• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Енді кімге сенеміз?

Жамбылдың ауылшаруашылығы саласы қарыздан көз ашпай тұр

by Jasyn
16/04/2024
in • Енді кімге сенеміз?, Топ
0
Жамбылдың ауылшаруашылығы саласы қарыздан көз ашпай тұр
0
SHARES
112
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінген 19,0 млрд. теңгенің 12,5 млрд. теңгесі өткен жылдың  өтпелі қарыздарын  жабуға жұмсалмақ. Қаржының бәрін қарызға жұмсап тастап, жамбылдық ақ жағалылар шаруаларға қандай жағдай жасамақ? Бұл қаржы негізінен қажетті техника, құрал жабдықтар мен су үнемдеу технологияларын алуға жоспарланған емес пе еді?

Сондай-ақ, облыста биылға  белгіленген 9,8 мың гектар қант  қызылшасын орналастыру нормативіне сәйкес өндірілетін 346,0 мың тонна өнім көлеміне қажетті қаражат  8,6 млрд. теңгені құрағанымен, бұл бағытқа  2,0 млрд. теңге ғана жоспарланған.

Оған қосымша, минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға қажетті 3,1 млрд. теңгенің  қаралмағаны тағы  бар.

Міне, Сенат депутаты Сәкен Арубаев Жамбыл облысының ауылшаруашылығы саласындағы осындай келеңсіздіктерді жария етіп, Премьер-Министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады.

— 2023 жылы Жамбыл облысына «Агроөнеркәсіптік  кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында 30,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, 11 мыңнан астам  шаруаларға  қолдау   көрсетілген, — дейді депутаттық сауалында сенатор Сәкен Арубаев. — Ал, биылға  белгіленген 9,8 мың гектар қант  қызылшасын орналастыру нормативіне сәйкес өндірілетін 346,0 мың тонна өнім көлеміне қажетті қаражат  8,6 млрд. теңгені құрағанымен, бұл бағытқа  2,0 млрд. теңге ғана жоспарланған.

Оған қосымша, минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға қажетті 3,1 млрд. теңгенің  қаралмағаны тағы  бар.

Негізгі мәселелердің бірі – доңғалақты тракторлар мен комбайндарды  10,0  пайызға  жеткізу болатын.

Ал, шаруалардың өз қаражаты есебінен техниканы сатып алуға   мүмкіншілігі  төмен.

Бүгінгі күнге, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға несие беру, сондай-ақ, лизинг кезінде сыйақы мөлшерін субсидиялау бағдарламасы аясында, бастапқы аванстық төлем  жүргізу  арқылы  өз  шешімін  табуда.

Дегенмен, бұған дейін жасалған шарттар бойынша субсидиялар сомасы (943,0 млн.) мен  алдағы  қарастырылатын жобаларға аванстық төлемдер өтелген жағдайда (600,0 млн.),  «КазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы қосымша 100 бірлік әртүрлі  техникалармен қамтуға мүмкіндік бар.

Бірақ, бұл  шешімін  таппаған  мәселелердің  қатарында тұр.

Одан бөлек, осы жылға мал шаруашылығын дамытуға 5,3 млрд. теңге бөлінгенімен, өткен жылдан қалған  қарыз  2,6 млрд. теңгені құрап, мал  шаруашылығының да мазасы қашуда.

Сол сияқты, биылға инвестициялық субсидиялау бағдарламасына бөлінген 6,7 млрд. теңге қаржының  91 %  тағы өтпелі  қарызға  бағытталмақ.

Жалпы, облыстың агроөнеркісіп кешенін дамытуға бөлінген 19,0 млрд. теңгенің 12,5 млрд. теңгесі өткен жылдың  өтпелі қарыздарын  жабуға  бағытталғанын  жеткізгім  келеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар қалай нәтиже берері түсініксіз, қаржының басым бөлігі қарызға қарап тұр.

Ал, бұл бағдарламамен шаруалар қажетті техника, құрал жабдықтары мен су үнемдеу технологияларын алулары керек болатын.

Осының салдарының биылғы жылға жоспарланған қант қызылшасы алқабын ұлғайту, жеткілікті көлемде тыңайтқыштар және қажетті ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу бағытындағы шаруашылықтырдың сұранысын толық қамтамасыз ету мүмкіншілігі  шектелуде.

Нәтижесінде, бір ғана Жамбыл облысына өткен жылғы қарыздарды өтеу мен қатар биылғы аталған бағыттарға 28,8 млрд.  теңге   қаржы   қажеттілігі  туындап отыр.  

Осыған байланысты сенатор Сәкен Арубаев үкіметтен Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешенінің  2023 жылдан қалған қарыздарын өтеуге және 2024 жылға  қолдау  көрсету үшін тиісті қаржы қажеттілігін қарастыруды, бұл жағдай республикамыздың барлық аймақтарында орын алып отырған өзекті мәселе екенін  жеткізе отырып,  барлық бағыттар бойынша тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нақты шаралар қабылдауды сұрады.

 

Tags: Жамбыл облысының агроөнеркәсіп кешеніЖамбылдың ауылшаруашылығы саласықант қызылшасысенатор Сәкен Арубаев
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жасөркен ауылында 30-дан астам үй ауласына су кірген

Жасөркен ауылында 30-дан астам үй ауласына су кірген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Андрей Лукин:  АӨК-ті субсидиялау ережесін қайта қарау қажет

Андрей Лукин: АӨК-ті субсидиялау ережесін қайта қарау қажет

4 года ago
Мәдина Сәдуақасова: «Сүйген жүрек» әнін бірнеше рет орындап, 21 мың доллар таптым

Мәдина Сәдуақасова: «Сүйген жүрек» әнін бірнеше рет орындап, 21 мың доллар таптым

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In