұмыстар жүргізілуде.

Осы мақсатта білім беру ұйымдарында өткен оқу жылында ата-әжелер, әке-ана­лардың қатысуымен 400-ден аса іс-шара өткізіліп, оған 20 мыңға жуық оқушы қатысқан. Ардагер ұстаздар мектептің оқу-тәрбие жұмы­сына белсене араласып, ұрпақтар сабақ­тастығы негізінде жас ұстаздарға, оқу­шылар мен ата-аналарға ақыл-кеңестерін беріп, тәжіри­белерімен бөлісіп, тағылымды тәр­биелік іс-шараларға қатысуы дәстүрге айналған.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда мектептерде оқушыларға ұлттық тәрбие беру жұмысы үздіксіз  жүргізілуде.

Атап айтсақ, биылғы оқу жылында жоспар бойынша 308 мектепте «Ата-салтын ардақтайық» тақырыбында театрандырылған қойылым, 377 мектепте «қазақтың ұлттық тағамы ақ бауырсақ» мерекесі, 413 мектепте «Этно-fashion» тақырыбында ұлттық киімдер флешмобы,  315 мектепте «Қазағымның қазынасы-домбыра» тақырыбында домбыра пати өтті.

Бұдан бөлек, 28908 білім алушының қатысуымен  мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар сайысы, 22558 білім алушының қатысуымен қазақ эпостары мен жырлары үзінділерінен мәнерлеп оқу, 63616 білім алушының қатысуымен  ұлттық спорт ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, наурыз айында  қыздар тәрбиесіне байланысты жоғары сыныптағы оқушы қыздары арасында «Бұрымды қыз» облыстық байқауы,  26 сәуірінде Қордай ауданында тәрбие саласына жауапты мамандарына арналған «Ұлттық құндылықтар-сапалы білім, саналы ұрпақ, салауатты келешек» атты облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.

Фото: zhalagash-zharshysy,kz

Tags: Жас ұрпақ тәрбиесіұлттық мүддеұлттық тәрбие
Jasyn

Jasyn

Next Post
Техниканың дамыған заманында балаға түзу тәрбие беру өте маңызды

Техниканың дамыған заманында балаға түзу тәрбие беру өте маңызды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Наурыз айында 11 мыңға тарта ресейлік азамат Қазақстан ЖСН-ін алды

Наурыз айында 11 мыңға тарта ресейлік азамат Қазақстан ЖСН-ін алды

3 года ago
Тоқаевтың сынынан кейін «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды

Тоқаевтың сынынан кейін «ҚазАвтоЖол» басшысы қызметінен босатылды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In