Нақтырақ айтсақ, 2024 жылғы шілдеде Пәкістан Ислам Республикасының азаматтары Қырғыз Республикасының аумағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын өткізу пункттерінен тыс әдейі заңсыз өткен.
Ресей Федерациясына жұмыс іздеп шығу мақсатында, сотталушылар Құлан ауылынан Астана қаласына және сол жерден Қостанай облысының аумағына көлікпен барып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен ұсталған.
Сотта прокурор сотталушыларға Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, әрқайсысына 1 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Барлық сотталушылар кінәні толық мойындады.
Сот қоғамдық қауіптіліктің сипаты мен дәрежесін, жасалған қылмыстарды ескере отырып, сот 9 сотталушыға Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге шығарып жібере отырып, әрқайсысына 6 айдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Фото: Қостанай облыстық соты