• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жас спортшылар жетістіктерімен қуантуда

Соңғы жылдары елімізде жастар арасында спортпен шұғылданып, белсенді өмір салтын ұстанатындар саны біртіндеп артып келеді. Өрендеріміз физикалық және психикалық саулықтың кепілі спортпен жүйелі шұғылдану керек деген идеяны түсінгені, мұның қазіргі тілмен айтсақ трендте екенін аңғара аламыз.

by Jasyn
01/12/2024
in • Жастар саясаты
0
Жас спортшылар жетістіктерімен қуантуда
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ресми мәліметтерге сүйенсек, жастарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту процесінде оң динамика бар. Кейінгі жылдары бұл көрсет­кіш тұрақты өскені байқалады. Жастар – елдің ертеңі. Ендеше, олардың амандығы мемлекеттің саулығы деген қорытынды шығарсақ қателеспейміз. Осы орайда жеткіншектердің денсаулығын жақсарту, соның ішінде спортпен айналысуға баулу өзекті мәселе екенін ешкім жоққа шығармайды.

Міне, Сарыағаш ауданының жас спортшылары жыл сайын спорт саласына өз үлестерін қосып, өз жетістіктерімен аудан тұрғындарын қуантуда. Осы орайда Атырау қаласында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионатында Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылының тумасы Рүстем Сапархан және Ақжар ауылының тумасы Қуаныш Урумбасар қарсыласты шақ келтірмей ел чемпиондары атанды.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының чемпионаты 20 және 26 қараша аралығында өткен. Былғары қолғап шеберлері Сарыағаш қаласында орналасқан №1 Қажымұқан атындағы спорт мектебінің шәкірттері.

Сондай-ақ, Шардара қаласында таэквондо ITF спортынан барлық жас ерекшеліктері бойынша Түркістан облысы чемпионаты өтті. Аталған жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірінен келген командалар өз бақтарын сынады. Осы жарысты ашып беру үшін аудан әкімнің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тілеп жарысты ашық деп жариялады. Келесі сөз кезегін Түркістан облысы мәслихатының депутаты Серманизов Бақытжан Қыпшақбайұлы және Түркістан облысы Таэквондо ИТФ федерациясы Президенты Қамытбаев Айдын Сыпабекұлы өз құттықтауларын айтып жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қортындысы бойынша:

І орын Шардара ауданына,

ІІ орын Төлеби ауданына,

ІІІ орын Ордабасы ауданына бұйырды.

Жарыс соңында жеңімпаз командаларға арнайы дайындалған грамота, медаль, кубоктар табыс етілді.

Ал, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына келіп, жасөспірімдер арасындағы қазақ күресінен республикалық «Ауыл барысы» турнирінің ашылу салтанатына қатысты. Сонымен қатар, жарысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев және ҚР Парламенті «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев елордамыз Астана қаласынан арнайы келді.

«Ауыл» партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен өтіп жатқан турнир ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық қазақ күресін көтеру және жастарды спортқа тарту мақсатында өтіп жатыр.

«Бүгінде спорт және дене шынықтыруды дамыту – мемлекеттік ауқымдағы маңызды бағыт. Мықты және өмірге құштар жас ұрпақты тәрбиелеу – еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі. Сондықтан, бүгінгі үлкен жарысты ұйымдастырып жатқан «Ауыл» партиясының басшылығына алғысымды білдіремін. Турнирге қатысушы барша жас балуандарымызға сәттілік тілеймін! Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары ұлғая берсін!» — деді, Ертай Кенжебекұлы.

Екі күнге созылатын жарысқа Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, Шымкент қаласынан және Түркістан облысының қала, аудандарынан 300-ге жуық балуан өз бақтарын сынады. Жарысқа қатысушылар 35, 38, 42, 46, 50, 55, +55 және +60 кг (Түйе палуан) салмақ дәрежелері бойынша күресті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер демеушілер есебінен арнайы қаржылай сыйлықтар, белбеулер, медаль және дипломдармен марапатталды.

