Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай Қаратас ауылында болған. Жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртенген. Өрт алаңы 220 шаршы метрді құрап, салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы өлген. Өрт сөндірушілер өртті 50 минут ішінде жойған. Оқиға орнында жеті құтқарушы және екі техника жұмыс істеген. Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі – электр сымдарының қысқаша тұйықталуы.