• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Жамбыл облысында ірі көлемде синтетикалық есірткіні «Telegram» арқылы таратушылар ұсталды

by Jasyn
06/03/2024
in құқық
0
Жамбыл облысында ірі көлемде синтетикалық есірткіні «Telegram» арқылы таратушылар ұсталды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Есірткі сатушылардың әрекетін жою бойынша арнайы операция екі ай бойы жүргізілді.

Полицейлер синтетикалық есірткі заттарын сатуды, тыйым салынған заттарды жарнамалауды жүзеге асырған 4 адамды анықтады.

Олардың бірі 26 жастағы Тараз тұрғыны Алматыдан Таразға есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған. Ал 22 жастағы азамат Telegram арнасының әкімшісі болып табылады және есірткі саудасы желісіне (кепілгерлер, тасымалдаушылар және т.б.) персоналдарды жалдаумен айналысқан. Сонымен қатар, ол Атырау, Астана және Алматы қалаларына «синтетика» өткізу арнасын ұйымдастырған.

Қылмыстық әрекетке 19 жастағы (мәселелерді күшпен шешу) және 23 жастағы тұрғындардың да  (курьер) қатысы бар.

Оларды Тараз қаласындағы ҚР ҰҰ «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлініс және ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құрықтады.

Оқиға орнында Жамбыл облысының аумағында синтетикалық есірткілерді өткізу және таратуға қатысты  хабарлама жазбалар жазылған ұялы телефондар тәркіленді.

Сондай-ақ, сараптама нәтижелеріне сәйкес, жалпы салмағы 608,17 гр «мефедрон» болып табылатын есірткі заты тәркіленді. Тінту барысында жалпы салмағы 33,56 гр «мефедрон» 22 жастағы ұсталған азаматтан да табылды.

— Ұсталған азаматтар кінәсін  мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бұл бап бойынша мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады, — деп атап өтті  Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Tags: «мефедрон»синтетикалық есірткі
Jasyn

Jasyn

Next Post
Түркістандық оқушы «ақылды сөмке» жасап шығарды

Түркістандық оқушы «ақылды сөмке» жасап шығарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылда жерді мемлекетке қайтару ісі қалай жүруде?

Жамбылда жерді мемлекетке қайтару ісі қалай жүруде?

3 месяца ago
Жас ұрпақ тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті

Жас ұрпақ тәрбиесі – бүкіл қоғамның міндеті

12 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In