• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Жамбылдық тұрғын есірткі жинау үшін фазендада малшы болып жұмыс жасаған

by Jasyn
06/03/2024
in құқық
0
Жамбылдық тұрғын есірткі жинау үшін фазендада малшы болып жұмыс жасаған
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Операцияны Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы бөлініс қызметкерлерімен бірлесіп, 2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің кешенді жоспары шеңберінде жүргізді.

Полицейлер Байзақ ауданында «Қасқа байтал» жайылымында 36 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Камаз» маркалы жүк көлігін тоқтатты.

Жүргізушіден бөлек, көлікте Жуалы ауданының 44 жастағы тұрғыны болған, ол жергілікті шаруа қожалығында малшы болып жұмыс жасаған. Жауап алу кезінде ол марихуана дайындауға бел буғанын және осы мақсатта адам аз орын іздегенін, сондықтан шалғайдағы ауылдық жерге шопан болып жалдамалы жұмысқа тұрғанын айтты.

Шопанды тінту кезінде пакеттен салмағы 3 келі 730 гр «кептірілген марихуана», 185 гр 99 мгр.«гашиш» және 67 гр 34 мгр. «каннабис шайыры» есірткі құралдары табылды.

Ал 36 жастағы жүргізушінің қалтасынан салмағы 5,88 гр «каннабис шайыры» есірткі заты табылып, тәркіленді.

— Ұсталғандар өз кінәларын толық мойындады. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігмен (аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді,-деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция полковнигі Әлім Бажықбаев.

Tags: марихуана дайындаған шопан
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылдық полицейлердің мас жүргізушінің артынан қуған бейнежазбасы жарияланды

Жамбылдық полицейлердің мас жүргізушінің артынан қуған бейнежазбасы жарияланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ақан Абдуалиев Мəдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

Ақан Абдуалиев Мəдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

4 года ago
Мәйітті құдыққа тастаған: Түркістан облысында жиені ағасын өлтірді деген күдікке ілінді

Мәйітті құдыққа тастаған: Түркістан облысында жиені ағасын өлтірді деген күдікке ілінді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In