Шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға шақыру және сотталған азаматтардың қоғамға пайдалы еңбекке деген ынтасын арттыру. Сонымен қатар, бұл бастама олардың жауапкершілігін күшейтіп, қайта әлеуметтенуіне оң ықпал етеді.
Іс-шара барысында қатысушылар белсенділік танытып, отырғызылған ағаштарды күтіп-баптаудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мекеме әкімшілігі тарапынан мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатыны атап өтілді.
Ағаш отырғызу – табиғатты қорғауға бағытталған маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар қоғамға деген жанашырлықтың нақты көрінісі.


