Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері патрульдік полиция батальонымен бірлесіп автокөлікті ұстады. Жалпы салмағы 30,7 кг болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты жүк салғышта болған. Аталған есірткі заттарын жолаушы Алматы қаласына одан әрі өткізу үшін тасымалдаған, — деп атап өтті Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады). Қазіргі уақытта ары қарай жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.