• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жас маман еңбек жолын ауылдан бастағаны дұрыс

Ауылдық жерде білікті маман тапшылығын шешудің бірден-бір жолы – «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы екені анық. Жастардың жігерін жанып, ынтасын арттыруы тиіс мемлекеттік бағдарлама ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұдайы назарында. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізіп, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру керек екенін айтқан болатын.

by Jasyn
07/08/2024
in • Жастар саясаты
0
Жас маман еңбек жолын ауылдан бастағаны дұрыс
0
SHARES
30
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында «Дипломмен ауылға» жобасы қарқынды жүзеге асып келеді. Өткен жылы осы бағдарламаның арқасында 500-ге жуық маман баспаналы болды. Нақтырақ айтсақ, 2023 жылы облыста осы жоба аясында тұрғын үй салу немесе сатып алуға 2,6 млрд. теңге көлемінде бюджеттік несие бөлініп, 497 маман баспаналы болды. Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуды көздейтін жоба арқылы жастарға қолдау көрсетілді.

Негізі ауыл аймақтарды әлеуметтік, техникалық мамандармен қамтамасыз етуді мақсат тұтқан бағдарлама түрлі сала бойынша мамандарға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда бағдарламаның өзіндік талаптары мен шарттары бар. Бүгінгі таңда бұл жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылдың 6 қарашасындағы бұйрығына сәйкес денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен сияқты салалар бойынша жастарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Ал Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылдың 17 наурызындағы қаулысы бойынша олардың қатарындағы агроөнеркәсіптік кешен мамандарына агроном, ветеринариялық дәрігер, ветераниялық фельдшер, ветеринариялық техник, инженер-технолог, балық өсіруші, технолог, фермер сынды мамандықтар енгізілген.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы жастарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтермеақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие ұсынады. Әлеуметтік қолдау шараларына қол жеткізген маман ауылдық елді мекенде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндеттеме алады.

Өткен жылы бір маманға 1 500 айлық есептік көрсеткіш немесе 5 175 000 теңге көлемінде несие берілді. Сонымен қатар аудан, қала бюджеттері есебінен 1390 маман жалпы 479,5 млн. теңге бір реттік көтерме жәрдемақыға ие болды. 1 маманға 100 айлық есептік көрсеткіш немесе 345 000 теңгемен қолдау көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі тарапынан қағидаға өзгерістер енгізіліп, биылдан бастап аудан орталықтарына – 2500 айлық есептік көрсеткіш, немесе 9 230 000 теңге көлемінде және ауылдық елді мекендерге тұрғын үй алуға 2 000 айлық есептік көрсеткіш немесе 7384000 теңге көлемінде несие беріледі (0,01%-бен 15 жылға).

Осылайша 2024 жылға 514 маманға 4,1 млрд. теңге беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар аудан, қала бюджеттері есебінен 1610 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы төлеуге 594,6 млн. теңге жоспарланған. 1 маманға 100 айлық есептік көрсеткіш немесе 369 200 теңге көтерме жәрдемақы беріледі деп көзделіп отыр.

Түлкібас ауданында өткен жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге жолданған жас мамандарға қолдау көрсету мақсатында 59 маманға 20 млн. теңге көтерме жәрдемақы, 10 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 52 млн. теңге көлемінде бюджеттік несиелер берілді.

Ал, Сауран ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге жолданған жас мамандарға қолдау көрсету мақсатында 2023 жылы 45 маманға 15 млн. теңгеге бірреттік көтерме жәрдемақы, 5 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 26 млн. теңге көлемінде бюджеттік несиелер берілді.

Сондай-ақ, Арыс қаласында осы бағдарламасы бойынша 17 маманға 6 млн. теңге бір реттік көтерме жәрдемақы, 5 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 26 млн. теңге көлемінде бюджеттік несие, Мақтаарал ауданында 2023 жылы 365 маманға 126 млн. теңге көлемінде бір реттік көтерме жәрдемақы, 92 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 476 млн. теңге көлемінде бюджеттік несие берілді.

Осыдан кейін Түркістан облысында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандарға сұраныс артты.  2024 жылы медицина қызметкерлеріне 75 тұрақты жұмыс орны ұсынылды. Әйтсе де ауылдық жерлерде мұғалім, ветеринар мен мәдениет саласының мамандары әлі де тапшы.

