• RU
Воскресенье, 8 июня, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

ЖАС КЕЛІН МЕН КӨП БАЛАЛЫ АНА ДАУЫС БЕРДІ

Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылындағы жаңадан шаңырақ құрған жас жұбайлар жалпыхалықтық референдумда дауыс берді. Олар осылайша ел ертеңінің негізі қаланып жатқан сындарлы сәтте азаматтық белсенділіктерін байқатты.

by Jasyn
06/10/2024
in • Жастар саясаты
0
ЖАС КЕЛІН МЕН КӨП БАЛАЛЫ АНА ДАУЫС БЕРДІ
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жұбайлық өмірге жаңадан қадам басқан жас отбасы иелері — Лазизхан Шарипов пен Махбуба Шарипова. Олардың бірінің жасы — 22-де, енді бірінің жасы — 28-де. Жас жұбайлар болашақтарының жарқын болуы жолында №584 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

«Бүгінгі күн — еліміз үшін де, біз үшін де ерекше маңызды күн. Құқықтық саясат салтанат құрған мемлекетіміздің әрбір азаматы саяси науқанға қатысып, дауыс беруі міндет деп санаймыз. Сондықтан бүгінгі болатын үйлену тойымызға қарамастан, сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасадық, — деді жас жұбайлар.

Жуырда Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округінің 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үшем босанып, 10 баланың анасы атанған болатын. Көптен күткен ұлдарына Қасым, Жомарт есімдері, қыздарына Кемел есімі берілген еді.

Келес ауданының тұрғындары АЭС салуға қатысты референдумда белсенділік танытып жатыр. Бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Ал бұл – саяси өзгерістерге қатысы жоқ алғашқы референдум.

Осы орайда Келес ауданындағы үшемнің анасы Гүлназ Мыңжасар осындай шешуші сәттен қалыс қалмау қажет деп шешкенін айтады. Ақтөбе ауылдық округінде тұратын «Алтын алқа» иегері Гүлназ Мыңжасар сайлау учаскесіне үшем Қасым, Жомарт, Кемелді ертіп келді.

«Бүгін сайлауға келдік. Осындай шешуші сәттен қалыс қалмауымыз қажет деп таптық. Өйткені балаларымыздың ертеңі бүгінгі шешімге байланысты. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын деген ниетпен таңдау жасадық, — дейді алтын құрсақты ана.

Саяси науқанда белсенділік танытқан үшемдердің ата-анасына естелік сыйлықтар табысталды. Жалпы, Келес ауданында дауыс беруге келіп жатқан көпбалалы аналардың қарасы қалың.

Фото: Келес Ауданы Әкімдігі

 

Tags: «Алтын алқа» иегері Гүлназ МыңжасарСайрам ауданы референдумда бауыс беруТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістан облысы көш бастап тұр

Түркістан облысы көш бастап тұр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы келді

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы келді

4 года ago
Қазақстанда баспана арзандады

Қазақстанда баспана арзандады

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In