Тексеру нәтижесінде 2023 жылы қамтылған қаражаттың 9,6 пайызын құрайтын 16 554,3 млн. теңге бұзушылықтар, сондай-ақ жалпы сомасы 1 319,1 млн. теңге бюджет қаражаты өрескел бұзушылықпен игерілгені анықталды. Атап айтар болсақ, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Меркі аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚКМК есебіндегі негізгі құралдарға ішінара түгендеу жүргізу барысында баланстық құны 12,6 млн. теңгені құрайтын кейбір медициналық және өзге де жабдықтардың қоғам игілігі үшін тиімді пайдаланылмай тұрғандығы анықталған.
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК тарапынан Аухатты ауылында орналасқан дәрігерлік амбулаторияда 2,5 млн. теңгеге сатып алынған 1 дана Автоматты сыртқы дефибрилятор Powerheart G5A бүгінгі күнге дейін қолданылмаған, 2,5 млн. теңгені құрайтын негізгі құралдар тиімсіз қолдануына жол берген.
Сондай-ақ «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Байзақ аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК тарапынан кәсіпорын есебіндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында, атап айтқанда Байзақ аудандық емхана бөлімшесінде жаңадан алынған 198,8 млн. теңгеге сатып алынған құрал жабдықтар аудит жүргізу кезеңіне дейін қолданылмаған.
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы қалалық көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК тарапынан кәсіпорын теңгеріміндегі медициналық жабдықтардың тиімсіз тұрғаны анықталды. Атап айтқанда: — Құны 102,1 млн. теңгенің 1 дана Магнитті-резонанстық томографиясы (MAGVUE 033T); — 3,1 млн. теңгенің 1 дана ИВЛ (Monnal T75) аппараты; 1 дана диагностикалық рентген сәулелерін орнату Iconos-100 аппараты, барлығы 105,2 млн. теңгенің медициналық жабдықтары қоғам игілігі үшін пайдаланылмаған. Және кәсіпорын теңгеріміндегі негзгі құрал-жабдықтарға түгендеу жүргізу нәтижесінде 3,7 млн. теңгенің негізгі құралы тиімсіз пайдаланылмай тұрғаны анықталды.
Және «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК есебіндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында Тараз қаласы, «Бәйтерек» мөлтек ауданы №1 мекен- жайы бойынша баланстық құны 704,9 млн. теңгені құрайтын кейбір медициналық және өзге де жабдықтардың қоғам игілігі үшін тиімді пайдаланылмай, қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол берілген
Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облыстық мәслихаты бұған дейін 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қараған болатын.