Жалпы алғанда «Дипломмен ауылға» жобасында түлектерге жүктелер үміт үлкен, сенім мол. Ендеше, үміт пен сенімді ақтау да жас маманның парызы. Міне, осындай үдеден шығып, бағдарлама аясында мемлекеттің көмегіне ие болған жастардың бірі Самат Жүнісов диплом алғаннан кейін ауылға дәрігер — терапевт болып оралды. Ол 5 жылдан бері Қазығұрт аудандық орталық ауруханада еңбек етеді. Мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болып, бір реттік жәрдемақы да алды. Қазір жас мамандарға жол сілтеп, тәжірибесімен бөлісіп жүр.

— 7 жыл білім алдым, 2 жыл интернатурада оқыдым. Одан кейін осы Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында дәрігер-терепевт болып жұмыс атқара бастадым. Мен әлі де оқуымды жалғастырып өзімді дамытқым келеді, — дейді Самат Жүнісов.

Оның айтуынша алғашқы жылдары емдеудің заманауи әдістерін енгізуге мүмкіндік болмай маман тапшылығымен қоса, медициналық жабдықтар да жетіспеген. Енді аурухана күрделі жөндеуден өткен соң қажетті құрылғылармен толығып, жұмыс жеңілдей түсіпті.

— Бізге жаңадан КТ аппараттар, томаграфия аппараттары, УЗИ аппараттары келген. Қабылдау бөлімінде триаж бөлімі жасалды. Басында терапевт көп мамандардың қызметін атқарды. Яғни кардиолог, инфекционист, педиатр мамандығын да атқарды. Бізде педиатр маманы тапшы болды. Қазығұрт ауданына 107 мыңнан аса халық қоныстанған. Басы ауырып, балтыры сыздаған жанға 14 дәрігерлік амбулатория мен 1 орталық ауруханада қызмет көрсетіледі. Алайда  шалғай елді мекендерде әлі де кадр тапшылығы байқалады, — дейді бұл жөнінде Самат Жүнісов.

Иә, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ержан Байтүгелов емдеу мекемелеріне жалпы тәжірибелік дәрігерлер, сосын хирургия бөліміне балалар хирургы қажет болып тұрғанын айтады.

— Жас маман еңбек жолын ауылдан бастаған дұрыс дер едім. Себебі бұл ауылда көп мүмкіндік бар. Барлығы дәрігердің өзіне байланысты. Жақсы оқып, жақсы мамандық иесі атанып келгеннен кейін бұл жерде жұмыс істеу қиын емес. Биыл Түркістан облысында дипломмен ауылға бағдарламасымен 75 жас маманды жұмысқа тарту жоспарланып отыр. Былтыр 27 дәрігер еңбек жолын ауылдағы емдеу мекемесінен бастады. Олардың әрқайсысына 1,5 млн теңгедей әлеуметтік көмек беріліп, баспана алуға алқашқы жарна төленді. Сапалы әрі тұрақты жұмыс істеуі үшін материалдық-техникалық базаны жаңғырту маңызды. Биыл бұл бағытта бюджеттен 8 миллиард теңгеге жуық қаражат қаралып отыр, — дейді Ержан Байтүгелов.

Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Жабағиеваның айтуына қарағанда биылғы жылғы тағы да 3 аудандық деңгейдегі аурухананы компьютерлік томографпен жабдықтау жоспарланып отыр.

— Ангиограф аппараты облыстық балалар ауруханасынан басқа тағы да 6 медицина мекемесінде орнатылып отыр. Негізгі материалдық-техникалық жабдықтауды біз медицинадағы басым бағыттарда жоспарлап отырмыз. Биыл Самат Жүнісовтің «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеу мерзімі аяқталады. Бірақ білікті дәрігер тағы біраз жыл ауылда қалуға шешім қабылдап отыр. Оның үстіне отбасылы болып, әйелі де мектеп мұғалім болып жұмысқа орналасты, — дейді бұл жөнінде Салтанат Жабағиева.

Қалай айтсақ та жастарға жақсы жол көрсетіп, бағыт-бағдар сілтеп, еліміздің түкпір-түкпірін шарлап кеткен «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы жас толқынға көрсетіліп жатқан қамқорлықтың нақты дәлелі екені анық.

Фото: ЕгеменҚазақстан, Gov.KZ

Tags: «Дипломмен – ауылға» бағдарламасыбір реттік көтерме жәрдемақыТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістанда кәсіпкер атанып, табыс тауып отырған жастар көп

Түркістанда кәсіпкер атанып, табыс тауып отырған жастар көп

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Шымкент «қызылдан» «сары» аймаққа өтті

Шымкент «қызылдан» «сары» аймаққа өтті

3 года ago
42 жастағы алматылық екпеден соң қайтыс болды деген күдік бар

42 жастағы алматылық екпеден соң қайтыс болды деген күдік бар

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In