Облыс әкімінің орынбасары Е.Алтаев турнирдің ашылуынан соң Мақтаарал ауданының спорттық инфрақұрылымымен танысып, нысандарды аралады. Атакент кентінде орналасқан «Алпамыс батыр» стадионы мен жақында ғана пайдалануға берілген спорт кешенімен кеңінен танысты.

«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында 2023 жылы құрылысы басталған спорт кешенінің конкурстық құны 600 миллион теңгені құрады. Мердігер мекеме «Нүрі-Л-Жетісай» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізді.

Спорт кешенінде үлкен спорт залы және спортшыларға арналған жаттығу залдары бар. Мұнда волейбол, баскетбол, футзал, гандбол, күрес, бокс, дзюдо және тағы басқа спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік қарастырылып, спорттық мүкәмалдармен толық қамтамасыз етілген. Одан бөлек, ғимарат аумағында жасанды көгалмен жабдықталған футбол алаңшасы, баскетбол, волейбол алаңшалары орналасқан.

Айта кетейік, аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен Мақтаарал ауданында жастардың спортпен шұғылдануына көптеген жағдайлар жасалуда. Бұған дейін Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадионы, «Мырзакент» спорт сарайы ел игілігіне беріліп, түрлі ауылдарда 20-дан астам кіші футбол алаңшалары ашылды.

Биылғы жылдың 24-26 қараша күндері аралығында Түркістан қаласында қазақ күресінен Қ.Мұңайтпасұлының жүлдесіне арналған Әлем кубогі өтті.

Әлемнің кіл мықтылары жиналған бәсекеде Тугушов Рузимон 55 келі салмақ дәрежесінде өзіне қарсылас шақ келтірмей жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Ал, Түркістан қаласында кіші футболдан «Әуесқой Футбол Лигасының» 2024 жылғы күз-қыс маусымы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл спорттық шара Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толуына орай өткізіліп, қаланың спорттық өмірінде ерекше орын алды. Жарысқа 78 команда қатысып, А, Б, С, Д топтары, «35+ Лига» және «Супер Лига» санаттарында тартысты ойындар көрсетті.

«35+ ЛИГА» ТОБЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

1-орын: «Daily Food»

2-орын: «Marka kz»

3-орын: «Jamagat»

Үздік қақпашы: Акимжанов Фархад («Daily Food»)

Үздік қорғаушы: Қарашбаев Самат («Jamagat»)

Үздік сұрмерген: Төлебек Мардан («Daily Food»)

Үздік ойыншы: Бименов Уалихан («Marka kz»)

«СУПЕР ЛИГА» ТОБЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ:

1-орын: «Yassi Gorod»

2-орын: «Bauyrlar»

3-орын: «AIDYN Energy»

Үздік қақпашы: Бикенов Фаррух («YASSI GOROD»)

Үздік қорғаушы: Әділ Пазылхан («AIDYN ENERGY»)

Үздік сұрмергендер: Вадим Афанасенко («Bauyrlar»), Сабиржанов Хасан («Marka kz»)

Үздік ойыншы: Парманов Нұрзат («YASSI GOROD»)

Марапаттау рәсіміне Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұсағалиев Қадырболат Қабдырұлы және қалалық мәслихат депутаты Худияров Ғалымжан Батырханұлы қатысты.

 

Tags: «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы«Ауыл» партиясыжастар саясатыспорттық жарыстарТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Тараз қаласына 14 елді мекен қосылады

Тараз қаласына 14 елді мекен қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Түріктер Қожа Ахмет Ясауи туралы телехикая түсірді

Түріктер Қожа Ахмет Ясауи туралы телехикая түсірді

4 года ago
Алматы трагедиясы: Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 22 адам хабар-ошарсыз кеткен

Алматы трагедиясы: Жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 22 адам хабар-ошарсыз кеткен

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In