• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Жамбылда озат шопан мен жылқышыға 15 млн теңгеден берілді

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Жамбылда озат шопан мен жылқышыға 15 млн теңгеден берілді
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына орай Жамбыл облысында Қазақстан малшыларының республикалық слеті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республикалық малшылар слеті аясында Таразда «Ауыл шаруашылығы» скверінің, данқты шопан бейнеленген барельефтің ашылуы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Ж.Қуанышбаевқка арналған бірінші республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Т.Рысқұлов ауданында асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарлары мен ауыл шаруашылығы техникасының көрмесі өтті.

«Данқты шопан Жазылбек Қуанышбаев соғыстан кейінгі жаңа өмірдің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты. Ол алғашқылардың бірі болып қаракөл қойын өсіруді қолға алды. Биыл өңірде бірқатар іс-шара жоспарланған. «Жалпақ жұрттың Жаз атасы» кітабының тұсауы кесілді», — деді жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев. Көрмеге асыл тұқымды бұқалар, жылқылар, голштейн-фриз және швейцариялық сиырлар, сондай-ақ жаңа ауыл шаруашылығы техникалары ұсынылды. Басқосу барысында мал шаруашылығын, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кең ауқымды мәселелері, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру тетіктері талқыланды. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бүгінде облыста мал басы артуда, нақтырақ айтсақ: ірі қара саны – 10,7 пайызға, ұсақ мал – 3,7 пайызға, жылқы – 5,2 пайызға, түйе – 7,5 пайызға өскен. Қонақтарға арналып спорт және мәдени шаралар ұйымдастырылды. Көрме түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімімен түйінделді.

Сала ардагерлері Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» және «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. «Мұндай деңгейде малшылардың слеті алғаш рет өтіп отыр. Біз өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алдық. Еліміздің және облыс басшылығына көрсеткен қолдауы мен ықыласы үшін алғысымызды білдіреміз», — деді «Үздік шопан» номинациясын жеңіп алған Т.Рысқұлов ауданынан келген Сейтбек Дүйсенов.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шаруа қожалықтың озат шопаны мен жылқышысына 15 миллион теңге көлемінде сертификат табыс етті. Бұл қаржы олардың отбасы үшін тұрғын үй салуға жұмсалмақ. Сондай-ақ, аймақ басшысы «Жылы бұлақ Меркі» шаруа қожалығының шопанына «Lada Vesta» автокөлігінің кілтін табыстады.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Марк Цукерберг Facebook атауын өзгертті

Марк Цукерберг Facebook атауын өзгертті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тараздағы жылу желілері 63,8 пайызға, ал Шудағы 35 пайызға тозған

Тараздағы жылу желілері 63,8 пайызға, ал Шудағы 35 пайызға тозған

7 месяцев ago
Илон Маск күннен қуат алатын телефон ұсынды

Илон Маск күннен қуат алатын телефон ұсынды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In