Есірткі бизнесіне қарсы күрес форпосттарының бірі болып саналатын Жамбыл облысында есірткі қылмыстарын анықтау жұмыстары тоқтаусыз және жан- жақты жүргізілуде. 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстар жанданды.
2023 жылдың 12 айында есірткі қылмысының 576 дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан 5 тонна 818 келі есірткі алынды.
Өткен жылы жамбылдық есірткі қылмысына қарсы бөлініс қызметкерлері қылмыстық топтардың мүшелерін ұстау бойынша бірқатар ірі арнайы операциялар жүргізді.
Арнайы қызметтермен бірлесе отырып, Шымкент қаласы мен Алматы облысына «героинді» жеткізу арнасының жолы кесілді.
— ҰҚКД-мен бірлесіп, Байзақ ауданында есірткі зертханасы жойылды, жасырын бизнесті ұйымдастырған 5 адам ұсталды. Есірткі өндіру синтетикалық есірткі өндірісінің өнеркәсіптік ауқымына лайықты есептелген. Полицейлер 34 келіден астам синтетика және 4 тонна прекурсорлар тәркіледі. Арнайы іс-шаралар нәтижесінде есірткі тұтынушыларға жеткізілетін 6 миллионнан астам доза жойылды. Олардың қылмыстық әрекеттерінің ауқымы түсінікті болу үшін синтетикалық есірткінің аса ірі мөлшері бір грамнан басталатынын айта кеткен жөн, — деді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Бүгінгі таңда есірткі нарығының құрылымы синтетикаға қарай ауысты. Жыл басынан бері синтетикалық есірткіні сақтағаны және сатқаны үшін 20 адам ұсталды, заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткі құралы тәркіленді.
Облыс орталығында құрамы 4 адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды. Солардың бірі-Тelegram парақшасында бес мың жазылушысы бар оператор синтетикалық есірткіні тарату үшін адамдарды жалдап, Атырау және Алматы қалаларына синтетикалық есірткіні өткізу арнасын ұйымдастырған. Жедел қызметкерлер 608 грамм мефедрон есірткісін тәркіледі.
Жартыжылдық арнайы іс- шаралардың қорытындысы бойынша героин тобына жататын есірткілерді сатудың ірі арнасы жойылды. Бұрын осындай әрекеттері үшін сотты болған 63 жастағы зейнеткер әйел ұсталды.
«Травмодол» медициналық препаратының жиынтық кестесіне енгізілгеннен кейін түзеу мекемелеріне дәріханалық есірткі заттарын жеткізуге қатысты ақпаратты тексеру бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.
Осыған байланысты Байзақ ауданының тұрғыны ұсталды, оның үйін тінту барысында 3430 дана «травмадол», 90 дана «самнол» және 138 дана «тропикамед» табылып, тәркіленді, бұл препараттар қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде сатуға арналған.
Аймақта қарасора есірткісі өсетін атышулы Шу алқабы орналасқан. Жыл сайын «Қарасора-2023» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
Бұл жылы іс- шараға 120-дан астам қызметкер жұмылдырылды, ҚР Ұлттық Ұланының «Бүркіт» әскери қызметшілерінің күш- құралдары және ҚР Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды.
«Қарасора» іс- шарасының қорытындысы: Шу алқабынан 1 тонна 293 келіден астам есірткі тәркіленді, осыған қатысты басқа облыстарға оны тасымалдап әкету бойынша жабайы қарасораны шабу және дайындау кезінде 15 адам ұсталды. Сондай-ақ, қарасора өсірудің 20 дерегі анықталды, 1800 келіден астам қарасора тәркіленді.
Қарасора тажалын жеңу үшін жамбылдық полицейлер барлық қолда бар ресурстар мен мүмкіндіктерді пайдалануда. Жерді жырту, Шудың шөбін «шалғымен» шабу және өртеу арқылы 220 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды.
Биыл облыста прокуратура органымен бірлесіп, «Narko Shekteu Taraz»Telegram-боты іске қосылды. Ол арқылы тәулік бойы тұрғындар түрлі есірткі қылмыстары туралы хабарлай алады, ал осыған қатысты құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, шаралар қолдана алады.
Қазіргі уақытта 1579 өтініш- талап келіп түсті. 1383 интернет-сайт бұғатталды, 392 есірткі жарнамалаған граффити жазулар жойылды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жастармен алдын алу және сенімді қарым-қатынас орнату бағытында жұмыстар жасауда. 30 мыңнан астам оқушы мен студенттердің қатысуымен 900 профилактикалық іс-шара өткізілді.