Көлікте жүргізуші, оның әйелі және үш баласы болған. Полицейлер оларды автокөліктен шығарып, ондағы қажетті заттарын да сыртқа тасып үлгерген. Сондай-ақ, балалар мен олардың анасын Алматыға жету үшін жолай басқа көлікке салып жіберді.
Жүргізуші мен жолаушылар эвакуацияланғаннан кейін автокөлік толығымен жанып кетті.
Қызметкерлер дереу өрт сөндірушілерді шақырып, көлік өртенген аумақтан өтетін басқа көліктердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Өрт толығымен сөндіріліп, ешкім зардап шеккен жоқ.
Көлік басқарған азамат полиция қызметкерлеріне қырағылық танытып, жедел көмек көрсеткені үшін өз алғысын білдірді.