• RU
Воскресенье, 11 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Медицина

Жамбылда аудандық ауруханалардың тозығы жеткен

Жамбыл облысындағы 10 аудандық аурухананың тозығы әбден жетіп, ауыл халқына сапалы медициналық көмекті тиісті деңгейде көрсете алмауда.

by Jasyn
12/02/2025
in Медицина, Топ
0
Жамбылда аудандық ауруханалардың тозығы жеткен
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәселен, облыс орталығынан шалғайда орналасқан Мойынқұм ауданының 110 төсек орынға арналған орталық ауруханасы 1954 жылы салынса, облыстағы ең жаңа 198 төсек орынға арналған аудандық орталық аурухана ғимараты Шу ауданында 2011 жылы қолданысқа берілген. Қазіргі уақытта заманға сай халықаралық медициналық стандарттардың өзгеруіне және өңірлердегі ауыл халқының артуын ескерсек, барлық аудандық  аурухана ғимараттары қайта жаңғыртуды қажет етеді.

Бүгінгі күнге, Жамбыл облысы әкімдігі тарапынан іске асыру құны 38,7 млрд. теңгені құрайтын 4 аудандық аурухана ғимаратын қайта құру және қосымша ғимарат салу үшін жобалар әзірленіп, жоғары тұрған бюджеттен қолдау таппауда. Атап айтқанда:

— Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы 115 төсек орынға арналған орталық аурухана ғимаратын қайта жаңғырту жобасына – 2 611,5 млн. теңге;

— Жамбыл облысы Жуалы ауданында 100 төсек орынға арналған орталық аурухана және 250 төсек орынға арналған емхана ғимаратын салу жобасына – 29 969,5 млн. теңге;

— Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданындағы 129 төсек орынға арналған орталық аурухана ғимаратын қайта жаңғырту және жапсарлас ғимарат салу жобасына – 3 561,5 млн. теңге;

— Жамбыл облысы Талас ауданындағы 140 төсек орынға арналған орталық аурухана ғимаратын қайта жаңғырту және жапсарлас ғимарат салу жобасына – 2 609,5 млн. теңге.

«Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымдарын дамытуды көздейтін шығындар қомақты қаражат талап етеді және республикалық бюджеттің қолдауынсыз қордаланған мәселені ширату жергілікті бюджетке ауыртпашылық түсіруде. Алайда, қолданыстағы заңнама аталған мәселелерге республикалық бюджеттен қажетті қаражатты бағыттауға өз кедергісін келтіруде» дейді Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров Премьер-Министр О. Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында.

Бүгінде Үкіметтің қаулысымен республика бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымы объектілерінің тозу дәрежесін 2023 жылғы 49,3% — дан 2030 жылға дейін 30 % — ға дейін төмендету межесі белгіленген.

Депутат М. Ескендіров бұл мәселені шешу үшін, өңірлердегі орталық аурухана ғимараттарын қайта жаңғырту, күрделі жөндеу және кеңейту жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында қаулылар мен бұйрықтарға тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізуді сұрайды.

Фото: Егемен Қазақстан

 

   
Tags: денсаулық сақтау саласыдепутат Мұқаш ЕскендіровЖамбыл облысытозған аудандық ауруханалар
Jasyn

Jasyn

Next Post
«Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы түсіріліп жатыр

«Менің атым Қожа» фильмінің жалғасы түсіріліп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ұлттық университет Т.Рысқұловтың атын неге алып тастады?

Ұлттық университет Т.Рысқұловтың атын неге алып тастады?

12 месяцев ago
Жақсылық жасаудан жарысқа түскен өңір

Жақсылық жасаудан жарысқа түскен өңір

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In