• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жамбыл облысында полицейлер қоғамдық орындарда қоқыс тастайтындарды анықтауда

Мемлекет басшысының бастамасымен "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында полиция қызметкерлері халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырды.

by Jasyn
10/07/2024
in Қоғам
0
Жамбыл облысында полицейлер қоғамдық орындарда қоқыс тастайтындарды анықтауда
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шағын аудандар мен жеке сектор тұрғындарымен тәртіп сақшылары 500-ден астам кездесу өткізді, 381 мектепте «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Аталмыш іс-шарада полиция қызметкерлері осындай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік пен әкімшілік жазалау шаралары туралы ескертті.

Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы жұмыстар бірнеше кезеңде жүргізілді: бұзушылықтың алдын алу және анықтау.

Полиция қызметкерлері жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 1000-нан астам азаматты, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын бүлдіргені үшін 4510 адамды жауапқа тартты. Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы көлемі 10 245 300 теңгені құрады.

— Айыппұлдар мен әкімшілік жазалар құқық бұзушыларға әсер етудің тиімді шараларының бірі екені сөзсіз. Десек те, өкінішке орай, жауапқа тарту шаралары  мәселені шеше алмайды. Экологиялық тәрбие мен мәдениетті ерте жастан қалыптастыру қажет. Адамдар айыппұлдан қорыққаннан емес, өз қаласын жақсы көргендіктен қоршаған ортаны қоқыспен ластамауы керек. Балалар мен жастар арасында экологиялық білім беру деңгейін арттыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізе отырып, болашақта экологиялық сауатты халыққа айналуымыз қажет, — деді Жамбыл облысының ПД бастығы Арманбек Баймурзин.

Бүгінгі таңда облыс аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің 40-қа жуық нүктесі анықталып, оларды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарға арнайы бөлінген орындарда ғана қалдықтарды шығаруды ескертеді. Сондай-ақ, темекі тұқылдарын автокөліктердің терезелерінен лақтыруға тыйым салынады, бұл бұзушылық үшін жүргізушілер Жедел басқару орталығының  бейнебақылау камераларының көмегімен жауапқа тартылатын болады.

Tags: "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясыАрманбек Баймурзин.Жамбыл облысы полицияқоғамдық орнын таза ұстау
Jasyn

Jasyn

Next Post
Таразда 1,7 миллион теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі анықталды

Таразда 1,7 миллион теңге айыппұлы бар көлік жүргізушісі анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Арест счетов за неуплату налогов и соцплатежей:  что важно знать?

Арест счетов за неуплату налогов и соцплатежей: что важно знать?

2 года ago
Такси жүргізушісі батыр Сағынай Шәріпов

Такси жүргізушісі батыр Сағынай Шәріпов

11 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In