Бұл макеттерді орнатудағы негізгі мақсат — жол-көлік апаттарының алдын алу болып табылады. Жыл басынан бері Шу ауданының жолдарында 60 жол-көлік оқиғасы орын алған, онда 82 адам жарақат алып, 16 адам қаза тапты. Оның ішінде малдың қатысуымен 12 жол апаты тіркелген.
Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында жүргізушілер түнгі уақытта және қолайсыз ауа-райында көру үшін макеттерге шағылыстыратын элементтер жабыстырылды. Тірі мал сияқты жылқы макеті жылдамдық режимін сақтауға ықпал етіп, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Шу ауданы полиция бөлімі барлық жол қозғалысына қатысушылардан ережелерді қатаң сақтауды, тұрғындардан иелігіндегі малдарына жауапкершілікпен қарауды сұрайды. Сондай-ақ, малдың қатысуымен болатын ЖКО-да көлік жүргізушісі не мал егесі әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
Фото: Halyq Uni