• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартып жатыр

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартып жатыр
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Рамазан айында Жамбыл ауданына қарасты Шәкен Ниязбеков, Шайқорық, Танты, Қапал ауылдары ішімдіктен түбегейлі бас тартып, үлгі көрсетуде. Аталмыш 4 елді мекендегі 22 дүкеннің иелері ішімдік сатуға берілген лицензияларын қайтарып берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауыл қариялары мен жалынды жастардың бастамасын тұрғындар аталған бастаманы жаппай қолдап, әр кәсіпкерлік нысанның есігін қағып, үгіт-насихат жұмыстарын жандандырды. Нәтижесінде, дүкен иелері тек осы айда ғана емес, ішімдікті мүлде сатылымға шығармайтыны туралы хабарлап, алкоголь өнімдерін сату жөніндегі лицензияларын облыстық кірістер басқармасына өткізді. Осылайша, Рамазан айы Жамбыл ауданында ерекше леппен бастау алды.

Жұртшылықтың қуанышына ортақтасуға келген аудан әкімі Сәкен Арубаев пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев кәсіпкерлік нысан иелерімен жолығып, бірлескен Алғыс хаттарын табыс етті. Осындай жақсылықтың бел ортасында жүрген жастармен жолыққан Сәкен Арубаев: «Бірлескен істе береке бар» деген мақал осы ауылдың тұрғындарына қарата айтылса керек. Қасиетті айдағы бұл игілік төбемізді көкке жеткізді. Дүкен иелері ішімдікті сатпай ғана қойған жоқ, олар зорлық-зомбылықтың алдын алып, түрлі құқықбұзушылықтарды жойды, – деді.

Мұндай жан жадыратар жаңалыққа Дамир Ташқараев басшылық ететін «Ар-Рашид руханият» қоғамдық бірлестігінің үлесі ұшан-теңіз екенін жергілікті жұртшылық жақсы білсе керек. Мұны аңғарған Равиль Қуанышбайұлы: «Жастардың мейірімділіке, қайырымдылыққа, жасылыққа бет бұруы ертеңімізді айқындап тұрғандай. Бүгінде «ішімдіксіз ауыл» атанған елді мекендердің бастамасын басқа ауылдар іліп алып кетті. Олардың қатарында Мойынқұм, Байзақ ауылдары бар. Қайырлы амалға атсалысқан барша азаматтарға шексіз ризашылығымды білдіремін», – деді Равиль Төлебаев.

Ауыл азаматтары еліміздің барлық елді-мекеніне осындай қайырлы амалды эстафета етіп жолдады

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
«Қызыл аймақта» 3 қала мен 5 облыс тұр

«Қызыл аймақта» 3 қала мен 5 облыс тұр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысында 34 заманауи спорт алаңшасы пайдалануға беріледі

Жамбыл облысында 34 заманауи спорт алаңшасы пайдалануға беріледі

11 месяцев ago
О слухах про обнуление президентского срока в 2026 году

О слухах про обнуление президентского срока в 2026 году

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In