Оның ішінде өрт оқиғасына 1, жану оқиғасына 6, авариялық-құтқару жұмыстарына 10 және жоғалған адамды іздестіру жұмыстарына 1 рет. Жуалы және Қордай аудандарында ауа-райының нашарлауына (боран, нөлдік көріну) байланысты автокөліктердің барлық түрлері үшін белгілі бір учаскелерде қозғалыс жабылды.
«112» қызметінің дауылды ескертулеріне қарамастан жолға шыққан 40 адам ТЖД күшімен Жуалы ауданының жолдарынан құтқарылды, оның ішінде 20-сы балалар және 37 адам қауіпсіз орынға көшірілді оның ішінде 3-уі бала. Қар құрсауында қалған 5 көлік қауіпсіз орынға шығарылды.
Жамбыл облысы ТЖД күштері мен құралдары күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Жуалы және Жамбыл ауданының аумағында 6 жылыту пункті дайындыққа келтірілді.
Фото: Жамбыл облысы ТЖД