• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жас сарбаз – ел ұланы

by Jasyn
15/10/2024
in • Жастар саясаты
0
Жас сарбаз – ел ұланы
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жүрегінде отаншылдық рухы жалындаған жастардың жаңа буынын тәрбиелеуде көптеген игі шаралар атқарылуда. Бұл бағытта жастарға үлкен сенім артылған. 

Мемлекет басшысы жастарға арнаған сөзінде әркім қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінуі тиіс екенін ескерткен болатын. Туған елге құрмет қызыл сөзден емес, жасампаз істен көрінуі қажет екенін түсіндірген. Жастар жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіріп, мемлекеттік мүддені бәрінен жоғары қоюы керек.

Елімізде жыл сайын әскерге шақырылатын жастар саны артып келеді. Айталық, көктемгі шақыртуда Түркістан облысынан 2500-ге жуық азамат әскерге кетті. Міне, енді 2 мыңнан астам жас күзгі маусымға шақыртылады деп жоспарланып отыр. 

Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға негіздері жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар шақырылады. Күзгі шақыру барысында Қарулы күштердің (9 933), Ұлттық ұланның (6 822), ҰҚК Шекара қызметінің (3 200), ТЖМ (317) және Мемлекеттік күзет қызметінің (290) бөлімшелері жасақталатын болады.

Ал әскери борышын өтеп келген жастар қашанда басқаларға үлгі. Міне, осындай жастарды үлгі тұтуымыз қажет. 

Жақында Жетісай ауданында бір үйдің екі баласы ағайынды Қарпық Шыңғыс пен Саят Байзақұлдары Отан алдындағы борыштарын өтеп, әскер сапында қызмет атқарып келген. 

Шыңғыс Қарағанды қаласындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6505 әскери бөлімінде” борышын өтесе, Саят Семей қаласындағы “5511 әскери бөлімінде” қызмет атқарған.

Ағайынды Қарпықтар сарбазға қажетті ең басты нәрсе қиындықтар алдында иілмеу, достық пен өзара көмек сияқты қасиеттерге ие болу деп санайды. Міне осы қасиеттердің арқасында әскердегі борыштарын абыроймен атқарып қайтқан.

Қазіргі таңда Шыңғыс Байзақұлы өзі әскери борышын өтеген Қарағандыдағы 6505 әскери бөлімінде келісімшарт негізінде жемісті қызмет етуде. 

Ағайынды қос сарбаз жастарды әскерден қашпауға, Отан алдындағы борышты өтеуге шақырады.

Ал, Сауран ауданында ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық» орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, әскери патриоттық жұмыстарды жандандыру, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің және әскери қызметінің мәртебесін көтеру мақсатында жастар арасында аудандық «Жас сарбаз – мәңгілік ел ұланы» атты әскери патриоттық сайысы болып өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, Түркістан қаласы және Сауран ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің басқарма бастығы, полковник Дилмурад Нұржанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, Түркістан облыстық әжелер алқасының төрайымы Балымхан Бәйтенова, «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері» кеңесінің төрағасы Тілес Ақай, аудандық мәслихат депутаты Сәбит Рысбеков, республикалық жас сарбаз әскери патриоттық қозғалысының Түркістан облысы бойынша филиал төрағасы Аружан Шекербек қатысып, игі тілектерін білдірді.

“Болашақтың кілті, елдің ертеңі — білімді жастардың қолында. Жастар – тәуелсіздігіміздің биік тұғыры деуге толық негіз бар. Мемлекет пен ұлт болашағы жастарға тікелей байланысты. Осы тұста бүгінгі өткізіліп отырған әскери сайыстың басты мақсаты — жастардың патриоттық және ұлттық идеологиялық тұрғыдан Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне деген кұрметін, әскери борышын өтеуге, жан-жақты әскерге дайындауда оң пікір қалыптастыруға, тәрбиелеуге бағытталып отыр. Әрбір жас өзінің туған Отанын жанындай сүйіп, танып, өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түсетін болады”, — дейді Бақытжан Кеңесбекұлы.

Сонымен өткізілген әскери патриоттық сайысқа Сауран ауданына қарасты ЖББМ арасында іріктеу сайысы өткізіліп, 36 команда қатысты. Ақтық сынға 8 команда іріктеліп, өзара бақ сынады. Олар №2 ЖББМ, Ы.Алтынсарин, А.Югнаки, Молда Мұса, Әль-Фараби, Төле би атындағы жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары сайысқа түсті. Сайыс өте тартысты өтіп, нәтижесінде 1 орынды әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушылары иеленсе, 2-3 орындарды А.Югнаки мен Молда Мұса атындағы мектептердің оқушылары өзара бөлісті. Сайыстың жеңімпазы мен жүлдегерлеріне қаржылай сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ Түлкібас аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен және аудандық білім бөлімінің ықпалымен «ЖАС САРБАЗ» әскери патриоттық іс-шарасы өткізілді. Жастардың патриоттық және ұлттық идеологиялық әрекеттерге және жасөспірімдерді ҚР Қарулы күштеріне деген құрметін, әскери борышты өтеуге, жан-жақты әскерге дайындауда оң пікір қалыптастыруға тәрбиелеу мақсатында аудандық «Жас сарбаз» сайысы өтті. Іс-шараға ауданның 12 білім беру мекемесінен «Жас сарбаз» ұйымының мүшелері қатысты. Іс-шараның ережесіне сәйкес қатысушылар түрлі әскери жаттығулар, қарумен нысана көздеу, кір тасын көтеру, садақ ату, арқан тартыс және т.б. сындардан өтті. Жеңімпаз командалар арнайы жүлделі орындармен, дипломдармен, және бірнеше номинациялармен марапатталды. Еліміздің ертеңін тыныштықта қорғайтын отанқорғаушы жастарымыз аман болғай.

Бұл шараның басты мақсаты — жастардың патриоттық және ұлттық идеологиялық әрекеттерге және жасөспірімдерді физикалық қуаттылығын нығайту, тұлғаны тәрбиелеу, әскери дағдыларды шыңдау, әскерге деген оң пікір қалыптастыру, ҚР Қарулы күштеріне деген құрметін нығайту.

Фото: Мойынқұм ауданының әкімдігі

Tags: әскерел ұланысарбаз
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылда 332 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Жамбылда 332 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тұрсынбек Қабатовтың жары әншілікке бет бұрды

Тұрсынбек Қабатовтың жары әншілікке бет бұрды

3 года ago
Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті

Қанат Таймерденов Алматы полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In