• RU
Вторник, 20 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Жамбылда биыл 19 денсаулық сақтау нысаны салынады

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Жамбылда биыл 19 денсаулық сақтау нысаны салынады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбылда биыл 19 денсаулық сақтау нысаны салынады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жыл басынан бері Жамбыл облысында 3 248 дәрігердің жалақысы орта есеппен 30 пайызға артты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің алқа мәжілісінде баяндама жасаған аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев айтты.

Облыс әкімі өз сөзінде саладағы атқарылып жатқан жұмыстар, оң көрсеткіштер мен түйткілді мәселелерге  жан-жақты тоқталды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2022 жылдың 1 қаңтарынан облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарындағы 11 896 медициналық қызметкерлерінің, оның ішінде 3 248 дәрігердің жалақысы орта есеппен 30%-ға, 8 648 орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 16%-ға ұлғайды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы талай жылдан бері көтерілмеген тазалықшы, жүргізуші және өзге де қызметкерлердің еңбекақысы 19 пайызға көтерілді»,-деген аймақ басшысы жергілікті атқарушы органның негізгі міндеті ретінде денсаулық сақтау нысандарының техникалық базасын нығайту, дәрі-дәрмекпен қамту екендігін атап өтті.

Биыл облыстағы бес ауданға компьютерлік томограф алып берілмек. Сол арқылы барлық аудан КТ аппаратымен толығымен қамтылатын болады.

«Ағымдағы жылы денсаулық сақтау бойынша 19 нысан пайдалануға беріледі. Осылайша халық саны 50-ден асатын елді мекендердің барлығында медициналық мекемелер жұмыс істейтін болады. Облыста С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің филиалы ашылып, Тараздағы медколедж сенімгерлік басқаруға берілді. Нәтижесінде, саладағы маман тапшылығы 270-тен 169-ға дейін азайды. Меркі, Жамбыл аудандарында және облыс орталығындағы №5 қалалық емхана базасында үздік практика орталықтарының ашылуы да ерекше оқиға болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығы сарапшыларының белсенді қатысуымен ағымдағы жылдың соңына қарай осындай үздік практика орталықтары Талас, Қордай,  Т.Рысқұлов аудандарында және Шу қалалық емханасында ашылатын болады»,-деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін, пандемиямен күрес, вакцинациялау шаралары жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған иммунобиологиялық препараттарды өндіретін «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауыты, ондағы ғалымдар мен қызметкерлерге арналып жалпы 180 пәтерлі 3 үй және дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтергенін айтты.

Қазіргі таңда зауыттың екінші өндірістік цехының құрылысы жүруде.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және жедел медициналық көмектің медициналық қызметтеріне тарифтерді қайта қарау, жедел медициналық жәрдем қызметтерін орталық аудандық ауруханалардың теңгеріміне қайтару мүмкіндігін қарастыру секілді бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Өз кезегінде Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытының құрылысын өте қысқа мерзімде ойдағыдай салынғанын айрықша атап өтті.

«Зауыт құрылысы шын мәнінде оңай шаруа емес. 3 жылда салынатын нысанды бір жылға жетпейтін мерзімде аяқтау – жоғары ұйымдастырылған істің нәтижесі. Алғашында қаржы бөлінбей тұрғанда демеушілер тауып, жұмысты қарқынды түрде жүргіздіңіздер. Қызметкерлер үшін көппәтерлі тұрғын үйлер, спорт кешені де бой көтерді. Бір кездегі шағын ғана институт аумағы қазір үлкен ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Бұл тек сөзбен емес, өз жұмысын іспен көрсете алатын елжанды азаматтардың қолынан келетін шаруа»,-дей келе Е. Тоғжанов ризашылығын жеткізді.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Ресей әскері Украинаның Херсон қаласын толықтай бақылауына алды

Ресей әскері Украинаның Херсон қаласын толықтай бақылауына алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда 43 мың гектардан аса жер мемлекетке қайтарылды

Жамбылда 43 мың гектардан аса жер мемлекетке қайтарылды

10 месяцев ago
Қыркүйектің 1-нен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылатын болады

Қыркүйектің 1-нен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылатын болады

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In