• RU
Понедельник, 19 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Төтенше жағдай

ЖАМБЫЛДА ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН ҚАНДАЙ ҒИМАРАТТАР БҮЛІНДІ?

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жер сілкінісі болған Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында болып, төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізіп, бүлінген нысандарды аралады.

by Jasyn
28/03/2025
in Төтенше жағдай
0
ЖАМБЫЛДА ЖЕР СІЛКІНІСІНЕН КЕЙІН ҚАНДАЙ ҒИМАРАТТАР БҮЛІНДІ?
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2025 жылдың 28 наурызында түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.

​​​Жер дүмпуінің жоғары қарқыны – 5 балл – Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 баллды, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында – 2 баллды құрады.

​​​Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жедел штаб құрылды. Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек төрағалық еткен оның құрамына азаматтық қорғау қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың, тиісті ведомстволардың өкілдері кірді.

​​​Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Аудандардағы тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде.

​​​Қазіргі таңда Меркі аудандық орталық ауруханасының, Меркі ауылдық округіндегі «Балдәурен» балабақшасының ғимараттарында және Талдыбұлақ ауылындағы тұрғын үйдің асханасында қабырға жарықтары анықталды.

​​​Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылындағы тұрғын үйдің, Жаңатұрмыс ауылындағы – 6 баспананың, ауылдық мектептің, Қарақыстақ ауылдық округінің Каменка ауылындағы мәдениет үйінің қабырғаларында жарықтар пайда болған.

​​​Арнайы комиссия облыс әкімінің тапсырмасы бойынша келтірілген шығынды анықтау жұмыстарын жүргізеді. Оның қүрамына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының өкілдері кіреді.

​​Аудандардағы нысандарды мамандар аралап, ахуалды көзбен көрді. Меркі ауданында айналма жолдарға 55 адам, 33 бірлік техника, Т.Рысқұлов ауданында 65 адам, 40 бірлік техника жұмылдырылды.

«КАЖсервис» ЖШС облыстық филиалының қызметкерлері (25 адам, 19 техника) Меркі және Т.Рысқұлов аудандарындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының (5 көлік айырығы, 2 теміржол өткелі және 3 көпір) жай-күйін тексеруде. 45 елді мекен зерттелді.

​​​Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен өзара іс-қимыл кезекші бөлім арқылы ұйымдастырылды.

​​​Шоң-Қақпа және Орто-Тоқай су қоймалары қалыпты жұмыс істеп тұр.

​​​Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп жоқ.

​​​Жедел штаб жағдайды бақылауды жалғастыруда.

​​​Жедел ден қою жасақтары дайындыққа келтірілді, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Tags: ​​​Қырғыз РеспубликасыСейсмологиялық байқаутөтенше жағдай
Jasyn

Jasyn

Next Post
ЖАМБЫЛДА ЖЕР СІЛКІНІДІ

ЖАМБЫЛДА ТАҒЫ ДА ЖЕР СІЛКІНДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жаңа оқу жылында мектеп барысында қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады

Жаңа оқу жылында мектеп барысында қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады

3 года ago
Қазақстанда балалар лагері жетіспейді

Қазақстанда балалар лагері жетіспейді

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In