• RU
Воскресенье, 6 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жарқын болашақ талантты жастардың қолында

Кез келген қоғамның қозғаушы күші – өсіп келе жатқан жас буын. Жастары белсенді, озық ойлы елдің келешегі де кемел болмақ. Себебі, талантты жастар – Жаңа Қазақстанның жарқын болашағының қалыптасуына өз үлестерін қоса біледі.

by Jasyn
07/11/2024
in • Жастар саясаты
0
Жарқын болашақ талантты жастардың қолында
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жастар мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың да назарынан тыс қалған емес. Президенттің бастамасымен қазақстандық жастарға қамқорлық көрсету, жастардың озық идеяларын жүзеге асыру мақсатында бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылданып, нақты істер қолға алынуда.

Ал, талантты, дарынды жастардың қай кезде де мерейі үстем. Дана халқымызда: «Асыл тастан, ақыл жастан шығады» деген нақыл сөз бар. Жастардың бойындағы табиғи таланты мен дарынын танып, қолдау көрсете білгенде ғана олардың арасынан жалынды да жасампаз тұлғалар іріктеліп шығатыны белгілі.

Жақында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының үздік студенті» атты Астана қаласында халықаралық форум өтті. Халықаралық форумға отандық ғалымдар, қоғам қайраткері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен студенттер қатысты.

Форумның марапаттау бөлімінде Түркістан облысы білім басқармасының «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Анаргүл Есқараева жетекшілік еткен 2-курс студенті Ақбота Аршабай «Түркі халықтарының үздік студенті» төсбелгісі және І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Айта кетсек, форумның мақсаты – дарынды студенттердің арасында байланыс орнату.

Сондай-ақ, Түркия мемлекетінің Ыстамбұл қаласында жасөспірімдер арасында өткен «Istanbul autumn festival» атты халықаралық конкурста қазығұрттық өнерпаздар жеңіс тұғырынан көрінді. Байқауға Қазақстан, Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Армения, Қырғызстан секілді мемлекеттерден би, вокал және түрлі аспаптарда ойнау бойынша өнерпаздар бақ сынады. Оның ішінде Қазақстаннан Ақтау, Атырау, Маңғыстау, Алматы, Қарағанды, Түркістан облысы өңірлерінен келген.

Байқауға Түркістан облысының атынан қатысқан қазығұрттық «Балауса» би тобы жүлделі 1-орынды иеленді. Сонымен қатар, эстрадалық вокал бағыты бойынша қазығұрттық әншілер Жәңгірхан Есімхан бас жүлдеге ие болса, Медина Мұрсейіт 1-орынды жеңіп алды. Жалпы шара Түркі елі мен Әлем халықтарының өнерін және мәдениетін балалардың бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған.

Черногория Республикасы, Будва қаласында 21 қазан мен 3 қараша күндері бокстан жастар арасында әлем чемпионаты өтті. Жаһандық бокс бәсекесіне 73 мемлекеттен 598 спортшы қатысып, шаршы алаң төрінде тартысты жекпе-жектер өткізді. Ұлттық құрама сапында түркістандық 5 спортшы қатысып, 1 алтын, 3 қола медаль қанжығалады. Жалпы алғанда қазақстандық жастар осы әлем чемпионатында 17 медаль жеңіп алды.

Осындай аламанда жүлде салған Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері туған жерге оралды. Оларды спорт саласының майталмандары мен туған-туыстары және дос-жарандары құрметпен қарсы алып, зор ықыластарын білдірді. Жиында Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алмасбек Нақыпбеков әлемдік додадан олжалы оралған жерлестерімізді құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі.

Бокстан жастар арасындағы Әлем чемпионатында 67 келіде қолғап түйістіріп, барлық қарсыласын тізе бүктіріп, «Үздік боксшы» атанған Төрехан Сабырхан мен оның жаттықтырушысы Илияс Оралбеков те қарсы алған жанашырларына алғыс білдіріп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Енді алдағы уақытта Төрехан 67 келіде ересектер арасында ел біріншілігіне қатысып, бағын сынайды. Ол бұған дейін жасөспірімдер арасында 4 дүркін Азия чемпионы және жастар арасында Әлем чемпионы атанды.

Ал қыздар арасындағы жекпе-жекте үш бірдей ару қола медаль иегері атанды. Атап айтсақ, 52 келіде Бағжан Отынбай, 63 келіде Аружан Жаңабаева және Шұғыла Нәлібайлар қола медальді қанағат етті.

Айта кетейік, бұл біріншілікке Қазақстан құрамасынан 25 боксшы (13 ер, 12 қыз) барған. Мәресіне жеткен Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша, 17 отандасымыз жүлде алды. Тарқатып айтсақ, 6 алтын, 1 күміс және 10 қола. Осылайша Қазақстан құрамасы бірінші рет жастар арасындағы әлем чемпионатында командалық бірінші орынға ие болды.

Әлем чемпионатының жеңімпазы Сабырхан Төрехан мен қола жүлдегерлері Бағжан Отынбай, Шұғыла Нәлібай Түркістан облыстық №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері болса, Аружан Жаңабаева «Түркістан» кәсіби бокс клубының шәкірті.

Сондай-ақ, таеквондодан «Uzbekistan Open G-1» халықаралық рейтингтік турнирі мәресіне жетті. Наманган қаласында қазан айының 29-ы мен қараша айының 2-сі күндері аралығында өткен байрақты бәсекеде түркістандық спортшылар 4 медаль олжалады. Халықаралық додаға іріктелген кіл мықтылар қатысып, бар өнерлерін ортаға салды.

Жастар арасындағы тартыста 63 келіде күш сынаған Балгерін Өтеген 3-орын иеленсе, жасөспірімдер арасында 59 келіде Жаншуақ Нәлібай қарсыластарын қапы қалдырып, алтын медальға қол созды. Ал, 33 келіде бақ сынаған Қайсар Бектеміров пен 49 келідегі Саян Жаңабайлар 3-орыннан көрінді.

Айта кетейік, «Uzbekistan Open G-1» халықаралық турнирінде жүлде салған спортшылар Түркістан облыстық №2 олимпиадалық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.

Айтпақшы Еуропаның Черногория мемлекетінің Будва қаласында жастар арасында өткен әлем чемпионатында Сарыағаш ауданынан үш бұрымды бойжеткен қатысып әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Атап айтқанда,ауданға қарасты Ақжар ауылының тумасы Аружан Жаңабаева 63 келі салмақ дәрежесінде, Қызылжар ауылынан Бағжан Отынбай 52 келі салмақ дәрежесінде, Дархан ауылынан Нәлібай Шұғыла 75 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды. Боксшы қыздарымыз Сарыағаш аудандық «Қажымұқан» атындағы балалар-жасөсіпірімдер спорт мектебінің түлектері.

 

Фото Сарыағаш студент

Tags: «Балауса» би тобы«Түркі халықтарының үздік студенті»2-курс студенті Ақбота АршабайАнаргүл Есқараева жетекшідарынды студенттер
Jasyn

Jasyn

Next Post
Әскер – кеудесі от жүректі жастардан құралады

Әскер – кеудесі от жүректі жастардан құралады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Үлкендерден үлгі алған ұрпақтың азбасы анық

Үлкендерден үлгі алған ұрпақтың азбасы анық

10 месяцев ago
ТОП-5 ел қатарында: Қазақстанда кедей отбасылардан шыққан балалар жақсы оқуға көбірек ұмтылады

ТОП-5 ел қатарында: Қазақстанда кедей отбасылардан шыққан балалар жақсы оқуға көбірек ұмтылады

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In