Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы Мейіржан Исабеков оның ішінде алимент төлеуден мүлдем жалтарып жүрген проблемалық алимент саны 225, қарыз сомасы 244 785 547 теңге екенін айтады.
— Бұл ретте, алимент төлеуден жалтарғандарға қылмыстық жауапкершілік көзделгеніне назар аударғым келеді. 2025 жылы алимент төлеу міндеттемесін орындамаған 3 адамға соттың айыптау үкімдері шықты. Бұдан бөлек, жалпы алимент санаттағы істер бойынша 207 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 89 борышкер қамаққа алынды, 118-не айыппұл салынды, — дейді Мейіржан Исабеков.
Борышкерлерді жұмыспен қамту мақсатында 28 жәрмеңке өткізіліп, 441 борышкер жұмыспен қамтылды.
Сондай-ақ, алимент бойынша борышкерлердің жалпы 30 989 606 теңге берешегін өтеу мақсатында 7 жылжымайтын мүлігі өндіріп алушыларға заттай (мүлік ретінде) берілді.
Фото: Massaget



