Осыған қарамастан, аймақ жолдарындағы жағдай күрделі болып қала береді. 6 ай ішінде 324 жүргізуші мас күйінде ұсталды, жылдамдық режимінен асып кету фактілерінің саны 4,5 мыңнан 8 мыңға дейін өсті, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзудың 8,5 мың дерегі анықталды.
Жолдардағы жағдайға алаңдаулы Жамбыл облысының полицейлері тұрғындар үшін жолдардың қауіпсіз болуы үшін барлық азаматтарды ЖКО-ның алдын алуға өз үлестерін қосуға шақырады.
Алғашқылардың бірі болып атақты спортшылар, облыстық мешіт имамдары, журналистер атсалысуда.
Паралимпиада ойындарының чемпионы, жүзуден ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Зульфия Ғабидуллина, ең танымал қазақстандық балуан, «Қазақстан Барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев, бокстан әлем чемпионатының-2023 күміс жүлдегері Дулат Бекбауов, облыстық hибатулла Тарази мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жүргізушілерге бейне үндеу жолдап, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
— Жүргізушінің бір асығыс қадамы қайғылы жағдайларға әкеледі, бала әкесінен, анасынан айырылады. Құрметті жерлестер, жолдарда абай болайық! Ұлы Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген. Бір қатенің көптеген адамдардың өмірін бұзуына жол бермейік, — деді Бейбіт Ыстыбаев көлік жүргізушілеріне.