• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздіктен кейін 73 қылмыстық іс қозғалды

by Jasyn
06/03/2024
in құқық
0
Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздіктен кейін 73 қылмыстық іс қозғалды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Т. Оразымбетов ағымдағы жылғы 4-7 қаңтар аралығында Тараз қаласында бейбіт жиындар өткізу туралы заңнаманы бұзудың салдары әкімшілік ғимараттарды өртеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметкерлер мен бейбіт тұрғындарды өлтіру секілді жаппай тәртіпсіздікке ұласуына байланысты Жамбыл облысының құқық қорғау органдарымен бүгінгі күні 73 қылмыстық іс, оның ішінде Полиция департаментімен 64 қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.

Орын алған жаппай тәртіпсіздік оқиғаларының нәтижесінде алған жарақаттарынан 15 адам қаза болып, 280 адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жүгінген.

Күдікті ретінде 66 адам ұсталды, оның ішінде 8-і кәмелетке толмаған. Атап айтқанда, 61 адам сот қаулысымен қамауға алынды, 2 адам үй қамаққа алынды, қалған үшеуіне қатысты іс тергеу сотымен қаралу сатысында.

— Барлық тергеу әрекеттері қорғаушының қатысуымен өтеді және бейнекамераға түсіріледі. Дәлелдемелерді жинақтау қатаң түрде Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес және прокурордың қадағалауымен жүзеге асырылуда, — деп атап өтті Темірбек Оразымбетов.

Сондай-ақ, ол қылмыстық істерге қатысты азаматтарды ұстау, жеткізу немесе тергеу барысында құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері тарапынан адам құқықтарын бұзу мәселелері орын алған жағдайда арыз-шағымдармен Жамбыл облысының жауапты прокуроры Дархан Мұратұлы Сатыбалдиевке келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болатынын айтты: 8 771 889 00 99 ұялы телефонына, 8-7262-45-43-79, 8-7262-45-15-01 жұмыс нөміріне, сондай-ақ Жамбыл облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына – 8 701 072 70 00, 8 (7262) 45-43-39 нөмірлері бойынша.

— Азаматтарды жалған хабарламалар таратпауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамын. Жалған ақпаратты, соның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын естеріңізге салғым келеді, — деп тұрғындарға хабарлама жасады ПД бастығының орынбасары

Tags: Т. Оразымбетов
Jasyn

Jasyn

Next Post
Темекі бұйымдарын таңбалауда енді штрих кодтар қолданылады

Темекі бұйымдарын таңбалауда енді штрих кодтар қолданылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Алкоголь өнімін таңбалау тәртібі қалай өзгерді?

Алкоголь өнімін таңбалау тәртібі қалай өзгерді?

2 года ago
Жалған нөмірмен көлік басқарған тараздық 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Жалған нөмірмен көлік басқарған тараздық 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

10 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In