Қарбалас көлік жолдарында полицейлер мен «Қазавтожол» қызметкерлері жүргізушілерге іс-шараның мақсаты туралы айтып, азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі, белгіленген қозғалыс жылдамдығы, автокөлік рөліне отырар алдындағы демалудың маңыздылығы туралы ескертті.
— Көлік басқару кезінде еңбек және демалыс режимін сақтамайтын жүргізуші ықтималды қылмыскерге айналады, ол өзіне және жақындарына ғана емес, айналасындағы автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің өміріне де қауіп төндіреді. Шамадан тыс ұйқышылдық жолдағы сергектікті төмендетеді, айналаға әсер ету реакциялары баяулап, шешім қабылдауда қиындықтар туындайды. Алыс жолға шығуды жоспарлап отырған жүргізушілерге ең алдымен жолға шығар алдында жақсы демалу қажеттігін еске саламыз. Есіңізде болсын, жол қателіктерді кешірмейді! — деп хабарлады Жамбыл облысының ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ержан Мананбаев.