• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ауыл шаруашылығы

Жамбыл облысындағы ауыл тұрғындарына 100 бас мал берілді

Жамбыл облысында алғашқылардың бірі болып Шу ауданының тұрғындары мал өсіруге тауарлық несие алды.

by Jasyn
03/02/2025
in Ауыл шаруашылығы, Әлеумет
0
Жамбыл облысындағы ауыл тұрғындарына 100 бас мал берілді
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына жаңа құрал – «тауарлық несиені» енгізу мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.

Жаңа бағдарламаның мақсаты — ауылдық елді мекендерде мал басын көбейту. Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлебек Құлекеевтің айтуынша, несие шарты бойынша ауыл тұрғындары мал басын одан әрі өсіру үшін тауарлық несие алады. Аз қамтылған отбасылар мен жұмыссыз азаматтарды қолдауға басымдық беріледі.

Тауарлық несиесі 5 жыл ішінде өтелуі керек, оның бірінші жылы – демалыс, одан кейін жыл сайын – төлдің 50 пайызы негізінде өтем төлеуге міндеттеледі.

Бағдарламада ауыл шаруашылығы жануарларын сақтандыру шарты және кепіл көзделген, бірақ бұл тармақтар міндетті емес, тек екі тараптың келісіміне сәйкес жүзеге асады.

Жергілікті кәсіпкерлер тауарлық несие беруге дайын екендіктерін білдірді (кемінде 30 бас ұсақ мал, 15 бас ірі қара, 10 бас жылқы).

Тауарлық несиелеу бағдарламасы аясындағы алғашқы келісім Шу ауданында жасалды.

«Атай» шаруа қожалығының иесі Сәкен Атаев Абай ауылының тұрғыны Қалисұлтан Тілепбергеновке 50 бас (құны — 3 млн. теңге), ауыл азаматы Бақытжан Ботаевқа 3 млн. теңгеге 50 бас қой тұқымын берді.

– Жаңа бағдарлама тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға жақсы мүмкіндік береді деп есептеймін. Ауылдастарымды қолдап, еліміздің дамуына үлес қосуға әзірмін. Алдағы уақытта асыл тұқымды малды да беру ойымда бар, — деді Сәкен Атаев.

Қалисұлтан Тілепбергенов тауарлық несиелеу тетігін тиімді пайдаланып, ауылдық ағайынға қолдау көрсетпек.

Жаңа бағдарлама аясында өңірдің барлық аудандарында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мойынқұм ауданында «Үркер» шаруа қожалығы 20 бас ірі қара мен 100 бас уақ мал беруге дайын. Қазір белсенді ауыл тұрғындарының тізімі жинақталуда.

Тауарлық несиелендіру бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 80-ге жуық келісімге қол қою жоспарлануда.

Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

 

Tags: Ауыл шаруашылығымал өсіруге тауарлық несиеТауарлық несиелендіру бағдарламасы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жас қыздардың екіқабат болып қалуы 1,5 есеге көбейген

Жас қыздардың екіқабат болып қалуы 1,5 есеге көбейген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Финалда бір-бірімен жекпе-жекке шығудан бас тартқан ақтаулық егіздер елді тәнті етті

Финалда бір-бірімен жекпе-жекке шығудан бас тартқан ақтаулық егіздер елді тәнті етті

4 года ago
Қазақстан су қоры бойынша 66-орында тұр

Қазақстан су қоры бойынша 66-орында тұр

4 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In