• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Жамбыл облысында құрылысы ұзаққа созылған 51 нысан анықталды

by Jasyn
06/03/2024
in Без рубрики
0
Жамбыл облысында құрылысы ұзаққа созылған 51 нысан анықталды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысында құрылыс нормаларының 43 бұзылуы анықталып, 6,2 миллион теңгеге айыппұл салынып, жеті іс сотқа жолданған. Сондай-ақ, 51 «сақалды» құрылыс анықталып, 33 нысанның иелерімен жұмысты қайта бастау кестесі бекітіліпті.

Құрылыс саласындағы басты мәселелердің бірі – құрылыс сапасының дұрыс бақыланбауы десек, оны кейбір мердігерлер жұмыс құнын төмендете отырып, өз пайдаларын еселеуге тырысады. Мұндай мәселеге жол бермес үшін қандай шаралар қабылданғаны ләзім? Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте жан-жақты сараланды.

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың айтуынша, салынып жатқан нысандардың сапасына ең алдымен дұрыс әзірленбеген жобалық-сметалық құжаттама әсер етеді. Кейбір жобалаушылар құрылыс аумағына барып, мән-жаймен таныспастан, ескірген топографиялық деректерді пайдаланып жатады. Нақты іс жүзінде жергілікті геологияны саралауға көңіл де бөлмейді. Айталық, Жуалы және Байзақ аудандарындағы мектептердің құрылысы кезінде жер асты суларының көтерілгені соны көрсетеді.

Тапсырыс берушілерде жобаларды сапалы тексеруге қабілетті тәжірибелі мамандардың жетіспеушілігінің салдарынан құрылыс барысында түрлі олқылықтар болып, оларды шұғыл жоюға тура келеді. Ерлан Орынбаевтың айтуынша, жобалық-сметалық құжаттама «Сәулет бюросы» шеңберіндегі жұмыс тобымен келісілуі керек.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу конкурстарын уақытылы өткізу мәселесі де күн тәртібінен түспей келеді. Осы орайда, құрылысы жоспарланған 213 нысанның 12-сі бойынша әлі күнге конкурстары аяқталмаған. Құрылыс материалдарына келетін болсақ, көптеген жергілікті компаниялар маусым кезінде тапсырыс көлемін еңсере алмай жатады, бұл жағдайда құрылысшылар шетелдік жеткізушілерге жүгінуге мәжбүр болады. Сондай-ақ, басқарма басшысы бас мердігер жұмыстың толық көлемін қосалқы мердігерге беру мәселесіне назар аудартты.

Заң бойынша қосалқы мердігерге берілетін көрсеткіш жобаның 1/3 бөлігінен аспауы тиіс. Бұл ретте мұндай дүниелер жарнамалауға жатпайды және ішкі шарттармен ресімделетіндігіне ден қойылуы керек. Сонымен қатар, кейбір кәсіпорындар бірден бірнеше нысанды мойнына алып, жұмыс ауқымын уақытылы иегере алмай жататыны тағы бар. МСҚБ басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаевтың айтуынша, 16 тексеру қорытындысы бойынша құрылыс нормаларының 43 рет бұзылған анықталып, 6,2 миллион теңгеге айыппұл салынып, жеті іс сотқа жолданған. Сондай-ақ, 51 «сақалды» құрылыс анықталып, 33 нысанның иелерімен жұмысты қайта бастау кестесі бекітіліпті. Жыл басынан бері тиісті талаптарға сәйкес келмегендіктен 48 құрылыс-монтаждау және 15 жобалау жұмыстарын жүргізуге лицензия беруден бас тартылған.

«Тұрғындардың құрылыс сапасына, әсіресе тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарға қатысты шағымдары көп. Тіпті техникалық және авторлық қадағалау өкілдерінің жұмысы да көңіл көншітпейді. Осы уақытқа дейін мен олардың бұзушылықтары үшін жауап бергенін көрген емеспін. Жергілікті жерге байланысты типтік жобаларды кеңірек пайдалану қажет. Нысандарды жобалауға және жалпы алғанда жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бақылауды күшейту маңызды. Бізге құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың санын көбейту жолында белсенді жұмыс істегеніміз абзал. Сондай-ақ, коммерциялық тұрғын үй құрылысын дамытуға да көңіл бөлу керек», — деді Бердібек Сапарбаев.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Головкиннің P4P рейтингіндегі орны белгілі болды

Головкиннің P4P рейтингіндегі орны белгілі болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда бала бақшаның 10 тәрбиеленушісі ауруханаға түсті

Жамбылда бала бақшаның 10 тәрбиеленушісі ауруханаға түсті

2 месяца ago
10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды

10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды

4 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In